Ауылға саяхат

Темирбаева Гульзира Турганбаевна

Мақсаты: Балаларды үй жануарлар және олардың төлдері туралы білімдерін бекіту, оларды бір-бірінен ажырата және дұрыс атауды үйрету. Есте сақтау қабілеттерін, зейінің дамыту, ойын барысында балалардың сөздік қорын дамыту. Жануарлар мен құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақ барысы:Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті.

-Қане, бәріміз амандасайық.

-Сәлеметсіздер ме,здравствуте !

Шаттық шеңбер:

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық.

Осы жақсы лебізді,

Бір-бірімізге сыйлайық.

-Балалар ,қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілі.

Далада ауа-райы қандай?

-Жылы.

Иә, балалар құстар жылы жақтан ұшып келеді, малдар жайлауға шығады.

-Әтештің дауысы шығады.

-Бұл ненің дауысы?

-Әтештің.

-Әтеш қандай құс?

-Үй құсы.

-Ол қайда өмір сүреді?

Ауылда.

-Балалар сендер ауылға барғыларын келеді ме?

-Иә.

Олай болса бәріміз ауылға барайық.Автобусқа отыру үшін билет керек. Мен сендерге геометриялық пішіндері бар билет беремін,сондай пішіндер бар орындықты тауыпотырасыңдар.Бір-екі баладан пішіндердің түстерін сұраймын.Музыка әуенімен ауылға келеді.

-Балалар қане ненің дауысын естіп тұрмыз?

-Сиырдың.

-Сиырдың төлін не деп атаймыз?

-Бұзау.

-Бұл ненің дауысы?

-Қойдың

-Қойдың төлін не деп атаймыз?

-Қозы.

-Бұл ненің дауысы?

-Жылқының.

-Жылқының төлін не деп атаймыз?

-Құлын

-Орыс тілінде сиыр, қой, итті қалай атаймыз?

-Сиыр-корова, қой-баран, ит-собока

-Неге біз оларды үй жануарлары дейміз?

-Өйткені оларға адамдар қамқор болады,су, жем, шөп береміз.

-Сиыр бізге не береді?

-Сүт береді.

-Жылқы бізге не береді?

-Қымыз береді.

-Иттің адамдарға қандай падасы бар?

-Үйді күзетеді.

-Балалар ауылдың ауасы қандай таза, осы ауамен серігіп алайық.

Сергітту сәті:музыка әуенімен.

Балалар, балалар аю қалай жүреді?

Аю былай (2) жүреді.

Балалар, балалар қоян қалай секіреді?

Қоян былай (2) секіреді.

Балалар, балалар түлкі қалай жүреді?

Түлкі былай (2) жүреді

Балалар, балалар қасқыр қалай жүреді?

Қасқыр былай (2) жүреді.

Балалар ауылда үй жануарлары ғана болмайды. Құстарда бар екен.Үй құстары және дала құсары болады.

-Балалар үй құстары қайда жүреді?

-Үйдің жаныңда жүреді.

-Ал дала құстары қайда ұшып жүреді?

-Аспанда үшып жүреді.

-Балалар мына суретке қарандаршы. Мына суретке құстарды дұрыс орналастырайық.

 

Дидактикалық ойын: «Құстарды ажырат»

Ойын барысы: Үй құстары мен дала құстарың ажыратып өз орындарына орналастырамыз.

Балалар ойынды ойнап болған соң, автобусқа отырып балабақшаға қайтады.

(музыка әуенімен)

Топқа келген соң балалардан сұрақ-жауап алынады.

-Бүгін біз қайда бардық?

-Ауылға бардық.

-Ауылда не көрдіңдер?

-Үй жануарлар мен құстарды көрдік.

-Балалар ауыл үнады ма?

-Иә ұнады.

-Келген қонақтармен қоштасайық.

-Сауболыңыздар!Досвидания!

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *