Үштілді білім беру арқылы жан-жақты тұлғаны қалыптастыру
Қазақ тілі –ұлттық болмысымыз, ұлтымыздың, өзіміздің паспортымыз, рухани байлығымыз.
Орыс тілі— Орта Азия мемлекеттеріне ортақ, ұлтаралық қарым-қатынас жасау, өзара түсіну құралы.
Қазіргі заман талабына сай балаларға білім беру жүйесі күрделеніп келеді, сонымен қатар балалардың тілдерді меңгеруге деген қызығушылығы өте жоғары. Атап айта кетсем, мен бала бақшада ағылшын тілі мұғалімі қызметін атқарамын, осы орайда байқағаным балалардың тілге деген қызығушылығы кішкентай кездерінен бала бақшадан бастау алып отыр. Күнделікті жүргізілетін оқу қызметі барысында әрбір сөзді талқылау, көрнекілік арқылы баланың есте сақтауын жақсарту арқылы тілді меңгерте аламыз. Әлеуметтік желілердегі әртүрлі оқиғалар желісімен құралған түсіндірмелі, әрі мағыналы мульттоптамалар таптырмас көмекші құрал ретінде пайдаланылады.
Ағылшын тілі өте сұранысқа ие, еуропа мемелекеттерінде қолданылатын әлемдік тілдер қатарында, білімнің негізгі бастауы бала бақшадан деп ескерсек, бәсекеге қабілетті жан-жақты тұлға, білікті маман, Қазақстан мемлекетінің болашағы келешек ұрпақ екенін ұмытпауымыз керек. Қазіргі таңда ХХІ ғасыр- түрлі технологиялар мен әлеуметтік желілердің дамыған заманы, осыған орай өзін-өзі дамытамын деген балаға әрқашан жағдай жасалынған және оған тегін қол жеткізуіне болады. Әлеуметтік желі арқылы ағылшын тілін немесе кез-келген өзіңізді қызықтырған тілді үйрену курсына кірсеңіз сізді онлайн түрде оқыта алады, ауызекі сөйлесуге диалог құру арқылы сөйлесуге үйретеді. Тек бұл үшін адам бойындағы жалқаулық пен еріншектігін жояу қажет.
Ағылшын тілі — әлемдік бизнес тілі, оны меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі. «Ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күн сайын дерлік ағылшын тілі дүние жүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батыл ену үстінде.