Ертегілер еліне саяхат (конус театры)
Құрманбаева Жанар
Мақсаты: ертегінің мазмұны бойынша өз түсінігін театр барысында
іс-əрекеттер арқылы бере білу; балалардың бойында адамның көңіл күйін, бет-пішінін, қимыл-қозғалыстарын дауыс ырғағына қарай тани білу, кейіпкердің бейнесін бере білу қабілеттерін дамыту; достық, адалдық, батылдық, жанашырлық қасиеттерін тəрбиелеу.
Алдын ала жұмыс:«Қу түлкі» ертегісін оқып беру, сахна алаңдарын безендіру, ойын-жаттығуларын қарастыру, қуыршақтарды дайындау.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақ Айару, сиқырлы дорба, конус театры, əліппе-дəптер.
Сөздік жұмыс: тым-тырағай қашады, індеріне тығылады.
Билингвальді компонент: ертегі– сказка, жолбарыс– тигр.
Мотивациялық-қозғаушылық:
Балалар, бүгін Айару бізді ертегі əлеміне серуенге шақырды. Ертегі əлеміне бармас бұрын, ондағы кейіпкерлер туралы есімізгетүсірейікші. Олардың өздеріне тəн мінез-құлықтары болады: ашулы, қатал, мейірімді, адал, қайырымды. — Қандай кейіпкерді ашулы деп елестетесің?
— Мейірімді кейіпкерлер қайсысы?
Балалар өздері тыңдаған ертегілерді естеріне түсіреді, ондағы кейіпкерлер туралы əңгімелейді. Жалмауызкемпірді, қасқырды, арыстан, жолбарысты ашулы, қатал деп танып, ал қоян, мысық, əтеш, итті адал, мейірімді кейіпкерлер ретінде қабылдайтындарын айтады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік:
Əліппе-дəптермен жұмыс:
1-тапсырма. Ертегілерді есіңе түсір.
Кейіпкерлердің мінез-құлқын ажырат: қатал, ашулы, мейірімді, адал. Мейірімді кейіпкерді жасыл қарындашпен, ашулы кейіпкерді қызылмен белгіле.
Тапсырманы орындайды.
Тәрбиеші қолына«сиқырлы таяқшаны» алып, əр баланы түрлі ертегі кейіпкеріне айналдырады.
Тәрбиеші:Ертегідегі мейірімді кейіпкерлер сияқты бір-бірімізге жақсылық жасап, жақсы сөздер айтайық.
Балалар: Бір-біріне ертегі кейіпкерлері атынан тілек айтады: «Мен Бауырсақпын, сендердің бір-біріңе ыстық ықылас танытып, құрметтеп жүрулеріңе тілектеспін». «Мен Қар ханшайымымын, сендерге қайырымды, сыпайы болуды тілеймін…» «Мен жеті қазынаның бірі итпін, сендерге татулық тілеймін».
Тәрбиеші:- Рақмет, ал енді ертегілер еліне бару үшін ертегідегі бақыт құсына айналып, қанатымызды жайып, ұшып көрейік.Өз қимылдарыңды музыкамен үйлестіруге тырысыңдар.
Балалар қолдарын жайып, ертегідегі бақыт құсындай ұшып көрсетеді. Музыка ырғағына беріліп, əртүрлі қимылдар жасайды.
Тәрбиеші:- Міне, біз ертегілер еліне келдік. Тоғай ішіндегі алаңға қараңдаршы, қандай əдемі көрініс. Аралар гүлдерден бал жинап жүр. Аралардың дауысын тыңдап көріңдерші, қалай дыбыс шығарады?
Балалар: Ара сияқты қатты жəне ақырын дыбыстайды: ж-ж-ж-ж
Тәрбиеші:- Маса қандай көп, олардың дауысы алыстан шығатын сияқты. Жақын ұшқан сайын қатты ызыңдайды. Маса қалай ызыңдайды, қайталап көрсет.
Балалар: Маса сияқты қатты жəне ақырын дыбыстайды: з-з-з-з.
Тәрбиеші:- Мұнда жыландар да бар екен, олар жерде жорғалап барады. Дауыстары қалай қатты естіледі? Сендер жылан сияқты дыбыс шығара аласыңдар ма?
Балалар: Жыланды елестете отырып, оның дыбысын салып көреді. с-с-с-с
Тәрбиеші: Балалар, біз шаршап қалғандаймыз, отырып, таза ауамен дем алайық.
Тыныс алу жаттығулары: «Гүлдерді иіскейік».
Тәрбиеші:Балалар, біз өзімізді гүл бағында жүрміз деп елестетейік. Гүлдер əдемі жəне хош иісті болады. Кəне, гүлдерді иіскеп көрейікші. Тамаша! Жаттығу 2-3 рет қайталанады.
Тәрбиеші балалардың назарын экранға аударады.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, қоян бізді көріп, қорқып тұрған сияқты. Оның қорыққан күйін ым-ишара арқылы көрсетіңдерші.
Балалар қоянның қорыққан күйін ым-ишара арқылы келтіреді.
Тәрбиеші: Қоянға дос екенімізді білдіріп, оны мақтап тақпақ айтып берейік. Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.
Балалар тақпақты қимыл-əрекет жасап айтады.
Тәрбиеші: Келесі суретті қараңдаршы, нені көріп тұрсыңдар?
Балалар: Түлкінің суретін көріп тұрмыз.
Тәрбиеші: Иə, түлкі бізді көріп, таңғалып тұр. Түлкінің таңғалған күйін көрсетіңдерші.
Балалар түлкінің таңғалған күйін ым-ишара арқылы көрсетеді.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, сендер тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар.
Тәрбиеші: Енді Айарудың сиқырлы дорбасын ашып көрейік.
Дорбаның ішінен«Қу түлкі» ертегісінің кейіпкерлері шығады. Ертегіні конус
театры арқылы тамашалауды ұсынады.
Тәрбиеші: Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?
Тәрбиеші: Ертегі не туралы?
Балалар: Ертегіде түлкінің қулығы туралы айтылады.
Тәрбиеші: Түлкі жолбарысты қалай алдады?
Балалар: Түлкі өзінің айласымен жолбарыстан құтылып кетті.
Сөздік жұмыс: тым-тырағай қашады, індеріне тығылады.
Билингвальді компонент: ертегі– сказка,жолбарыс– тигр.
Əліппе-дəптермен жұмыс: 2-тапсырма. Тіл ұстарту жаттығуларын түрлі екпінде анық жəне дұрыс айт (сыбырлап жəне қатты).
Ыс-ыс-ыс,
Тарғыл жолбарыс.
Кі-кі-кі,
Айлакер қу түлкі.
Тіл ұстарту жаттығуларын орындайды, дыбыстарды дұрыс айтуға тырысады.
Балаларға ертегі кезеңдерін конус театры арқылы көрсетуді ұсынады.
Балалар сандықшаның ішінен текшелер таңдап алады. Текшедегі кейіпкерлердің суреттеріне қарап, рөлдерге бөлінеді.
Рефлексиялық-түзетушілік.
Тәрбиеші қорытынды жасайды. Балаларды мадақтау. Бүгінгі сабақта оларға не ұнағанын, не қызықты болғанын айтуды ұсынады.
Тәрбиешіні тыңдайды. Əсерлерімен бөліседі. Өзінің жəне жолдастарының жетістіктеріне қуанады.
Күтілетін нəтижелер:
жасайды: кейіпкерлердің мінез-құлқын ым-ишара, қимыл-əрекет арқылы;
түсінеді: дене қимылдары арқылы өзінің эмоциялық күйін жеткізуді; қолданады: түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дəрежесін қолданады.