4 саны мен цифры. Үлкен – кішкентай

Мақсаты:4 цифрымен таныстыру; заттардың шамасы бөлімі бойынша алғашқы ұғымдарын қалыптастыру; зейіндерін дамыту.

Міндеттері:

  • математикалық жұмбақтарды көрген мәліметтерге сүйене отырып шешу;
  • 4 цифрын 4 санының таңбасы ретінде таныстыру;
  • нүкте бойымен 4 цифрын бастырып салуды үйрену;
  • өзге цифрлардың арасынан 4 санын табу;
  • «үлкен», «кіші», «кішкентай» сөздерін пайдалана отырып, заттарды көлеміне қарай сәйкестендіруді үйрету;
  • көру арқылы есте сақтау қабілетінің дамуына ықпал ету;
  • тапсырманы тиянақты орындауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

біледі:4 цифрын; «үлкен», «кіші», «кішкентай» сөздерін;

түсінеді: 4 цифрын өзге сандардың арасынан табуды, жұмбақтың жауабын табуды;

қолданады: 4 цифры туралы түсінікті.

Қажетті көрнекі құралдар:демонстрациялық материал (№7 кесте ),үлкен, кішкентай заттардың салыстыруға арналған суреттері, цифрлар карточкасы, № 1 жұмыс дәптері.

Билингвальді компонент: төрт – четыре, үлкен – большой.

ҰОҚ-нің барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

 

Педагог балаларға жұмбақ жасырады:

Әйгерім өз себетіне,

Үш саңырауқұлақ салды.

Қарап жүрмей тағы да,

Тал қасынан біреуін алды.

Жоғалтпайық уақытты,

Бізге тек санау ғана қалды.

  1. Негізгі кезең.

 

1-тапсырма.

Педагог суретте неше саңырауқұлақ болса, жолақ ішіне сонша дөңгелек салуды тапсырады. Содан соң сұрақ қояды:

– Неше дөңгелек салдыңдар?

– Неліктен?

2-тапсырма.

Педагог өлең оқып береді:

Білек күші тасыған,

Төрт күрескер ағаң.

Қолын қойып беліне,

Шаршамайды ешқашан.

Педагог балаларға 4 цифрының сандар қатарындағы орнын анықтап, сол сан нешені білдірсе, сонша моншақ бояуды тапсырады.

3-тапсырма.

Содан соң өзге цифрлардың арасындағы төрт цифрларын тауып, оларды қоршап шығуды тапсырады.

Сергіту сәті: «Санамақ»

Бір, екі, үш, төрт,

Жиналамыз бәріміз.

Бір, екі, үш, төрт,

Секіреміз бәріміз.

Бір, екі, үш, төрт,

Отырамыз бәріміз.

Үлестірмелі материалмен жұмыс.

Педагог балаларға мынадай тапсырма береді: барлық үлкен шаршыларды іріктеп алып төменгі жолаққа, ал кішкентайларын жоғарғы жолаққа қойып шығуларың керек. Бірақ олардың саны тең екендігі көрініп тұратындай болсын.

Педагог 2-3 баладан шаршылардың көлемі қандай және әр жолақта неше шаршы бар екенін сұрайды.

4-тапсырма.

Балалар 1-қатарда неше киіз үй тұрғанын санайды, содан соң олардың көлеміне назар аударады. Осылайша 3-қатардағы суретке де талдау жасайды. Балалар суреттің орналасу заңдылығын анықтағаннан кейін, педагог екінші қатардағы балықтарды қалай салу керектігін сұрайды.

Демонстрациялық материалдың №7 кестесі бойынша тақырыпты бекіту және қайталау.

5-тапсырма.

Педагог балаларға жұмбақ жасырады:

Мені қардан жасапты,

Ойланып көр.

Қолым – таяқ,

Мұрным – сәбіз,

Көзім – көмір.

Педагог балаларға бір қарағанда бір-бірінен аумайтын, бірақ айырмашылықтары бар аққалаларды көрсетеді. Содан соң қанша айырмашылық тапса, сонша шеңберді бояуға тапсырма береді.

Егер тапсырма дұрыс орындалған болса, төрт дөңгелек боялуы шарт.

  1. Рефлексия.

 

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

– Сәуленің себетінде неше саңырауқұлақ бар екен?

– Сендер қандай цифрмен таныстыңдар?

Педагог балаларды мадақтайды.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.