Жыл құстары

Батырбекова  Жансая  Карынбаевна

Мақсаты:  Жеке тәжірибесінен суреттің мазмұны бойынша шағын әңгімелер құрастыру дағдыларын бекіту. Құстар туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлете білуге үйрету. Құстардың тіршілігімен танысу. Құстарға қамқорлық жасауға және адамгершілікке баулу.   

Көрнекілігі:    Ағаштар, құстардың суреті

Әдіс- тәсілдері:  сурет бойынша әңгімелеу, көрсету, түсіндіру. Дидактикалық ойындар. Тәй –тәй технологиясы.

Билингвалды компанент:   құстар –  птицы -birds,

 

Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық қозғаушы Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударады. Шаттық шеңбер.

Жоғары  қарап күнді көрдім,

Төмен қарап жерді көрдім.

Оңға, солға бұралып,

Егеменді ел көрдім!

Балалар тәрбиешімен сәлемдесіп алады.  Шаттық шеңберге тұрып, апаймен бірге өлеңді қайталайды.
Ұйымдастыру іздестіру Жұмбақ:

Ұшқаны қызық жалпылдап,

Өзі сондай қарқылдақ. Ол не? (қарға)

Шарлап келіп даланы,

Үйіме, үйін салады. Ол не? (Қарлағаш)

—          Қазір жылдың қай мезгілі?

—          Қыс мезгілінде қанша ай бар? Қандай?

—          Балалар, сендер қандай құстарды білесіңдер?

—          Құстар не істей алады?

—          Қалай ойлайсыңдар, құстардың денесі ауыр ма әлде жеңіл ме?

—          Құстарға ұшу  үшін не қажет?

Бүгінгі оқу қызметінің тақырыбы: «Жыл құстары»

—          Дала құстарына не жатады?

—          Неге дала құстары дейміз?

Өйткені дала құстары далада, тоғайда, орманда өмір сүреді. Олар аспанда қалықтап ұшады, өз бетінше өздерінің тамағын тауып жейді. Олар құрт-құмырсқа, зиянкес құрттармен қоректенеді. Ағаш басына ұя салып жұмыртқалап, балапандарын басып, оларға тамақ тауып асырайды.

Балалар дала құстары екіге бөлінеді.

Қыстап қалатын құстар, оларға: торғай, сауысқан, қарға, кептер және т/б.

Олар аязға төзімді болып келеді. Олар аштыққа шыдымайды.

Жылы жаққа ұшып кететін құстарды «Жыл құстары» дейміз. Оларға: қарлығаш, ұзақ, қарға, қараторғай, аққу және т/б.

Тіл ұстарту жаттығуы

Ға- ға- ға қарға

Ге-ге-ге неге

Ға-ға-ға талға

Ге-ге-ге қондық неге ерте.

Аудармашы ойыны:

құстар –  птицы –birds

Ғажайып сәт. Шиқылдап құс кіреді. Аузында хаты бар. Балалар сендерден көмек сұрап келіпті. Құстар ұяларын таппай ұшып жүр екен, көмектесеміз бе?

Ол үшін бірнеше тапсырманы орындауымыз керек.

1-      тапсырма: «Құстар қалай дыбыстайды?»

2-      тапсырма: «Сипаттап бер»

Қарға қандай?

Түсі қандай?

Қарға немен қоректенеді?

Денесінде не бар?

Қарға қалай дыбыстайды?

3- тапсырма: «Үй құстары мен дала құстарының айырмашылығын атаңдар»

Сергіту жаттығуы:

Қане қанат жазайық,

Құс болып ұшайық.

Ұшып- ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

 

Балалар,  мен  сендерді   орталыққа шақырамын.

  1 —   топ  «Әдеби»  орталық

(суретке қарап ертегі құрастыру)

2-      топ   Шығармашылық орталық

       (суретті біркелкі етіп бояп шығу)

       3 —  топ: «Құм мен су»  орталығы

(жармамен құстың бейнесін салу)

Жұмбақты шешуге тырысады.

 

 

Қыс мезгілі

үш ай желтоқсан, қаңтар, ақпан

қарға, сауысқан, торғай.

Ұшады

Жеңіл.

 

Қанат

 

Қарлығаш, қарға, сауысқан, торғай.

Өйткені, олар далада өмір сүреді.

 

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қайталайды

 

 

 

 

Балалар қайталайды.

 

 

 

Көмектесеміз

 

Берілген тапсырманы орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қимыл –қозғалыспен айтады.

 

 

 

 

 

Орталықта берілген тапсырмаларды орындайды.

Рефлексивті түзетушілік — Балалар, біз қандай құстарды білеміз?

— Құстарды атуға бола ма?

— құстардың ұясын бұзуға бола ма?

— Құстарға ұя не үшін қажет?

Құстарға ұя жұмыртқа салып балапан шығару үшін қажет. Құстар адамның досы. Әрқашан құстарға қамқор болып жүруіміз керек.

Ей, қазақтың ұланы,

Болғайсың дала қыраны.

Аң, құсын қорғау бабамның

Емеспе еді ұраны –деп оқу қызметімізді аяқтаймыз.

Балаларды мақтап, мадақтаймыз.

Сұрақтарға жауап береді

Күтілетін нәтиже:

 

Нені білу керек: Жыл құстарының атауларын, мекен ету ортасын.

Нені игереді:   Сұрақтарға толық жауап беру, өз ойларын қорытындылай алу.

Нені біледі: Құстарға қамқор болуды.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *