«Доп» . Авторы: М. Әлімбай
Мақсаты: Доп туралы мағлұмат бере отырып, оның түсін, пішінін және қандай материалдан жасалғанын анықтауға үйрету.Слайд арқылы өлең жолдарын түсіндіру. Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін, саусақ моторикасын, тыныс алуын, сөйлеу тіл қимылдарын, зат есімдерді жекеше және көпше түрде қолдану дағдыларын дамыту. Жеке бас гигеналарын сақтауға, заттарды таза ұстауға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: сұрақ –жауа, талдау, түсіндіру.
Қолданылған көрінекіліктер: Доп ,лэпбук ( доп пішінде жасалған),спорттық құралдар, экран, слайд, үлестірме материалдар, т.б.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
(Көңілді әуен залда ойналып тұрады)
Тәрбиеші: — Балалар, болашақта үлкен спортшы болғыларың келе ме?
Балалар:
Тәрбиеші: — Жарайсыңдар! Олай болса, таңғы көңіл – күйлерімізді әдемі жаттығумен бастаймыз ба? ( көңілді әуен ойналып доппен бір – екі жаттығуды орындау).
Тәрбиеші: — Бүгінгі көңіл – күйіміз қандай?
Балалар: — «Тамаша!» — деп, (бас бармақтарымен көрсетеді).
Тосын сый: Дымбілмес (Незнайка гимнмен билеп келіп, балаларды көріп қуанып амандасады.)
Дымбілмес: — Салеметсіздер ме, балалалар!? Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Мына себеттегі допты жана келе жатып тауып алдым. Допты алып ойнайын десем , орнынан бір қозғалмай қойғаны. Не доп екенім түсне алмадым? Және қасында сиқырлы кішкене сандықшасыда бар екен. Ойланып – ойланып, басым аурып кетті. Сендерге қарай жүгіріп келедім.
Тәрбиеші: — Дымбілмес, шынымен де, бұл доптың өзіндік сыры бар сиқырлы допқой. Ойланып көрейік. (кішкентай сандықша ішінде қағаздағы тапсырмаларды тауып алу)
Тәрбиеші: — Сиқырлы сандық ішіндегі жеті тапсырманы орындауымыз керек.Тапсырмалар орындалған сайын бұл доптың шешімі табылады.
- Тыныс алу жаттығуы: Балалар,үстел үстіндегі тыныс алу жаттығуына байланысты жасалған футбол алаңындағы допты үрлеп қақпаға салу. (3рет тыныс алып, шығару арқылы).
- Артикуляциялық жаттығу: (тосап, жылқы, сағат, доп, суреттерін кішкентай логопед көрсетіп жаттығу жасайды.)
- тапсырма: Жұмбақ айту.
Суға салса батпайды,
Ұрса тыным тыныш таппайды. (Доп)
Тәрбиеші: Доп туралы қысқаша түсінік береді. Доп – резеңке, пластмасса сияқты серіппелі нәрсеге ауа толырылып жасалған спорттық домалақ зат. Допты біздер спорт сабақтарында көптеген жаттығулар және де ойындар ойнаған кезде пайдаланамыз.
- тапсырма: Мұзафар Әлімбай атамыздың «Доп» өлеңімен таныстыру.
Өлең: Секіреді соқтығады. Желі кетсе, не болады?
Басылмай жүр тоқтығы әлі, Не болады? Жоғалады?
( Өлең мазмұнын тірек сызба және слайд арқылы түсіндіру, балаларға өлең жолдарын қимылмен, 3 – рет жоғары, орташа, жәй дауыс екпінімен балаларға айтқызу.)
- тапсырма: Сергіту сәті:
Добым менің домалап,
Тоқтамайсың домалап.
Үстел үстің бүлдіріп ,
Тарелкені сындырдың.
«Тентек болып кеттің» — деп,
Тұрмын сені тепкім кеп.
( Тапсырмаларды орындап доптың әр бүйірне тиісті заттарды ілу)
- тапсырма : Дидактикалық ойын:
Спорттың қай түрінде доптарды пайдаланамыз?
1.Футбол
- Волейбол.
3.Баскетбол …
(пазлдар арқылы ойындарды құрастыру).
- -тапсырма: Қорытындылау.
«Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны арқылы қорытындылау.
- Доп ,темірден жасала ма? (Дұрыс па, бұрыс па?)
- Доптың ішіне ауа толтырыла ма? (Дұрыс па, бұрыс па?)
- Адамның екі аяғы, екі қолы бар ма? (Дұрыс па, бұрыс па?)
- Тарақ, сабын, сүлгі тазалық заттарына жата ма? (Дұрыс па, бұрыс па?)
- Адам күнде тамақ ішу керек пе? (Дұрыс па, бұрыс па?)
- Спортпен денемізді шынықтырған дұрыс па, бұрыс па?
Тәрбиеші: — Лэпбук доптың түрлі –түсті бүйірлерін өткен төрт аптаның тақырыптарымен жапсырып қорытындыладық. Дымбілмес, енді түсіндің бе, бұл доптың сырын. Балабақшаға келіп сабаққа қатысып жүру керек.
Дымбілмес: -Түсіндім , түсіндім. Мен енді кетейін. Бұл допты сіздерге қалдырамын. Сау болыңдар!
Мадақтау: Жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Сандық ішіндегі хат