Сыпайылық сабақтары өлең
Мақсаты: балаларды адамдардың арасындағы қарым – қатынастың адамгершілік нормаларымен, әлеуметтік ортадағы жүріс – тұрыс ережелерімен таныстыруды, сыпайылықтың қарапайым сабақтарынна дағдыландыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, суреттер.
Сөздік жұмыс: әдептілік, сыпайылық.
Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері.
Балалармен шеңбер бойына тұрып, педагогпен бірге мына өлең жолдарын қайталайды:
Жақсылық көрсен біреуден,
Мен қандаймын деп ойла.
Жамандық көрсен біреуден,
Мен қандаймын деп ойла. Ө. Ақыпбеков.
Әңгімелесу.
- Балалар, бүгін біз сыпайы, әдепті, жағымды қасиеттер туралы әңгімелейміз.
- Сендер қалай ойлайсындар, адамдар неліктен бір – бірімен амандасады
Балалардың жауаптары тындалып, педагог қорытындылайды.
- Дұрыс айтасыңдар балалар. Сәлемдесу, амандасу – адамдардың бір – біріне ізет, сый – құрмет көрсетуі. Оның бәрі сыпайылық сабақтары.
Өлеңді мәнерлеп оқып, түсіндіру, сұрақ – жауап арқылы әңгімелесу.
Сұрақ – жауап.
- Балалар, біз қандай болуымыз керек
- Біздің топта сыпайы, әдепті, арлы балар бар ма
Қорытындылау.
- Балалар, біз бүгін сәлемдесудің, әдептілітің, сыпайылықтың бастауы екенін білдік. Сәлемдесу дегеніміз құрмет білдіру, яғни әрбір күніміз немесе әңгіменің сәлемдесуден басталатынын түсіндік. Осының бәрі сыпайылық сабактары.
Мақалдармен қорытындылау.
Мақсаты:
Қорытынды: мадақтау.