Ертегілер еліндегі ғажайып математика
Хасенова Айгуль
Мақсаты: Математикалық мазмұндағы дидактикалық ойындар арқылы білімдерін тексеру. Математикалық амалдарды орындау арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.Геометриялық пішіндер ,.Сонымен қатар балалардың ой-өрісін,сөздік қорын,тіл байлықтарын тексере отырып,білімдерін тиянақтау.Топпен жұмыс істеуге,ұқыптылыққа,әдептілікке тәрбиелеу.
Заттық дамыту ортасы:Слайд,,тақырыпқа сай суреттер, дидактикалық материалдар.
Шаттық шеңбері.
Амандасу үлкенге, Тәрбиенің ісі ғой Ал, кәнекей, бәріміз Сәлеметсізбе, Здравствуйте, Гуд монинг. Қайырлы күн, қонақтар. Қайырлы таң, балалар Балалар орындарына отырады.
Балалар,математика әлемінде болып жатқан қызықтарды бірге тамашалауға дайынсыңдар ма?(Иә).
Олай болса мен сұрақтар қоямын
Тәрбиеші: Жылдың қай мезгілі? Балалар: Қыс мезгілі Тәрбиеші: Қыс айларын ата? Балалар: Желтоксан, каңтар, ақпан Тәрбиеші: Қазір қандай ай? Балалар: Ақпан .Ақпаның 28.
апта күндерін атап,1-10 дейін орыс,ағылшын тілінде санап берулерін сұрайды.
Балалар сұрақтарға толық жауап береді
Ойын: «Не артық».
1.Қыс,жаз,таңертең,көктем,күз.
2.1,2,3,4,түс,5,6,8.
3.Аю,қасқыр,мысық,қоян,түлкі.
4.Көйлек,белдемше,жеті,жейде.
5.Үшбұрыш,төртбұрыш,бес,шеңбер.
Тосын сәт. Бауырсақтың келуі.
Бауырсақ:
Мен,бауырсақ,бауырсақ,
Қаптың түбін қағып ап.
Апам екі уыс ұн жинап,
Қаймақ қосып шылап,
Ыстық майға қуырып,
Терезеге қойып суытқан.
Мен атамнан қаштым,
Апамнан да қаштым.
Лә-лә-лә.
-Осы сәтте қоян кездеседі.Ол бауырсақты жемек болады. Бауырсақ мені жемеші деп- жалынады.коян тапсырмасын орындаса оны жемейтінің айтады.
Тапсырма:«Логикалық сурет» .
1.Үстел үстінде бес альбом жатыр,оның екеуінің беті жабық тұр.Неше альбомның беті ашық тұр (3).
2.Анам бес алма және төрт алмұрт әкелді.Қайсысы көп? (Алма).
3.Сөреде төрт кітап тұрды,оған тағы бірнеше кітап қостық.Сонда барлығы жеті кітап болды.Сөредегі кітапқа неше кітап қосылды?(3).
Қоян:Жарайсың бауырсақ,тапсырманы орындыдың.Мен сені жіберемін.
-Балалар, бауырсақ қоянның тапсырмасын сендер мен орындады.Сонымен бауырсақ келе жатса алдынан қасқыр шығады.Ол да бауырсақты жемек болады.Егер қасқыр өзінің тапсырмасын орындаса,оны жемейтінін айтады. Балалар,кәне,бауырсаққа қасқырдың тапсырмасын орындауға көмектесейік.
Тапсырма: «Адасқан сандардың үйлерін табу». «Лабиринт» әдісі.
Сергіту сәті.
Бойды сергек тік ұста Емін — еркін тыныста Оң қолыңды соз алға Қол ұшына карада Үшбұрыш сыз ауада Сол кол босқа тұрмасын Шеңбер жасап тынбасын
-Бауырсақ орманда келе жатып аюға кездеседі.Өзін жемеуді өтінген бауырсаққа аюда тапсырмасын береді.
Дидактикалық ойын: «Сұрақ-жауап» Мақсаты: Балалардың санды есту және оны цифрмен көрсету дағдысын қалыптастыру. Көрнекіліктер: Әр баланың алдында 1-ден 10-ға дейін цифрлар. 1. кемпірқосақта неше түс бар? (7)
2. бағдаршамда неше көз бар? (3) 3. қолғапта неше саусақ бар? (5)
4. адамда қанша көз бар? (2) 5. жұлдыздың неше бұрышы бар? (5) 6. аспанда неше күн бар? (1) 7. бір жылда неше ай бар? (12) 8. бір аптада неше күн бар? (7) 9. адамда қанша саусақ бар? (10)
Аю:Менің қолымдағы заттар қалай аталады? (Геометриялық пішіндер)
Аю:Мынау қандай пішін? (Үшбұрыш).
Аю:Алдарындағы пішіндердің ішінен үшбұрышты көрсетіңдерші.Менің қолымдағы үшбұрыштың көлемі қандай? (Үлкен).
Аю:Ал сендердің қолдарыңдағы пішіннің көлемі қандай? (Кіші).
-Балалар, бауырсаққа орманда келесі кездесетін қандай кейіпкер?(Түлкі).
Түлкі:Әй, бауырсақ,неге әңдетіп кеттің?Дауысың қатты шығып кетті ғой. Бауырсақ мен сені жеймін!
Бауырсақ:Түлкіжан,мені жей көрмеші,не тапсырмаң болса да,орындауға дайынмын.
Түлкі:Менің қолымдағы 2 конвертте тапсырмаларым бар.Біреуі үлкен, екіншісі кішкентай.Осындағы тапсырмаларды орындауға көмектессең мен сені жіберемін.
( Бауырсақ балалардан көмек сұрайды).
1-ші тапсырма: «Жұмбақ есептер құрастырып,жауабын шеш».
Шарты:Есепті тәрбиеші балаларға оқиды,балалар тыңдап,ойша есептеп жауабын айтады.
2-ші тапсырма: «Адасқан цифрлар».
Шарты:Тәрбиеші цифрларды жазылған карточкаларды тақтаға іледі.Балалар қалып қалған санда атап,рет-реті мен қояды.
Түлкі:Жарайсыңдар,менің тапсырмамды жақсы орыңдадыңдар.Бауырсаққа мен ризамын.Бауырсақ,жолыңнан қалма,бара ғой!
Бауырсақ:Балалар,сендерге көпкөп рахмет,ормандағы аңдардың тапсырмаларын орындауға көмектестіңдер.Математика есептерін жақсы біледі екенсіңдер.Жарайсыңдар,ризамын,рахмет.Енді әжем мен атама қайтайын.
Бір аптада неше күн бар? Жауабы:. Дүйсенбі
Сейсенбі Сэрсенбі Бейсенбі Жүма Сенбі Жексенбі.
Осымен бүгінгі «Ертегілер еліндегі ғажайып математика» атты ұйымдасқан оку іс — эрекетіміз сәтті аякталды. Ойткенібарлығың жақсы көніл күйменен бар ынталарымен қатыстындар.Сендерге көп рахмет.
Қол үстасып тұрайык Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы, Сау болыныздар,Досвидание,Гуд бай.