«Көліктер»

Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақбақты ауылы

«Арман» балалар бақшасы

Надирова Айгерім Нұркеновна

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Оқу қызметі: Жапсыру.

Тақырыбы: «Көліктер»

Мақсаты:

Білімділік: Балалардың көлік туралы түсініктерін бекіту, тиянақтау.

Дамытушылық: Балалардың қызығушылықтарын дамыту.

Тәрбиелік: Жол ережелерін сақтауға  тәрбиелеу.

Көрнекілігі: көлік түрлерінің суреттері, ойыншық машина түрлері, бағдаршам, слайд.

Сөздік жұмыс: машина, ұшақ, пойыз, қайық.

Оқу қызметінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс -әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Жылулық шеңбері

-Балалар, бізге көптеген қонақтар келіп отыр.  Қане , бәріміз амандасайық!

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз.

 

 

Балалар шеңберге тұрып қайталайды.

Ұйымдастырушылық- ізденістік — Балалар, қазір сендермен

«көлік» деген сөздің  төңірегінде әңгіме жүргіземіз, сұрақтарға жауап  беріп, жұмбақтар шешеміз.

— Көлік дегеніміз не?

— Ол адамға неге қажет?

— Сендер балабақшаға қандай көлік түрлерімен  келесіңдер?

— Ал енді, мен жұмбақ жасырамын.

   Жұмбақтар

1.  Тізбектелген көп үйлер,
Көшіп жүрген көк үйлер.

2.  Құс сияқты құс емес,
Жүрсе де тым биікте.
Қақпайды бір қанатын
Жүрсе де тым биікте

3.  Қос күрекпен еседі,
Су көлігі деседі.

4. Жүргізуші  жүргізеді,
Төрт аяқты батырды.

— Балалар, мына суреттерге қараңдаршы.  Көліктердің қандай түрлері болады?

Әңгіме: «Көліктер».

Адамдар көліктерді алыс жерлерге қатынас  жасау үшін пайдаланады. Көліктердің төрт  түрлері бар. Олар:

1. Әуеде ұшатын көліктер:
2. Суда жүзетін көліктер:
3. Жерде жүретін көліктер:
4. Темір жол көліктер:

Ал енді, балалар, осы көліктерді танысайық.

Ерте, ерте, ертеде адамдар алыс жерлерге  жануарлар арқылы және жануарларға жегілген  екі дөңгелекті арбамен қатынаған. Кейінірек адамдар машина, автобус сияқты жерде жүретін көліктерді, содан кейін темір жол көліктері: пойыз, трамвайды ойлап апқан.

— Балалар, сендер құс сияқты ұшқыларың келе ме?  Міне, адамдар түрлі жолдарын ойластырған, ең алдымен әуе шары пайда болды да, кейін моторы бар ұшақтар мен тік ұшақтарды ойлап тапты.

— Балалар, сендер суда жүзіп көрдіңдер  ме?

— Ал қайықпен ше?

— Адамдар ертеде үлкен өзендерден бөренелер  арқылы жүзіп өткен. Қайықтарды, кемелерді уақыт өте ойластырып тапқан.

-Ал енді, балалар, сергіту сәтін жасап бір сергіп  алайық.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,
Қанатымызды жаямыз,
Ұшақ болып ұшамыз.
Суда жүйткіп жүземіз.
Кемелерді түземіз,
Жол тәртібін сақтап,

Троллейбусқа мінеміз

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар жауаптары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

— Пойыз

— Ұшақ
— Қайық
— Машина

 

 

 

 

 

 

 

— Балалар суреттерге  қарап көліктердің  түрлерін айтады.

 Ұшақ, тікұшақ, зымыран

— Кеме, қайық,

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қимылдарын көрсетіп жасаймыз

Рефлексиялық- түзетушілік -Көліктің қандай түрлері болады?

-Адамға көлік не үшін қажет?

-Не құрастырдыңдар, балалар?

Жарайсыңдар, балалар!

Осымен бүгінгі  іс- әрекетіміз аяқталды.  Балаларды мақтау-мадақтау.

Балалардың  жауабы.

-Су, жер, темір  жол,әуе  көліктері.

-Алыс жерлерге  бару

үшін  керек.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білді: Көлік түрлерін ажыратып, қызметін біледі.

Нені игерді: Барлық көліктер адамға қызмет етеді. Көліктің түрлерінің өзгеріп, көбейюі адамның қиялына, шығармашылығына байланысты  екен.

Меңгерді: Көліктердің сыртқы құрлысы мен қызметіне қарай ажыратады. Жолда жүру ережелерін сақтауды.

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *