Қарттарым алтын қазынам

Тұрғанбек Индира Еркінбекқызы

Мақсаты: Өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат  алуға үйрену. Балалардың бойына халқымыздың қадір қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: отбасы мүшелерінің суреттері, слайд, видиоролик.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап.

Шаттық шеңбер:

Есенсіз бе, ұлағатты қарттарым,

Бабалардың бойға жиған салттарын

Өзіңіздей ұлағатты болуға,

Өсиетіңді жүрегімде сақтадым.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар рахмет. Енді орнымызға жайғасайық.

Балалар ұйымдастырылған оқу қызметімізді бастамас бұрын, алдымен сендерге сұрақ қойғым келіп отыр.

Қазір жылдың қай мезгілі?   (Күз)

Күз мезгілінде қанша ай бар?   (үш ай бар)

Атайықшы? (Қыркүйек, Қазан, Қараша)

Дұрыс айтыңдар.

Енді осы қыркүйек айында қандай мерекелер болады? (Білім күн)

Жарайсыңдар.

Ал қазан айында қандай мерекелер бар білесіңдер ме? (Ұстаздар күні, Республика күні)

Дұрыс айтасыңдар.

Қазан айында бұл мерекелерден басқа тағы да мерекелер бар.

Ол 1-қазан қарттар күні.

Сондықтан бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу қызметіміз қарттар күніне арналмақ. Мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Жұмбақ:

Айтары мол ғұлама

Көп жасаған бұл адам

Әкесі ол әкесінің

Білер оны сұраған

Ол кім   (Ата)

 

Аймалайды «Күнім» деп,

Мейірімді жүзі күлімдеп

«Тәтті –ақ» дейді немере,

Бал шырындай үнің деп

Ол кім?  (әже)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, дұрыс таптыңдар. Осы атамызбен  әжемізді  бір  сөзбен қалай атаймыз?  қарттар дей

Дұрыс айтасыңдар ,балалар. — «Ақылды  қария-ағып жатқан дария» деп тегін   айтылмаған. Осы қарттарымыз бәйтерек  болса, біз соның жапырағымыз.Адам өмірдегі ең игі істің бірі-қарт кісілерге қамқорлық,мейрімділк,түсіністік,сүйіспеншілік, жанашырлық, сыйластық  таныта білуіміз керек.

Ал енді осы атамыз бен әжемізге сендер кім боласыңдар?  (немере)

Балалар анамыздың әкесі, анасы сендерге кім балады? (нағашы ата, нағашы әже)

Ал сендер оларға кім боласыңдар? (жиен)

Жарайсыңдар.

Балалар ата-әже туралы жаттаған тақпақтарымызды айтып берейік.

Амина.

Атамыз біздің панамыз

Атамыз біздің данамыз

Атадан ақыл аламыз

Атадай адам боламыз.

Сәкен.

Жақсы ісімізді мақтан қылып

Жамандықтан сақтандырып

Жүрген алтын ақ әже

Жүрсем деймін шаттандырып

Санжар.

Немересін жанынан артық  көретін,

Екі еткізбей  бәрін алып беретін

Әжелердің құшағында күн иесі

Еркелігі үзілместен күлетін

Қарашаш

Нағашы әжем анамның анасы,

Жиендердің ақылшысы санасы

Қонақ болып бара қалса үйіне

Бәйек болып қарсалады нағашы

Жарайсыңдар балалар, өте жақсы тақпақтар біледі екенсіңдер.  Ендеше теледидарға назар аударайық.

Бейне тапсырмаға назар аудару. «Қарттарым –асыл қазынам»

Суреттер бойынша әңгіме.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

(Өз ойларын айтады).

Балалар шаршаған шығарсыңдар,ортаға шығып бір сергіп алайық.

Сергіту сәті:

Шеңберіп болып тұрайық

Керегені құрайық
Уық болып иіліп
Шаңыраққа иіліп

Қазақ үйді құрайық,

Жарайсыңдар  орынымызға  отырайық

Дидактикалық     ойын кімге не тиесілі
Ойынның шарты бойынша отбасы мүшелері бар суреттерге тиісті  затарын  қыстырғышпен  қыстырады. Атаға- шапан , әжеге- ұршық әкеге- сағат, анаға –орамал, балаға- велосибед , қызға- қуыршақ .
Балалар  ата-әжелерің  сендерді қалай еркелетеді?

(Балалардың жауаптары)

Қортынды: Қазақтар-«Төріңнен қарт кетпесін»деп тілеген халық.

Жасы үлкенге құрмет ету , қарттың бүгілген беліне сүйе болу-біздің ата дәстүріміз .Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында парыз-міндеті өлшеусіз.

«Балаларым,рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,

Қобызыңмен қосып ән мен тіл брдің,

Өмірге мен мылқау болып енгенде
Балаларым,рахмет сендерге!»,-деп Мұқағали Мақатаев атамыз айытқандай міне, балалар , біз өзіміздің ата –әжелеріміз  алдында қарыздармыз. Ол  қарызымызды  тек  жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі  мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде  құрметтеп сыйлау  арқылы  ғана  қайтара аламыз. Қарттарымызды ардақтап өтейік ! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер! Балаларды  мадақтау  бағалау.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *