Қуыршақ бізде қонақта
Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдері туралы түсінік беріп олардың ерекшеліктерін айту. Қонақжайлық туралы түсінік беріп ыдыстардың аттарын үйретіп оларды ажырата білуге үйрету . Тақпақтар жаттату арқылы ой өрістерін дамыту. Сөздің қорларын байыту. Балаларды адамгершілікке достыққа еңбекқорлыққа қонақжайлыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ жауап түсіндіру ғажайып сәт.
Көрнекілік: Жыл мезгілдері ыдыс аяқ қуыршақ киімдері.
Шаттық шеңбер
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен.
Біздер сәлем береміз.
Балалар бүгін бізде ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту. Ашық оқу қызметіміздің тақырыбы: «Қуыршақ бізде қонақта» Бүгінгі оқу қызметімізді бастамас бұрын жыл мезгілдерін қайталап өтейік.
Жылдың неше мезгілі бар?
-Жылдың 4 мезгілі бар (қыс көктем жаз күз)
Қазір жылдың қай мезгілі?
-қыс мезгілі
Қыс мезгілінде ауа-ра йында қандай өзгерістер болады?
-қар жауады,аяз болады,адамдар жылы киінеді
Жарайсыңдар балалар жыл мезгілдері туралы жақсы біледі екенсіңдер.
Күндей күлімдеп.
Айдай жарқырап
Мөлдір кіршіксіз таза судай бүгінгі оқу қызметімізді бастаймыз.
Ғажайып сәт.
Балалар тыңдаңыздаршы керемет бір әуеннің дыбысы естіліп тұр.Бұл қайдан шығып жатыр екен.
(Осы кезде есіктің ар жағынан айналып билеп ішке қуыршақ келеді)
Тәрбиеші: Балалар қараңыздаршы біздің тобымызға кішкентай қуыршақ келіп қалыпты.
Қуыршақ сөзі: Сәлеметсіңдер ме балалар мен сендерге арнайы білімдеріңді тексеруге ертегілер әлемінен келдім. Сендерді өте ақылды білімді деп естіген болатынмын. Менің сендерге арнайы алып келген тапсырмаларым бар. Соны орындауға дайынсыңдар ма?
Балалар: ия
Балалар біздің қазақ халқы өте қонақжай халықпыз. Үйге келген қонақты аналарымыз жеңгелеріміз төрден орын берген екен.Ендеше бізде қуыршақты төрге шығарып орын берейік.Қане біздің балалардың қасына жайғасып тапсырмаларды бірге орындайық.
1-тапсырма: Ыдыстарды атын атап олардың не үшін пайдаланатыныз туралы айту.
2-тапсырма: Қуыршақ туралы тақпақ айту.
Зере
Қуыршақ қуыршақ
Таза суға жуынсақ
Қол ұстасып дос болып
Бақ ішінде қыдырсақ
Үкілімай
Біздерде бар қуыршақ
Бұзау қозы құлыншақ
Ойыншықтар тыңдайды.
Ақыл айтсақ бұйырсақ.
Адина
Ойыншығым қуыршақ
Не берседе жемейді.
Еркелігі соншама
Көтермесем жүрмейді.
Қане балалар шаршаған болармыз орнымыздан тұрып бір сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Бала бала балақан
Қане қайсы алақан.
Саусақтарын айбат
Былай былай ойнат.
Балалар сергіту сәтін орындайды.
3-тапсырма: «Қуыршақтың киімдерін атап түстерін ажырату.
Жарайсыңдар балалар. Тапсырмаларды жақсы орындап шықтыңдар. Енді біздің қуыршақ не дер екен.
Қуыршақ сөзі: Балалар сендерге көп рахмет. Мен сендерге ертегілер елінен сыйлық ала келдім.Сау болыңыздар.
Қорытындылау: Балалар бізге қонаққа кім келді?
-қуыршақ
Қуыршақтың қандай тапсырмаларын орындадық?
-Ыдыстарды атау қуыршақтың киімдерін атын атап түсін ажыраттық
Жарайсыңдар балалар сендерге көп көп рахмет. Ашық оқу қызметіне жақсы қатыстыңыздар. Сендерге алғысым шексіз.