Ғажайып орманға саяхат

Орынбаева Эльмира Тастанбекқызы

Ғажайып орманға саяхат!

Сабақтың тақырыбы: Ғажайып орманға саяхат.

Сабақтың мақсаты: : Балаларға қыс мезгілінің, ерекшеліктерін ажыратып айта білу,жабайы аңдар  туралы түсінік беру,аңдардың ерекшелігіне қарап ажырата білуге үйрету,олардың тіршілік ету ортасын таныстыру арқылы, ойлау қабілеттерін  және тілін  дамыту.

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, көрсету,жұмбақ шешу,сұрақ-жауап,әңгімелесу,қортындылау.

Білімділік:Балаларға қыс мезгілін және құбылыстарын үйрету.

Дамытушылық:Ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту,сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік:Әдептілікке,мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: орман көрінісі,жабайы аңдар, текше, сүлгі,сиқырлы тақта.

Сабақтың барысы:Амандасу.                                      

—  Кәне бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық.Қандай тамаша!Шеңберіміз неге ұқсап тұр?

Күнге

-Күн бізге жарық, жылу береді.Біз де бір-біріміздің  қолымызды қысып ,алақанымыз арқылы  бір-бірімізге жылу сыйлайық.                       

-Балалар алда келе жатқан жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілі.

-Қыс мезгілінің ерекшеліктерін есімізге түсірейікші.

Қар жауады,күн суық болады,қалың киімдер киеміз.

-Балалар сендер үй жануарларын білесіңдер ме?

Түйе,жылқы,сиыр,қой,ешкі.

-Ал жабайы жануарларын білесіңдер ме?Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым кеп тұр,сендер жұмбақты дұрыс шешсеңдер,сол аңның бейнесі мына сиқырлы тақтадан көре аламыз.Олай болса  дұрыс жауап беруге тырысыңдар.

Ендеше бәріміз тақтаға назар аударайық.

Жұмбақтар:

1.Ұзын құлақ, көзі қыли,

Қорыққан сайын секіреді ылғи.

(тақтадан қоян суреті көрінеді)

Қоян  сәбізді жақсы көреді,ол қорқақ аң,

 секіріп-секіріп жүреді .       (Қоян)

  1. Қыс бойы жатады,

Тәтті ұйқыға батады,

Балды жақсы көреді.           (Аю)

Аю балды жақсы көреді,қыста ұйықтайды.Ол қорбаңдап жүреді, «о-о-о»деп ақырады.Кәне барлығымыз қайталайық.

  1. Төрт түліктің қас жауы,

Жортауылдап жүреді,

Етті жақсы көреді.(Қасқыр)

-Қасқыр жыртқыш аң, тістері өткір,үй жануарларына шабуыл жасайды. Ол «ыр-ыр» деп ырылдайды. Кәне қайталап айтайық.

  1. Өзі бір қу,

Жүрген жері айқай шу.     (Түлкі)

Түлкі-айракер аң

Ең қорқақ аң- қоян.

Балды жақсы көретін аң-аю.

Қораға шабатын аң- қасқыр.

Ең айлакер аң-түлкі.

Балалар бұлардың барлығын жабайы жануарлар деп атаймыз,өйткені бұл аңдар орманда өмір сүреді  сондықтан жабайы аңдар деп атаймыз.

Балалар осы аңдарды жақыннан көргілерің келеді ме?

Ендеше бойымыз сергіп қалсын,  таза ауаға, орманға саяхат жасап,  аңдарды көріп қайтайық. Ол үшін біз сыртқы киімдерімізді киіп алайық.

Тәрбиеші: Табиғатты қолдай біл,

                   Аң құстарды қорғай біл.

                   Табиғатты сүйеміз,

                   Оны қорғап жүреміз

(Орман тіршілігінің дыбыстары, құстардың дабыстары)

-Балалар орманға да келіп жеттік,

қане бір-біріміздің қолдарымыздан ұстап жүрейік.

Балалар қараңдаршы, қысқы орман көрінісі қандай тамаша, қар жамылған ағаштар.Шырша балалар жазда да,қыс мезгілінде де жап-жасыл болып тұрады.

-Балалар қараңдаршы қар үстінде ізді,кәне осы ізбен жүріп көрейікші,бұл қандай аңның ізі болды екен?(Қасқырдың)

(Шырша түбінде қоян жасырынып отырады,өзі көңілсіз.)

-Ой балалар бұл қандай аң? Неге көңілсіз отыр екен сұрайықшы.

 Қоянмен амандасады.

-Сәлеметсізбе?

-Сәлеметсіңдер ме балалар мен ақ қоянмын.

Тәрбиеші: неге көңілсізсің қоян?

—Менің үйімді қасқыр бұзып кетті,күн суық,тоңып қалдым,маған көмектесіңдерші.

Тәрбиеші: балалар қоянға көмектесеміз бе?

Көмектесейік кәне іске сәт.

-Балалар қоян қандай аң?            Қоян қорқақ.

-Ол қалай жүреді ?                      Секіріп,секіріп.              

  -Қоян нені жақсы көреді?         Сәбізді.

Балалар рахмет сендерге,енді тоңбайтын болдым.Сау болыңдар.

-Балалар қәне әрі қарай жүрейік,қолдарыңнан ұстап жүріңдер бір-біріңлеріңнен,калып қоймаңдар.

-Ой мынау қандай аң?    

Қасқыр.

-Иә балалар қасқыр ғой.

-Сәлеметсің бе қасқыр?

-Сәлеметсіндер ме балалар?

-Балалар мен нені жегенді жақсы көремін? Иә балалар мен ет жегенді жақсы көремін,қорадағы үй жануарларын жесем деймін.

-Балалар сендерге тапсырмам бар,егер орындамасаңдар,бәріңді жеп қоям.

-Балалар менің шартым: мына жерлерде көптеген жаңғақтар шашылып жатыр, олардың түстері қызыл және көк,осы жаңғақтарды түстеріне қарай ажыратып екі шелекке жинап бересіңдер,шелектің түсі де екі түрлі қызыл және көк.Көк жаңғақты  көк түсті шелекке,қызыл жаңғақты  қызыл шелекке саламыз.

Балалар ойынды қызыға ойнайды

-Жарайсыңдар сендер ақылды  балалар екенсіңдер, түстерді ажырата білдіңдер  мен сендерді жемеймін,сау болыңдар.

Бәрекелді балалар ақылды, екендеріңді көрсетіп,жыртқыш аңнан құтылдық.

Балалар қәне әрі қарай жүрейік,қолдарыңнан ұстап жүріңдер калып қоймаңдар.

Балалар мынау апан,бұл аюдың апаны.

-Аю қыста не істейді?

Ұйықтайды.

-Аю нені жақсы көреді?

Балды.

Ендеше мынау бал салынған бөшкені аюдың апанының жанына қойып кетейік,оянған кезде алып сендерге рахмет айтатын болады.

Әрі қарай жүрейік балалар тоңып қалған жоқсыңдар ма?

Түлкі шығады.

-Балалар келе жатқан қандай аң?

Түлкі.

Түлкі қандай аң ?

Қу,айлакер.

Ендеше алданып қалмайық.

-Сәлеметсіңдер ме балалар, қандай әдемі балаларсыңдар.

-Сәлеметсіз бе түлкі иә менің балаларым әдемі,сүйкімді және ақылды,білімді балалар.

-Бәрекелді  балалар, орманда келе жатқанда қандай аңдарды кездестірдіңдер?

Қоян, қасқыр,аю ұйықтап жатыр,оған біз бал сыйлап кеттік.

Балалар осы аңдар туралы , дыбыстық жаттығу жасаймыз ба?

Ян-ян-ян секіреді ақ қоян,

Ю-ю-ю қорбаңдаған аю.

Ыр-ыр-ыр ол көкжал қасқыр,

Кі-кі-кі  бұл қу түлкі.

-Жарайсыңдар балалар тапқыр балалар екенсіңдер,рахмет сендерге қош сау болыңдар.

Балалар тоңып қалған шығарсыңдар, тобымызға қайтайық.

Балалар орманға  саяхатымыз ұнады ма?

Иә.

Енді сендермен бірге жаңа ғана өзіміз көріп қайтқан аңдардың бейнесін жасасақ деймін.Ол үшін балалар біз екі столға бөлініп отырамыз.Менің қолымда шырша және аяз ата суреттері бар,аяз атаның сүретін  алған балалар, аяз ата беліленген үстелге жайғасыңдар,шыршаны алған балалар шыршыаның  белгісі тұрған үстелге жайғасыңдар.,Бірінші столдағы балалар сүлгіден қоянның бейнесін жасаймыз.

Ол үшін бізге күнделікті сүртініп жүрген сүлгіміз қажет.Сүлгіні аламыз балалар бұл қандай пішінге ұқсайды(төртбұрышқа) ,және бір бүктеп үшбұрыш жасаймыз,енді сүлгіні бұрыш жағынан бастап ораймыз,дәл ортасынан бүктейміз міне былай енді қыздардың шашына тағатын резеңкені өткіземіз,міне денесі пайда болды, енді бір резеңкені өткізіп қоянның басын жасаймыз,міне құлағы да пайда болды.Көзін жапсырамыз.

Ал балалар екінші топқа текшелерді пайдаланамыз, бұл текшелерде аңның суретінің бөліктері бар ,бөліктерін тауып құрастырып  аңдардың бейнесін шығарамыз.

Балалар кәне жұмысымызға кірісеміз.

(балалар жұмыс жасап болса,орындарын ауыстырып жасамаған балалар жасайды.)

Балалар қызығушылықпен орындайды.

Балалар бүгін біздер күнімізді өте қызықты өткіздік,орманға саяхат жасап,жабайы аңдардың қалай өмір сүріп,немен қоректенетінін білдік,жүрістерін салдық,олар туралы тақпақ айттық және серуеннен келгесін сол көрген аңдарымыздың бейнесін құрастырдық.Бүгін бәріңде маған ұнадыңдар.

                                        Қол ұстасып бәріміз,

                                          Жарасады сәніміз.

                                     Көріскенше күн жақсы,

                                        Сау болыңыз бәріңіз!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *