Ұялы телефон балаларымызға қасірет пе, өсиет пе?
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы
№5 «Нұрбөбек» балабақшасының тәрбиешісі
Садирбекова Дина Абдухалыққызы
Баланың тәрбиесі отбасынан басталады. «Ұядан не көрсен, ұшқанда соны ілесің» деген мақал бар. Жас кезінен берген тәрбие адам жадында ұзақ сақталады. Бала есейген сайын ана сүтімен даритын сөйлеу тілін дамытып, тазалыққа, имандылыққа баулап, әсемдікке, сезімталдыққа, әдептілікке үйретіп, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу- әрбір отбасы арманы.
Отбасы- баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты, оның құндылықтарын біліп өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағмұлаттарды береді және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуына іс жүзінде дағдыланады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу отбасы мен балалар мекемелерінде жүзеге асырылады. Отбасы мен балабақшалар алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер бірыңғай. Ол – өз Отанын сүйетін, дені сау, жан-жақты жетілген балаларды тәрбиелеу.
Алайда қазіргі таңда жыл сайын ұялы телефон, смартфон, планшеттердің су жаңа түрлері нарыққа шығып жатыр. Жаңаларының функциялары да, сипаттары да сан алуан. Қазақстандық отбасылар балаларына планшет сатып алып беруге құмар. Ал балаларға түрлі-түсті мультипликацияларға толы ойындар, олардан шығатын дыбыс тек қызығушылығын молайта түседі. Ал одан келетін салдарды түсіне бермейді. Зияны туралы айтқанымен, байыбына барып, түсінбейді. Бала болған соң, қай ана баласының қалауынан бас тартсын? Ең сорақысы, жас аналарымыз, кейде баласын емізіп отырып, смартфонын ақтарып әлеуметтік желіге, уатсапқа кіріп отырады. Ал буыны қатпаған балаға оның қауіпі өте жоғары. Балаңыздың денсаулығы маңызды болса, ұялы телефонды мүлде балаға жақындатпауға тырысыңыз.
Қалталы телефоннан бөлінетін электромагниттік толқындарды көп жылдан бері зерттеп келе жатқан ғалымдар одан бөлінетін электромагниттік толқынның теледидардың, радиотелефон мен компьютердің толқындарынан он есе күшті екенін анықтаған. Телефонмен сөйлескен кезде одан бөлінетін электромагниттік толқындар бас пен жүйке ұлпасына тікелей әсер етеді деп отыр. Салдарынан ми қызып, жүйке жүйесі әлсіреп, адам ағзасындағы жүрек қан тамырларының айналымы нашарлайды. Күні бойы телефоннан бас алмай отырған баланың жағдайын ойлаңыз… Қазіргі заман балаларының басты мәселесі – сөйлеу тілінің дамымай қалуы, сондықтан қалталы телефонның орнына балаңызбен көп сөйлесіңіз.
Халықаралық Денсаулық сақтау ұйымы жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде ғалымдар телефонмен көп сөйлесетін жандарда бас ауруы, ұйқышылдық, ашушаңдық белгілері кездесетінін анықтаған. Сондай-ақ, ұялы телефоннан бөлінетін электромагниттік толқындардың есте сақтау қабілетін нашарлататынын, қатерлі ісіктің пайда болуына әкеп соқтыратынын дәлелденген. Бұл балаға телефонды мүлде ұстатпаңыз деген сөз.
Ресейлік ғалымдар ұялы телефоннан бөлінетін электромагниттік толқындардың көз жанарына кері әсер ететінін анықтап отыр. Ғалымдардың жүргізген зерттеулері нәтижесінде сынақтан өткен тышқандардың барлығы дерлік көз жанарынан айырылған. Сондай-ақ, зерттеу барысында сынақтан өткен хайуандардың иммундық жүйесі әлсіреп, бұзылғаны анықталды.
Балалар гаджетпен көп ойнаған уақытта жүйке жүйесі мен ойлау қабілетіне зиян келеді. Сондай-ақ, мамандар құрылғылардан бөлінетін сәуленің бас ауруы, есте сақтау және көру қабілетіне душар ететінін анықтап, ұйқысыздыққа шалдықтыратынын дәлелдеген. Сондықтан балаларға мұндай құрылғыларды беруден бас тарту керек. Кейбір гаджеттерді қолдану нұсқаулығында тәулігіне бір сағат қана гаджетпен ойнауға болатыны жазылған. Ең жақсысы, балаңызды табиғат аясында ойнату. Табиғат аясында қыдыртыңыз, отбасыңызбен саяхатқа шығыңыздар.
Көбіміз телефонды өшіріп қойсақ, одан келетін зиян аз болады деп сенеміз. Алайда, өшірулі тұрған телефонның өзі адам организіміне зияны шаш- етектен. Мамандардың пайымдауынша, байланыс құралын өзіңізден неғұрлым алысырақ ұстау керек екенін айтады. Әсіресе, мамандар ұялы телефонды бас жаққа қойып ұйықтауға болмайтынын ескертеді. Себебі, телефоннан бөлінетін электромагниттік толқындар ұйықтап жатқан адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, ұйықтауға кедергі келтіреді. Сондықтан құрметті ата-аналар, балаларыңызбен жиі аулаға шығып түрлі ойындар ойнаңыз, бала болыңыз, қызықтырыңыз. Бала бақшаға, балалар орталықтарына, түрлі секцияларға қатыстырыңыз. Балалармен қарым-қатынас орнаған жағдайда балаңыздың ой-өрісі , санасы дамиды, сөйлеу қабілеті дамиды, жеке түлға болып қалыптасуына ықпал жасаңыз.
Әр балабақша қызметкерлері педагогикалық білімді жүйелі және белсенді түрде таратып отыруда, балаларды дұрыс тәрбиелеуге, тәрбие берудің озат тәжірибесін насихаттап отыруға міндетті.
Сол мақсатпен бала бақшамызда ата-аналарға арналған семинарлар, дөңгелек үстелдер, мерекелік іс-шаралар, ата-аналармен жеке әңгімелесу, сауалнама толтыру деген шаралар өткізіледі. Біз өз бала бақшамызда ата-аналармен түрлі жұмыстар жүргіземіз. Ата-аналар жиналыстарына медбикені, мектеп психологін шақырамыз, ата-аналармен әңгімелесіп, кеңес беріледі. Ата-аналар сұрақтарын қойып, өз пікірлерімен бөліседі.Өткізілген тренингтер арқылы ата-аналар бір-бірін басқа жағынан көрсетеді, қарым-қатынастары да өзгереді. Сауалнама арқылы біз ата-аналардың көзқарастарын , өз балаларымен қарым- қатынастарын анықтаймыз.
Сонымен айтарым, құрметті ата-аналар өз балаларыныздың денсаулығына көп мән беріңіздер, баланыздың өміріне белсенді қатысып, бос уақыт тауып балаңызбен сурет салып, жатарда ертегі айтып , баланызға деген махаббатыңызды аямаңыз. Өз әріптестеріме ата-аналармен қарым-қатынастары жақсы болу үшін жаңа технологияларды қолданып жағдай жасауды тілеймін.