Бала тәрбиесі
Тіл үйрету мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жұмыстарының негізі болуға тиіс. Өйткені баланың сөздік қорының нығаюы оның танымдық қабілетін арттырып, ой-өрісін кеңейтеді. Бала сөйлеуді үйрене келе,айналадағы дүниені танып,біледі.Көрген-білгенін басқаларға сөз арқылы жеткізіп, тілдеседі.Осының өзі оның білім-дағдысының молайып,күнделікті өмірден алған әсерінің нығая түсуіне себеп болады.Тіл-баланың жеке тұлға ретінде қалыптасу барысында,ой-өрісін,ақыл-парасатын,адамгершілігін,эстетикалық сезімін жетілдіру міндеттерін жүзеге асырудың ең басты құралы.Бала тілін дамытып, қалыптастыруда ұлтымыздың ауыз әдебиетінің тигізер ықпалы зор.Халқымыздың ертегілері,аңыз-әңгімелері, мақал-мәтелдері,жұмбақ-жаңылтпаштары әдеби көркем тілмен беріледі.Халық шығармаларының мән-мағынасын түсіндіріп,баланың тіл әлеміне деген қызығушылығын арттыру қажет.Сондықтан балаларды жастайынан ауыз әдебиетіндегі ертегі-аңыздарды т.б шығармаларды оқуға дағдыландырып,қызығушылығын ояту арқылы , өзгеге оқыған ертегісінің мазмұнын айтуды,баланы дұрыс сөйлеуге, тілі келмейтін дыбыстар мен сөздерді анық айтуға жаттықтыру-тіл мамандарының және ата-ананың міндеті.
Тіл-халықтың ажары,базары,бағы. Жас ұрпақтың көзін ашып,есін білгеннен бастап өзіміздің мемлекеттік тілге бет бұрғызып,халқымыздың рухында тәрбиелеу-заман талабы.
Белгісіз автор