1 цифры және санымен танысу

Матқазиева Жанат Коишибаевна

Мақсаты: а) Өзіне қатысты тұрғыда заттардың кеңістікті орналасуын анықтай білу дағдыларын бекіту (оң жақта, сол жақта, ортасында);

ә) Геометриялық фигуралардың орналасу ретін түсіндіру; 1 цифрын 1 санының таңбасы ретінде таныстыру; үлгіні пайдалана отырып, 1 санын жазып үйрету;

б) 1 цифрын өзге сандардың арасынан табу.

Билингвальді  компонент:Шеңбер- круг

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс әрекеті Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Сәлемдесу

Шаттық шеңбер:

Біздің топта ұл-қыздар,

Тату-тәтті ойнайды,

Әлемдегі бар адамға,

Тек жақсылық ойлайды.

Жаңылтпаш

Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім
Неше кіші ішік піштім.

Тосын сәт: «Хат» келді.

Балалар бізге бүгін хат келіпті.Сол хаттың ішіндегі тапсырмаларды орындайық.

Үш тілде сәлемдеседі..

 

Шаттық шеңберді тәрбиешімен бірге  орындайды.

 

 

Жаңылтпашты  қайталап шықты.

 

 

Хат ашылып оқылды.

 

Іздену ұйым-дастырушы                Есеп   орталығы

Тапсырмалар:

Оң жақтағы кірпінің үстіне 1алманың, сол жақтағы кірпінің үстіне 2алманың суретін сал.

 

Топтастыру

2.Жұмбақ жасыру:

Допқа өзі ұқсайтын,

Ерекше бір пішін бар

Атын оның атаңдар?

1.Шеңбер неге ұқсайды?

2.Ал енді алдымыздағы пішіндердің ішінен шеңберді көрсетейікші.

Дәптермен жұмыс

Бір-бірден ғана салынған суреттерді боя.

Д/О: «Кім жылдам»

Өзін-өзі бағалау.

Сергіту сәті.

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық

Сөздік жұмысы:шеңбер, шаршы сөздерінің мағынасын түсіндіреді.

Билингвальді  компонент:Шеңбер- круг сөздерін қайталау.

 

Тапсырманы дұрыс орындап шықты.

 

 

 

 

 

 

 

 

Заттарды топтастырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шеңбер

Допқа ұқсайды

 

дәптермен жұмыс орындалды.

Ойынды қызыға ойнайды.

 

 

Сергіту сәтін орындайды.

Рефлексивті түзетушілік Балалар, біз қай орталықта болдық? Мұнда не үйрендік

Сендерге бүгінгі оқу іс-әрекет ұнады ма? Неліктен?

Балалардың жауабы тыңдалды.

Күтілетін нәтиже:

 Нені білу керек:Сандарды дұрыс атай білу керек.                                  Нені игереді: Оқу іс – әрекетке деген қызығушылықтары             Нені біледі: Теледидарды құрауды үйрену керек.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *