Құстар біздің досымыз

Зарипова Света Едегеновна

Білім беру саласы: «Таным»Бөлімі:   «Жаратылыстану»

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі:  «Құстар біздің досымыз»

Мақсаты: Дала құстарының тіршілігі туралы білімдерін кеңейте отырып,оларды өзара салыстыруға үйрету.

Көрнекілігі:Мультемедиялық суреттер.

Әдіс  тәсілдер: Сұрақ, жауап, ойын, түсіндіру.

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі:
    Балалар біздерде бүгін, ашық ұйымдастырылған оқу қызметі. Білім саласы:«Таным» Бөлімі:«Жаратылыстану» Тақырыбы «Құстар біздің досымыз»

 

Шаттық шеңбері:    

—  Балалар шеңбер бойымен тұрып ,қонақтармен амандасып, бір бірімізге жылулық  сыйлайық.

Сәлем деймін достарға,

Сәлем деймін құстарға.

Сәлем деймін ұстазға,

Ашық болсын айымыз.

Тату болып халқымыз,

Аман болсын балалар!
— Балалар бір бірімізге жылы жүзбен  қарап, қуаныш сыйладық.Осы алған күш қуатымызбен  сабағымызды бастайық.

 

Өткенді пысықтау:

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз айларын кім атайды?

-Күздің ерекшеліктерін кім айтады?

— Жарайсыңдар, балалар

  1. Жаңа сабақты түсіндіру әдісі.
    — Балалар, тақтадан нелердің суретін көріп отырсыңдар?
    — Құстардың.
    — Бірінші суреттегі құстарды атайықшы.
    — Тауық,қаз, үйрек
    — Екінші суреттегі құстарды атайықшы.
    — Қарарға,сауысқан торғай,шымшық т.б
    — Жарайсыңдар, балалар.
    — Балалар, жалпы құстар екіге бөлінеді үй құстары және дала құстары.
    — Үй құстарын қолдан тамақтандырамыз жем,су,шөп береміз жылы қорада ұстайды. Ал Дала құстары жемтіктерін өздері тауып жейді.

Бүгінгі оқу қызметіндебіздер,дала құстарының тіршілігі мен пайдасы туралы танысамыз.
Құстар біздің –досымыз,олардың бізге пайдасы көп.Құстар өсімдікке зиян келтіретін жәндіктермен құрт,құмырсқалармен қоректенеді,сөйтіп бау-бақша егістердің жақсы өсуіне пайда келтіреді.

Кейбір құстар далаға салқын түскенде жылы жаққа ұшып кетеді. Күн жылығанда қайта ұшып келеді. Құстардың кейбірі адамға дос. Соның бірі қарлығаш. Ол адамдарға жақсылық ойлайды. Ол ұясын ауланың жанына салады.
-Балалар, өзіміз білетін қарғаны қарайықшы.Қарғаның екі түрі бар, ала қарға, қара қарға.Ала қарғаның қанатында, бауырында сұр түс бар сондықтан, оны ала қарға дейді. Ал қара қарғаныңбасы,қанаты,құйрығы мен бауыры бәрі қара болып келеді.Сондықтан оны қара қарға дейміз. Қарғалардың тұмсығы үшір,тырнақтары өткір болып келеді. Даладан түрлі тамақ қалдықтарын жеп қоректенеді.

Сауысқанның түсі қара- ала,көлемі торғайдан ірі,ұзын құйрықты құс.Жейтін қорегі басқа құстардың жұмыртқаларын,балапандарын ұрлап жейді. Қыстап қалатын құс. Балалар  құстар туралы кім тақпақ біледі? Кәне  айтайықшы.

.

Асылай:

Қарға,қарға,қарғалар.

Қар үстінде жорғалар

Боран соқса қар болар,

Бұтаға қонар қарғалар.

Алихан

Алманы қарға шоқиды,

Көкқұстан кітап оқиды.

Ұшып кеп ағаш басына,

Ала сауысқан қоқиды.
— Жарайсыңдар балалар, енді жұмбақтар жасырайық.

1.Имек тұмсық алғыр құс /қаршығы/

Рахман:

  1. Екі айыр құйрығы

Қияқ мұрт қанаты,

Ұшқырлардың жүйрігі/ қарлығаш/

Нұрәділ:

  1. Ұзақ тектес құс,

Шіркей жеп.

Ауыл шаңынан,

Ұзап кетпес құс /қараторғай/

Рамазан:

Қара түсті қарқылдақ,

Ұшып қонып жалпылдап

Қоқыстарды шоқиды,

Жем іздейді там  тұмдап. \ қарға \

Сергіту сәті:

Қане қанат жазайық
Қарлығаш болып ұшайық
Ұшып, ұшып алайық
Сауысқан болып секіріп
Торғай болып қонайық.

Ойын: «Құстың ұясын құрастыр»
— Балалар біздер құстар туралы тыйым сөздер айтайықшы:

Жаннұр:

  1. Құстарды атпа.
  2. Құстың жұмыртқасын жарма.

3.Құстың ұясын бұзба.

  1. Аққуды атпа,досыңды сатпа.

 

Қортынды:
— Балалар сендер құстар туралы көп біледі екенсіңдер мен сендердің білімдеріңе  риза болып бүгінгі сабаққа қатысқан балаларды мадақтаймын.
Құстар табиғаттың керемет тіршілік иелері. Құстар — біздің досымыз. Біздер үнемі  құстарға қамқорлық жасап, қорғап жүруіміз керек.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *