Шалқан ертегісін сахналау
-
bilimger
·
6 февраля, 2019
Мақсаты: Шалқан ертегісін сахналау арқылы балалардың ақыл-ойын,
қиялын дамыту, үй жануарларының дыбысын ажырата білу.
Балаларды достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. «Шалқан» ертегісі туралы мағлұмат беру, шалқанға түсінік беру.
Көрнекіліктер: Шалқан ертегісінің суреттері, көрініске керекті құралдар.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеуАшық оқу қызметі «Шалқан» ертегісі
Дамытушылық: «Шалқан» ертегісіне сахналық қойылым көрсету. Ертегіні сахналау арқылы ой — қиялын дамыту.
Тәрбиелік: «Шалқан» ертегісін көрсете отырып, балаларға бір отбасының татулығын, бірліктерін көрсету.
Көрнекіліктер: «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлерінің костюмдері, көкөністер.
Түрі: Көрініс, ертегі
Тәрбиеші:
Құрметті балалар! Бүгінгі өткелі отырған «Қарлығаш» ортаңғы тобының ертегілер еліне қош келдіңіздер. Бүгінгі сахналайтын ертегіміз «Шалқан» ертегісі. «Шалқан» ертегісі орыс халық ертегісі, балалар.
Ертегінің негізінен көптеген түрлері бар, олар:
Ал, осы, «Шалқан» ертегісі балалар, тұрмыс — салт туралы ертегі екен.«Шалқан» орамжапырақ тұқымдасына жататын екі жылдық көкөніс. Шалқанның түсі ақ немесе сары болады екен. Шалқанның құрамында ағзамызға пайдалы көптеген дәрумендер бар. Емдік қасиеті де бар. Ендеше, апайлар және балалар, мен сіздері, осы «Шалқан» ертегісін «Қарлығаш» ортаңғы тобының балаларының сахналағанын көріп — тамашалауды ұсынамын.
Ертегінің барысы:
Залда музыка ойналып тұрады, залға кірген балалар қонақтармен амандасады.
Есік қағылады. Ішке қоян келеді. Балалар қоянмен амандасады.
Қоян: Мен «Қарлығаш»тобының бүлдіршіндері Шалқан ертегісін сахналайды деп, орманда жүріп естідім, жолда келе жатып, Сиқырлы дорба тауып алдым.
Тәрбиеші: Сиқырлы дорбаның ішін ашады. Ішінде көкеністердің суреттері шығады.Көкеністермен балаларды таныстырады.
«Шалқан» ертегісінің сахналық қойылымын тамашалаңыздар.
Ролдерде ойнағандар:
Автор: Тәрбиеші
Атай: Әнуар
Әжей: Балауса
Немере қызы: Камила
Күшік: Мұқтарбек
Мысық: Азиза
Тышқан: Досбол
Автор: Ерте ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде шал мен кемпір болыпты.
Бір күні атай шалқан екті де:
Атай: — Өс, шалқаным, тәтті боп өс! Өс, шалқаным, мықты боп өс!
Автор: Күндерден күн өтті, айлардан ай өтті. Шалқан өте үлкен, мықты болып өсті. Атай шалқанды әрі тартқылайды, бері тартқылайды, жұлып ала алмайды. Сөйтіп атай көмекке әжейді шақырады.
Әже: Мен көмекке келдім.
Автор: Әжей атайдан, атай шалқаннан тартып, жұлып ала алмайды.
Әже: — Атасы, екеуміздің осыған күшіміз жетпейтін сияқты. Көмекке қызымызды шақырайық.
Автор: Сөйтіп көмекке қызын шақырады. Қызы әжесінен, әжесі атайдан, атай шалқаннан ұстап тартады. Алайда еш нәтиже болмайды.
Қызы: — Бізге көмекке тағы біреу керек сияқты. Мен күшігімді шақырайын.
Автор: Қызы көмекке күшігін шақырады. Күшігі қыздан, қыз әжесінен, әжесі атайдан, атай шалқаннан ұстап тартқылайды. Бірақ тағы да жұлып ала алмайды.
Күшік: Қанеки, біз көмекке мысықты шақырайық. Мысығым, мысығым келіп бізге көмектес.
Автор: Күшік мысығын шақырады. Мысық күшіктен, күшік қыздан, қыз әжейден, әжей атайдан, атай шалқаннан ұстап әрі тартқылайды, бері тартқылайды. Тағы жұлып ала алмайды.
Мысық: — Менің ойымша бізге тағы да көмек керек сияқты. Тышқан, тышқан бізге көмектесші.
Автор: Барлығы бірге шалқанды тартады. Сол кезде шалқанды жерден жұлып алады.
Әжей шалқанды қосып тамақ пісіреді. Бәрі дәмді тағамнан ауыз тиеді. Тышқан тамақты жеп отырып, былай дейді:
Тышқан: — Бұл тағам өте дәмді екен. Егер келесі жолы тағы көмегім керек болса шақырыңдар дейді.
Сабақты қорытындылау:
Тәрбиеші:
Біз бүгін өандай ертегімен таныстық?
Балалар:Шалқан ертегісімен.
Тәрбиеші:Ертегі сендерге ұнады ма?
Балалар:Ұнады.
Тәрбиеші:Осы ертегіде қандай үй жануарлар бар екен?
Балалар:Ит, мысық, тышқан
Тәрбиеші: Балалар бүгін сендер Шалқан ертегісінің көрінісін қойыңдар. Сендерге қоян дән риза болды. Өзі сендерге арнап сыйлық әкеліпті. Қоян балаларға сыйлйқтарын таратады.
Тәрбиеші:Балалар бізде рахметімізді айтып,қоянды шығарып салайық.Балаларды мадақтау.Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті аяқталды.