«Білімдіге жол ашық»
Лабакова Сарагуль Онгаровна
Мақсаты: Балаларды сурет бойынша сөйлемдер құрап айтуға үйрету және тілін дамыту. Балаларды 3-ке дейін тура және кері санауға және суреттер арқылы ауызша есептер шешуге үйрету. Балаларда үлкен, кіші деген ұғымдардың қалыптастыру. Балаларды өз ойын еркін жеткізіп айтуға үйрету. Сурет бойынша ертегі құрап айтуға үйрету. Балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Мейірімділікке, мұқияттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Суреттер, слайд, ойынға арналған карточкалар.
Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне ұйымдастырады.
Балалар, алдымен сәлемдесіп алайық.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жарқырайды даламыз,
Тәрбиеші: Балалар, жыл мезгілдерін білеміз бе?
Балалар: Көктем, жаз, күз, қыс.
Тәрбиеші: Қазір қай мезгіл?
Балалар: Көктем мезгілі.
Тәрбиеші:Көктем мезгілінен кейін қай мезгіл келеді?
Балалар: Жаз.
Осы кезде залға қоян кіреді.
Қоян: Сәлеметсіздер ме?
Тәрбиеші: Амансың ба, ақ қоян?
Қоян: Бұл жерде не болып жатыр?
Тәрбиеші: Бұл жерде өте білімді балалар өздерінің алған білімдерін ортаға салып жатыр. Біз бұл жерде көңілді сабаққа өтуге жиналдық. Ал сен бұнда қандай шаруамен жүрсің?
Қоян: Мен өзімнің сүйікті көжегімді іздеп келдім. Менің қонжығымды қасқыр ұрлап кетті.
Тәрбиеші: Қасқыр ұрлап кеткені қалай?
Қоян: Мен азық жинап келу үшін орманға кеткенмін. Үйден шығар кезде мен көжегіме есікті ешкімге ашпа деп ескерттім. Ал менің көжегім менің тілімді алмай қасқырға есікті ашыпты.
Тәрбиеші: Сен мұңайма, ақ қоян. Біз саған көмектесеміз. Балалар, көжек дұрыс істеді мен? Анасын тыңдамағаны дұрыс болмады. Ал сіздер аналарыңыздың айтқанын тыңдайсыздар ма?
Балалар: Ия, әрине.
Тәрбиеші: Біз қазір көжекті табуға тырысайық.
Осы дан кейін слайдпен жұмыс жүргізеді.
Қоян: Бұл менің көжегім ғой.
Көжек: Анашым!
Қоян: Сен қайдасың?
Көжек: Қасқыр мені қамауда ұстап отыр. Қасқыр маған бірнеше тапсырмалар берді. Мен ол тапсырмаларды орындай алмай қиналып отырмын. Маған көмектесіңдерші балалар.
Тәрбиеші: Балалар, көжекке көмектесейік.
Қоян: Ия,ия балалар. Сіздер өте білімдісіздер ғой. Балабақшада көп нәрсені үйренгенсіздер. Менің көжегіме көмектесіңдерші.
Балалар: Ия көмектесеміз.
Қасқыр: Ал мен балаларға бірнеше тапсырмаларымды беремін. Тапсырманы орындасаңдар мен көжекті босатамын.
І-Тапсырма.
Тіл дамыту сабағынан.
1.Суретке қарап сөйлем құрау. (Қонжық не істеп жатыр?)
2.Суретте не бейнеленген? Суретке қарап тақпақ айт.
Қоян: Балалар, сіздерге көп рахмет. Тапсырманы жақсы орындап жатырсыңдар. Сіздер бәлкім шаршаған боларсыз? Барлығымыз орындарымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту жаттығуы
Алтын күн нұр төгеді
Бізге куаныш береді.
Қояндар да секіріп
Көңілді боп жүреді.
Оңға қарай иіліп
Солға қарай иіліп
Бір орында жүреді
Секіреді, күледі
ІІ-Тапсырма
Математика сабағынан
- 3-ке дейін тура және кері сана.
- Сатып алып бір сәбіз,
Қойды үйрек себетке.
Тағы сонша қосса оған,
Нешеу болмақ әдетте.
- Екі қыз бала сүт алуға келе жатып, жолдан қолында сүті бар қызды кездестіріпті. Барлығы неше қыз сүт алуға барған?
- Саңырауқұлақтарды ретімен орналастыр.
Қоян:Балалар біз көңілді ойын ойнайық.
Қоян балаларға «Жұбын тап» деген ойын ойнатады.
ІІІ-Тапсырма
Суретке қарап ертегі құрастыр.
Е. Өтетілеуовтің «Қос қорқақ» өлеңін мәнерлеп оқып беру, слайд арқылы мазмұнын көрсету.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Қасқырдың тапсырмаларын өте жақсы орындап қоянға көмектестіңдер.
Қоян көжегімен балаларға алғысын айтып, қоштасып шығып кетеді.
Тәрбиеші ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылайды.