Ит жеті қазынаның бірі

Қостанай облысы, Амангелді ауданы,  Әнуар Боранбаев атындағы                                                               жалпы білім беретін орта мектебінің

мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі: Магзумова Гүлден                            Cабитқызы

                                                                           

                                                                    

                       


Тақырыбы

Ит  жеті қазынаның бірі

Сабақтың мақсаты

Тақырыпты  зейін  қойып  түсініп , мазмұнын  түсіне  білуге  үйрету, мазмұны  боыйнша  қойылған  сұрақтарға  жауап  беруге  ынталарын  арттыру. Жеті қазынаның бірі

Көрнекіліктер

Үлестірмелі суреттер, плакат т.б

Іс-әрекет  кезендері

Тәрбиеші  әрекеті

       

 Психологиялық ахуалды қалыптастыру

 

 

 

Бүгінгі күнімізді бір – бірімізге  жақсы тілек айтудан бастайық.

Қуан, шаттан алақай!

Қуанатын күн бүгін!

Қайырлы күн!

Бәріміз күндей жарасайық!

Бәріміз дос болайық!

Балалардың   іс — әрекеті

Ұйымдастыру  іздестіру       

 Жаңа сабақ

 

 

 

 

жеті қазынаны атаңдаршы.

 

                                       ер жігіт                                            құмай тазы

Жеті қазына

Скругленный прямоугольник: Жеті қазына                        берен мылтық                                                

                                                                                                қыран бүркіт

                                   сұлу әйел                                                  

                                                                                           

CIMG9859[1]                                      жүйрік ат                                        білім-ілім

 

      -Бүгін біз жеті қазынаның бірі-құмай тазыға тоқталамыз.

     «Құмай тазы»- қазақтың ертеден келе жатқан аңшы иті. Ол өте жылдам әрі алғыр, 6 айынан бастап аңшылыққа үйретеді 8-9 айында аңға қосады. «Құмай тазы» аңшылыққа тез үйреніп кетеді, оның өзінің аңшылық қасиеті болады. «Құмай тазының» өзге иісі болмайды яғни жаман иісі.«Тазы» деген сөздің өзі «таза «деген мағынаны білдіреді. «Құмай тазы » ердің — абыройын асырар сенімді серігі.

2.Мәтінмен жұмыс.  «Жеті қазынаның бірі». 

Арыстан барлық аңдарды жинап, кімнің  күшті, ақылды, епті екенін білгісі келеді. Барлық аңдар өз пікірлерін айтып, ең күшті ақылды деп арыстанды айтады. Бірақ ит үндемейді. Оған арыстан сен неге үндемейсің депті, ит оған ең ақылды, қайыратты – адам депті. Арыстан оған ашуланады. Ит осылай аңдардан бөлініпті. Содан бері ит адамның досы, серігі, қорғаушысы болыпты.

 3. Сөздікпен  жұмыс: Аластату, құйрық (қол ) үзу.

 4.Сұрақ-жауап: -Арыстан мен  Ит неліктен араз болды?

-Иттің адамға достығын қалай түсіндіресің?

Қазына деген не?

1305355749%5F1-Адамдардың арасына келгенге дейін иттің өмірі қандай болғанын болжап әңгімеле?

 

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Сергіту сәті

«Мен білемін».

Мақсаты: сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын бекіту, байқығыштық пен зейінді дамыту.

Мазмұны: педагог допты қолдана отырып, келесі мәтінді айтады, бұл кезде допты еденге ырғақпен соғу.

– Мен ұлдардың бес атын білемін:

Арман – бір

Аділет – екі

Қуаныш – үш

Асхат – төрт

Нариман – бес

Әрі қарай келесі ойыншыға доп беріледі. Ол келесі бес затты атайды. Бұл кез-келген заттар болуы мүмкін (ойыншықтар, гүлдер, ағаштар, аңдар).

 Рефлексивті — түзетушілік 

Мақал – мәтелдер.

 Жақсы ит иесінің көз-құлағы.                   

Итті тепкен, ырысты тебеді.

Жеті атасын білмеген – жетесіз

 Жеті атасын білген ер,

Жеті жұрттың қамын жер.

Пысықтау.

Өзіңе ұнаған жеті қазынаның суретін сал.

Ойын: « Тақия тастамақ»

   Ойын шарты тақия тастау арқылы тез жеті қазынаны бір – бірлеп айтамыз кезекпен. Ойын осылай жалғаса береді.

Оқушылар ойын ойнайды Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады

Күтілетін   нәтиже:

Білу Тапсырма  мазмұнын  есте  сақтады

Өзіне үйренгені:    Жаңа білімді түсінеді

Үйрену :       Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *