«Ғажайып мультфильм әлеміне саяхат» ашық оқу қызметі
Тақырыбы: «Ғажайып мультфильм әлеміне саяхат»
Мақсаты: Балалардың бірлесе ұжымда жұмыс істеуіне жағдай жасауғ ойындар мен психологиялық жаттығулар арқылы достыққа тәрбиелеу.
Міндеті:
1) Балаларды өз сезімдерін көрсете білуге тәрбиелеу, ашулы, ренжулі, қуанышты сынды ұғымдар жайлы білімдерін тиянақтау;
2) Бір біріне жан ашырлыққа, достыққа тәрбиелеу;
3) Құрбы құрдастырымен қарым қатынас жасауға өз ойларын анық жеткізуіне жағдай жасау;
4) Жауапкершілікке тәрбиелеу
Көрнекіліктер:интерактивті тақта, проектор, ақ парақ, жұмсақ ойыншықтар;
Барысы:
Балалар музыкамен залға кіреді. Шеңбермен орналасады.
Шаттық шеңбері: Балалар шаттық шеңберін айтады.
Достарды біз қолдаймыз!
Қиындықта қорғаймыз!
Біздің топта ұл қыздар,
Тату-тәтті ойнаймыз!
Психолог:
— Сәлеметсіңдер ме балалар! Көңіл күйлерің қалай? (жауап береді)
-Балалар, бүгін біздерге көп қонақтар келіпті қане амандасып алайық!(амандасады)
-Балалар айтыңдаршы, бүгін біздер оқу қызметімізде, бір сиқырлы мекенге сапар шекпекпіз, сендер дайынсыңдар ма? (Ия) Ол үшін қане жайғасып отырып, көзімізді жұмамыз…
Релаксация. Психолог айтуы бойынша, көз алдарына айтылғандарды елестетіп, ыңғайланып жатады.Көздерін ашады. Әуен тоқтайды.
Балалар, міне біз ғажайып елді мекенге де келдік, бұл жерде біздің мултфильм кейіпкері Умка қонжығымыз тұрады екен… Ол өзінің анасымен, достарымен тұрады. Оның көңіл күйі жақсы, ол өте бақытты өмір сүред.. бір күні Умка жалғыз ойнап жүрген кезде оған Ашулы бұлт келіп оны өзінің боранымен адастырып алып кетеді….Умка анасынан адасып бұлттың құрсауында қалады….
-Балалар, Умка жылып жатыр, енді не істейміз?? Көмектесеміз бе оған? (ия)
-Қане ендеше саусақтарымызды жаттықтырып, бұлтты қуып жіберуге күш жинаймыз…
Саусақ жаттығуы.
Ой жарайсыңдар, балалар! Саусақтарымызды шынықтырып алдық, ендеше ойын ойнайық.
Ойын «Қар лақтыру»
Мақсаты: балалардың ішкі сезімдерін шығарып, ашу ызаларын босатуға бағытталған. Балалар алдарында берілген парақ бөлшектерін мыжу арқылы доп тәріздес пішіндер жасап, бұл бейнесіне лақтырады, осы арқылы бұлтты қуып жібереді.
Балалар, көрдіңдер ме, сендердің барлықтарыңның достықтарыңның, бірге жүріп бұлтқа қарсы шыққандырңнан ол қорқып кетті….Бұлт бізден қашып кетті, жарайсыңдар!
Ендеше балалар, біз қонжықты бұлттан құтқардық, бірақ ол әлі өте көңілсіз, ренжулі.. енді қайтсек болады?? Онын көңіл күйін көтеру үшін тағы да ойын ойнаймыз ба??? (Ия)
Бұл ойын арқылы біз қонжықты еркелетіп, оның көңіл күйін көтеруге тырысамыз.
Ойын «Мейірімді қолдар»
Мақсаты: баланың өз қорқынышын жеңуге, ортаға сеніммен қарауға көмектеседі.
Балалар екеуден жұптасып отырады, оларға түрлі жұмсақ заттар беріледі. Бір бала көзін жұмса, екіншісі сол затпен оның қолынан жүргізеді.. кейін жаттығу қайталанып, балалар орын ауыстырады.
Жарайсыңдар балалар, қонжығымыздың көңіл күйі кішкене көтерілген секілді, қане онымен бірге сергіту жаттығуын жасап, оны әбден қуантайық.
Сергіту сәті (Экранда берілген «Буги-буги әні арқылы орындалады)
Керемет, балалар! Сергіп күш жинап алдық…
Қонжығымыздың көңіл күйі көтерілді, бірақ ол әлі анасына оралмады, қане оған анасына оралуына көмектесіп жіберейік…
Интерактивті тақтамен жұмыс: Ойын «Анасын тап»
Тақтада берілген жан-жануарларды өз анасына сәйкестендіру арқылы орындалады.
-Жарайсыңдар балалар! Біз Умкаға анасына қауышына көмектестік, ол өте қуанышты, бізге рахмет айтып жатыр!
— Қане енді, өзіміздің бақшамызға оралсақ болады… Көзімізді жұмып, жайғасамыз.
Релаксация.
-Балалар міне біз бақшамызға да келдік. Бүгін біз қайда бардық? Ол жақта не істедік? Кімге көмектестік? Сендерге ұнады ма? (ИЯ)
-Ендеше балалар, біз өзіміздің көңіл күйімізді,бірлігімізді балабақшада да көрсетейік… ол үшін сендер мына берілген параққа бірлесе отырып, сурет салып берсеңдер.
Оқу қызметін бекіту.
Құммен жұмыс.
Мақсаты: Балалардың ұсақ маторикасын дамыту, ішкі күйзелісітерін шығару. Қиялын дамыту, бірігіп жұмыс істеуге дағдыландыру.
Балаларға түрлі –түсті құм беріледі, балалар құмнан оқу қызметі барысында кезіккен кейіпкердерді жасау арқылы оқу қызметінің мазмұнын ашады.
Қорытынды:
Жүректен жүрекке:
Өзімді өзім жақтаймын,
Денсаулықты сақтаймын.
Жүректе жылу соншама,
Тілеймін бақыт баршаға!