Маша мен Аюға көмек
Серикбаева Гаухар Байрамбековна
Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным», «Әлеумет», «Денсаулық», «Шығармашылық».
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту, ҚМҰҚ, Қоршаған ортамен таныстыру, Құрастыру, Мүсіндеу.
Ашық оқу қызметінің тақырыбы: «Маша мен Аюға көмек»
Мақсаты: Балалардың жыл мезгілдері туралы білімдерін пысықтау, геометриялық пішіндер, (үшбұрыш, шаршы, дөңгелек), түстер, көлем туралы білімдерін бекіту. Жануарлар және жемістер мен көкөністерді ойындар арқылы жыл бойы алған білімдерін қортындылау. Сөйлеу тілін дамыту, байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру, зейінін, ойлауын, есін дамыту.
Балаларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, достыққа тәрбиелеу.
Заттық дамыту орталығы: Слайд, жыл мезгілдерін байланысты суреттер, геометриялық пішіндер, үнтаспа, жемістер мен көкөністердің суреттері, ермексаз, желім, сіріңке таяқшалары.
Билингвальды сыңары: көктем- весна, қыс- зима, жаз- лето, күз- осень.
Мотивациялық қозғаушы кезең:
Балаларды шеңберге тұрғызып қонақтармен амандасу.
-Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Cood moning!
Шаттық шеңбер
Дала гүлге оранады,
Түрлі – түске боянады.
Нұрлы көктем келген кезде,
Табиғат та оянады.
Тосын сәт: Ұйқыдағы аю келеді.
Дидактикалық ойын: «Жыл мезгілдері»
Шарты: жыл білгілерін тән суреттерді дұрыс орналастыру.
Билингвальды сыңары: көктем- весна, қыс- зима, жаз- лето, күз- осень.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілінде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?
Үнтаспадан жаңбырдың дауысын шығару.
-Ой балалар, жаңбыр жауып кетті. Бізге жаңбырдан қорғануға сиқырлы пішіндеріміз көмектеседі. (Балалар пішіндерді бастарына қойып жауаннан қорғанады)
-Балалар, жаңбыр басылды. Қане пішіндерімізді жаңбыр суынан сілкейік.
-Көрдіңдер ме, расында да пішіндер сиқырлы екен, жауынның ізі қалмады. (Әр баладан қолдарындағы пішіндерді атату, түсін сұрау)
-Балалар енді осы сиқырлы пішіндермен ойын ойнайық.
Дидактикалық ойын: «Пішіндерді топтастыр»
Шарты: геометриялық пішіндерге сәйкес суреттерді топтастыру.
-Балалар, сендер Аюдың ормандағы достарын білесіңдер ме?
Дидактикалық ойын: «Даусынан таны»
Шарты: үнтаспа арқылы жануарлардың, құстардың, жәндіктердің дауысын ажыратып, атау.
Сергіту сәті
Балалар, балалар,
Аю қалай жүреді?
Аю былай, аю былай,
Дәл осылай жүреді.
Балалар, балалар,
Түлкі қалай жүреді?
Түлкі былай, түлкі былай,
Дәл осылай жүреді.
Балалар, балалар,
Қоян қалай жүреді?
Қоян былай, қоян былай,
Дәл осылай жүреді.
Балалар, балалар,
Құстар қалай ұшады?
Құстар былай, былай,
Дәл осылай ұшады.
— Балалар, біз Аю екеуіміз сендермен ойнадық, көңіл көтердік. Түскі ас әзірлейтін уақыт болып қалды. Сендер бізге көкөністен сорпа, жемістерден сусын дайындауға көмектесесіңдер ме?
Дидактикалық ойын: «Сусын және сорпа әзірлейік»
Шарты: көкөністер мен жемістерді ажыратып, ыдыстарға бөліп салу.
Аю: Балалар, сендер енді маған бақшамның қоршауын жөндеуге көмектесесіңдер ме?
Маша: Қыздар сендер маған көктемнің алғашқы гүлдерінің бірі түймедақ гүлін егуге көмектесеңдер ме?
Шығармашылық жұмыс
1- Ұлдар тобы. Бақшаға сіріңке таяқшаларын пайдалана отырып қоршау жасау.
2- Қыздар тобы. Желімді пайдаланып түймедақ гүлін жасайды.
Қортындылау
-Балалар, бүгінгі оқу қызметінде кімге көмектестіңдер?
-Жауыннан бізді қандай пішіндер қорғады?
-Сусынды біз неден әзірледік?
-Сорпаны неден пісірдік?
Оқу қызметінің соңында балаларды мақтап, мадақтап тәттілер үлестіру.