Жарқын елдің шамшырағы-жас маман
Жексембиева Гульжан Сериковна
Біздің өткеніміз , сонымен қатар болашағымызды ұлағатты ұстаздарсыз елестету мүмкін емес. Өйткені, сауатты, салауатты ұрпақ тəрбиелеу,еліміздің тыныштығын сақтау, бір тұтас қалпында ұстап тұру,саналы түрде мемлекет қалыптастыру біріншіден, отбасының, екіншіден, ұстаздардың міндеті. Ұлы дана Абайды да оқытқан ұстаз, сонау Македонскийдің көзін ашып, өмір сүруді үйреткен де ұстаз . Сондықтан ,бұл мамандықты анамыздың сүтіндей қадірлеп,туған жердің топырағындай құрметтеуіміз керек.
Мен жас маман ретінде өз мамандығымды құрметтеймін жəне бұдан да көп ізденіп ең ұлы ұстаздың жолын салғым келеді.Мен қазірде кішкентай бөбектердің тəрбиелеушісімін.Менің мамандығым балалардың өмірге деген, қоғамға деген көзқарастарын қалыптастырудың баспалдағы ретінде санаймын. Иә, келісемін қазіргі таңда көптеген жас мамандардың жұмыс табуы қиындап кеткені рас.Оған біз кімді кінəлаймыз?Адам қоғамды немесе өзің кінəлі санауы да дұрыс емес. Тек қашанда,қай заманда да қажет,жылдан-жылға дамып келе жаткан тəрбиелеуші,мұғалімдік мамандықты неге таңдамасқа?Неге осы мамандықтың дəрежесін арттырып,мемлекетімізге өз пайдамызды тигізбеске. Елбасымыз Н.Назарбаев тұлға ұғымына былай түсініктеме береді. «Тұлға болу дегеніміз-жауапты болу деген сөз, яғни өмірде ата-анаң, Отанның жауапкершілікті сезініп,өз ісіңе мұқият болу деген сөз. Ол үшін ағынмен жүзе бермей, белсенді болу қажет.Өзіңнің көздеген мақсатың,алға қойған межең болуға тиіс.Сол межені алуға күш-жігеріңді жұмылдырып, қайрат көрсетуің керек.» Осындай бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру үшін мұғалімнің алдында тұрған міндет- жаңашыл болу, білім мазмұнына енгізілген жаңалықтардан үнемі хабардар болып отыру. Ата-анадан кейінгі балаға үлгі болатын,олардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын да ұстаз. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет-ауыр.
Менің алдымда бетіне сия түспеген ақ қағаздай таза жүректі сәбилер. Ақ парақтағы жазуды әдемі мағыналап бастасаң солай әдемі жалғанатындай, бұл балалардың жүрегіне тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағын мен дәл солай әдемілеп таспалап түсіре бастауым керек. Өйткені қазіргі балғын бүлдіршіндер-келешек қоғам иесі. Сол болашақ қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасатты, мол ұрпақ етіп тәрбиелеу-біздің қоғам алдындағы борышымыз. Ендеше біз жаңашылдығымыз арқылы жан- жақты берген тәрбиеміз арқылы бәсекеге қабілетті,ой өрісі дамыған тұлға тәрбиелеуге мүмкіндігіміз бар. Ол біздің қолымыздан келеді, тек ынта керек, мотивация керек. «Әр бала жарық жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет» деген Жүсіп Баласағұнның мағыналы сөзін әрқашан есте сақтаймын. Үлкен жауапкершілікті талап ететін ұрпақ тәрбиелеуде Елбасымыздың саясатын ұстана отырып, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыазаматтық құндылықтар тәрбиелеуде мен өз білімімді жетілдіріп бәсекеге қабілетті жаңа заман педагогі болуға лайықпын…
Менің ең басты мақсатым мансап құру немесе үлкен жалақы қалау емес.Одан басқа құндылықтарға қол жеткізу, ашылмаған сырларын ашу,тəлімді ұрпақ қалыптастыру. Елімізде болып жатқан келеңсіздіктерге қарсы тұра күресу. Мен қазірде өз балаларымды тəрбиелеп отырған анамын. Сол себепті балаларымның аласапыран заманда,жемқорлық , дүние құмарлық немесе одан да сорақы заманда өмір сүргенін қаламаймын. Сондықтан, біз барлығымыз, жас буын, жас мамандар елеулі болашаққа негіз болуымыз керек. Қорыта келе, Күннен кейінгі жарқырап тұратын мамандық, ұстаз мамандығын қадірлейік. Жас маман мемлекетіміздің негізі, жаңа серпіліс. Сондықтан, қолдан келгенше үлкен абыроймен алып шығуға қай салада болсын елімізге септігін тигізетін тəлімді, тәрбиелі ұрпақ тəрбиелейік. Өзімнің бір ауыз сөзіммен қорытындыласам: «Ұлы сөзден алынған ұлы тұлға ,мұғалімдік бәлкім бір асыл мұра». Шамшырақтай жарқырап, нұрымызды төгуден жалықпайық.