Тостаған (қиылған бөліктерден құрастыру)

 

Білім беру саласы «Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызметі Құрастыу
Тақырып Тостаған (қиылған бөліктерден құрастыру)
Балаларды қағазбен жұмыс жасауға үйрету,олардың пішінін,көлемін ажырата алуға дағдыландыру.
Сөздік жұмыс Тостаған.
Әдіс тәсілдер Түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар, ғажайып сәт,дидактикалық ойын, слайд.
Көрнекіліктер Тостаған, тостағанның суреттері, қорапшалар, сынған тостаған
Билингвалды

компонент            

Тостаған-деревянные чаши
 

Әрекет  кезеңдері

 

 

 Тәрбиешінің іс — әрекеті

 

Балалардың іс — әрекеті

 Балаларды ізденушілікке қызықтыру            Шаттық шеңбері

Қайырлы таң-көк аспан,

Қайырлы таң-жер ана

Қайырлы таң-достарым

Жылуыма жылу қос

Міне менің қолым бос.

 

Шеңберге  тұрып,қайталайды.
Балаларды ізденушілікке ұйымдастыру

 

 

 

 

 

Әңгімелесу:

Улкен кіші тостағанның суретін көрсетіп түсін, пішінін, қай тостағанның үлкен, қайсысы кіші екенін сұрау.

-Балалар менің қолымдағы ыдыс қалай аталады?

— Дұрыс айтасыңдар, бұл тостаған екен.Тостағанды ағаштан ойып жасайды. Қараңдаршы, қандай әдемі!

-Тостағанның түсі қандай?

Тостаған сүт,көже құйып ішуге ыңғайлы ыдыс екен.

 

Венн диаграммасы:

«Тостаған» мен «Кесе» салыстыру.

 

Ғажайып сәт:

Тәрбиеші: Балалар бізге қонаққа  атамыз бен әжеміздің немере қызы қонаққа  келіпті.

Балалар  немере  қызбен   амандасайық.

–Сәлеметсіңбе немере қыз,қош келдің

Балалар немере қыздың  көңіл күйі жоқ екен? Қолындағы не екен?

Немере қыз: -Сәлеметсіңдерме балалар, менің қолымдағы тостаған, мен оны сендерге алып келе жатып, сындырып алдым. Сол себепті менің көңіл күйім жоқ.

Тәрбиеші: -Балалар біз немере қызға көмектесемізбе?

 

Билингвалды компонент :тостаған-деревянные чаши

Сөздік жұмысы:тостаған, қонақ

 

 

 

Құрастыру:  Қиылған суреттерді қалай құрастыруға болатынын көрсетеді.

2 бөлікке қиылған суреттер.

 

 

Сергіту сәті: Балалар біздер немере қызға сынған тостағанын құрастыруға көместестік,шаршаған шығарсыңдар ,ал енді біздің сүйікті мультфильміміз  Айя мен Әлидің қошақаным әніне билеп сергіп алайық.

 

Дидактикалық ойын: «Үлкен және кіші тостағандар»

Балалардың алдына  үлкен және кіші тостағанның суреті беріледі. Балалар үлкен тостаған бейнеленген суретті  үлкен қорапқа, кішікентай тостаған бейнеленген суретті кішкентай қорапшаға салуы керек.

-Жарайсыңдар балалар, сендер өте жақсы қатыстыңдар, сендерді жұлдызша арқылы бағалағым келіп тұр.

Немере қыз: -Балалар сендерге көп рахмет. Маған сынып қалған тостағанымды құрастырып бердіңдер, сендер өте ақылды балалар екенсіңдер. Ал енді менің атам мен әжеме кететін уақытым болды, мен сендерге әжемнің беріп жіберген кәмпитін берейін,  сау болыңдар.

Тәрбиеші: немере қыз саған көп-көп рахмет. Сау бол.

 

 

 

 

 

-Тостаған

 

 

 

 

-Мұқият тыңдайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәлеметсізбе, қолындағы тостаған.

 

 

 

 

-ия, көмектесеміз.

 

 

Қайталап айтады.

 

 

 

 

 

 

Қиылған суреттерден тостағанның суретін құрастырады.

 

 

Қошақаным әніне бірге қосылып, қимыл жасайды.

 

 

 

 

Ойынды қызыға ойнайды.

 

 

 

 

 

 

 

Қуанады

 

 

 

 

Сау болыңыз.

 

Рефлексия(орындаған тапсырмалар негізінде қорытынды шығарып кемшілікті жою) -Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?

-Оның неге көңіл күйі болған жоқ?

-Тостағанға не құйып ішуге болады екен?

-Жарайсыңдар балалар!

 

 -немере қыз келді

-Тостағаны сынып қалған

-сүт,көже құйып ішуге болады

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *