Нан қайдан келеді?

Мақсаты: Нанға деген ұқыпты қатынасқа тәрбиелеу, бидай өсіру мен нан өндіруге қатысатын адамдардың еңбегіне құрмет көрсету. Сурет салу икемділігін арттыру.

Көрнекілік құралдары: бидай, суреттер, бауырсақ

Іс-әрекет       кезеңдері             Тәрбиешінің басқару әрекеті

 

   Балалардың іс-әрекеті
 

 

 

 

 

 

Мотивациялық-қозғаушылық.

Қайдан келдің бауырсақ?

Дастарханда шашылып,

Жатты аппақ бауырсақ.

Бауырсаққа қызығып,

Қарап тұрды көзін сап

-Қайдан келдің бауырсақ?

-Дүкеннен келдім нан сатқан

-Дүкенге келдін қай жақтан?

-Наубайдан келдім нан жапқан

-Наубайға келдің қай жақтан?

-Диірменнен келдім ұн тартқан

Жер-анам менің көсілген

Диқандар мені өсірген

Ә. Турманжанов өлеңін оқып береді

 

Балалар        мұқият тыңдайды
 

 

 

 

 

 

 

Іздену —

ұйымдастырушы-лық.

Балалар мына өлеңде нанның қайдан келетіні жайлы айтылған екен.

 

Нан неден жасалады екен?

Ұн неден жасалады?

Бидай қайда өседі?

Бидайды кім өсіреді?

Диқаншы дегеніміз кім?

Диірменші дегеніміз кім?

Наубайшы дегеніміз кім?

Сатушы дегеніміз кім?

Балалардың жауаптарын толықтырып, суреттер арқылы көрсетеді. Диқандар көктемде жерге бидай тұқымын себеді. Оны жаз бойы суарып, күтіп баптайды. Күз болған соң жайқалып піскен бидайды комбайнмен жинайды. Одан соң диірменші ұн етіп тартып, қапқа қаптайды. Қапталған ұнды  наубайханаға жібереді. Наубайшылар ұннан түрлі тағамдар нан, бауырсақ, бәліш пісіреді. Дайын болған тағамдарды дүкенге жібереді. Мұның бәрі адамдардың еңбегі. Нан-адамның тіршілік корегі, дастарханға үлкен еңбекпен келеді.

Сондықтан дастарханға зор еңбекпен келген нан тағамдарын қастерлеуіміз керек.

Енді балалар, нанның суретін салайық.

 

Сергіту сәті:

Жайқалады ақ бидай,

Басын иіп аққудай.

Трактор мен комбайн,

Жүргізуге мен дайын.

 

Жұмбак

Ұзын мұртты сарылар

Қойынында дәні бар

Дұрыс айтасыңдар

Балаларға (тірі) бидайды көрсетіп, сипаттауды сұрайды.

 

Дидактикалық ойын

«нан өніміне қатысатын мамандық иелерін тап»

 

 

Бидай

 

 

 

 

Балалардың жауаптары

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұқият тыңдайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар сурет салуға кіріседі.

 

 

Сергіту сәтін жасайды

 

 

 

 

 

Бидай

 

 

Сипаттайды

 

 

 

 

Рефлексивті-түзетушілік.

Оқу қызметті қорытады, сұрақтар қояды.

Осы кезде аспазшы қонаққа келіп, балалардың жақсы жұмыс жасағандары үшін ыстық бауырсақ сыйға береді.

Сұрақтарға жауап

береді.

Аспазшыға алғысын айтады.

 

                                      КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ

Біледі: нанның дастарханға қалай келетінін біледі

Түсінеді: нанды өндіруге қатысатын адамдарды таниды

Қолданады: бидай өсіру мен нан өндіруге қатысатын адамдардың еңбегіне құрмет көрсетуді біледі

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Жұпарбекова Г.

 

 

 

Қала Жұмыс орны Мамандығы ФИО

 

1 Шымкент қаласы, Қаратау ауданы Жеке мекеме «Ботақан» балабақшасы Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі Жұпарбекова Гульжанат Қалдыхановна

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *