Білім бастауы тәрбие

Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқалы бері бала тәрбиесіне үлкен мән беріп,жауапкершілікпен қарайтын мемлекеттердің бірі! Бала өзінің мені мен мақсаты болашақта қол жеткізер арманға себепші болар ол ата-ана және мектеп қабырғасындағы ұлағатты ұстаздардың тигізер әсері ұшан теңіз.Баланы жастайынан ,бесікте жатқаннан тәрбиелеу керек деп жатамыз, бірақ ең үлкен қасиеттерді мінезді ана жатырында жатқаннан бойына сіңіре бастайтынын ескере бермейміз.

Сондықтан, Әл Фарабидің «Балаға бірінші кезекте білім емес тәрбие беру керек,ал тәрбиесіз берілген білім адамзататтың хас жауы»деген екен.Сондықтан дұрыс ,жақсы нәрселерге үйретсек бала болашағына үлкен көмегі тиері сөзсіз!Бала  жас шыбық тәрізді,жерге қалай отырғызасың ,қаншалықты мейірімді болған сайын соғырлым түзу және мықты болып өседі!Қазір XXI ғасыр техналогиялардың дамыған заманы. Бәрі қол жетімді,тиімді.Бірақ олар қаншалықты көбейген сайын бала денсаулығына кері әсері жоқ емес! Болашақ ұрпағымыз ата әжеміздің ұстаздардың  берген білімін бойына сіңдіре білсек үлкен жетістігіміз!Баланың демалыс пен сабақ оқу уақытын дұрыс жоспарлап,қиналатын сабақтарына көмектесіп,дұрыс тамақтануын,жеке бас гигиенасын сақтауын қадағаласақ қанекей!?Достармен дұрыс араласып,оң солын танып,ақ қараны ажыратуына мән берсек,болашағымыз жарқын болмақ!Зиянды заттарға жоламауын ескертіп қадағаласақ денсаулығы мықты ұрпақ тарайтыны анық.Ұлымыз ұлықты, қызымыз қылықты болып,болашағынан үлкен үміт күттірер азамат пен азаматша болары анық! Балабақшаларда,мектеп қабырғасында балаға  дұрыс көңіл бөлуін қадағалап, пайдалы заттармен айналысып,ой санасының жақсы қалыптасуына себепші болсақ,нұр үстіне нұр болар еді.Кесте тігер қызымыз бен ат ұстар ұлдарымыз көбейсін!

 

                                                     Автор туралы мәлімет

Түркістан обылысы

Түркістан қаласы

«Керемет» бастауыш мектеп-балабақшасы

Тәрбиеші:  Бітімбай Мөлдір Маралбекқызы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *