Эссе

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы

№ 5 «Нұрбөбек» балабақшасы

Жуманова Лаззат Тулеубаевна

дене шынықтыру  нұсқаушысы

 

Менің педагогикалық  танымым «Адам баласының  нашар құлқы  жаратылыснан емес, өскен орта көрген үлгі өнеге білетіндігінен…Көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін жас буынды жақсылап тәрбиелеу керек»

Мұхтар Әуезов

 

Жас ұрпақ тәрбиесі–адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған құбылыс емес. Ол қоғамның заманның              бағыт- бағдарымен, тыныс-тіршілігімен бірге жүріп отырады. Тәрбие өмірдің басты мағынасы десе де болады.

Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты еңселі еліміздің саналы да білімді болашағын  жан-жақты жетіліп дамыған, парасатты азамат тәрбиелеп, өсіру- отбасының, балабақшаның барша қауымның міндеті.

Мектепке дейінгі тәрбиенің өткеніне көз жіберіп, болашағына болжам жасайтын болсақ, тәрбие мәңгіліктің категориясы екенін тұжырымдаған халқымыздың дана перзенттері, заман заңғарлары: Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожахмет Яссауиден бастап ұлы Абай, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уалихановтың тәлім тәрбие жөнінде айтқан әлемдік деңгейдегі педагогикалық ой тұжырымдарының мәні бүгін артпаса, еш кеміген жоқ.

Жаңа заман, жаңа көзқарас әр ғасырға тән нәрсе, жаңа нәрсені зерттеп, ыждахатты түрде айқындап, алға қарай даму үстінде жұмыс істеуді жалғастыра береміз.  Адам баласы алған тәрбиесін өз мақсатына жету үшін білім кілті арқылы ашып, пайдаланады. Неғұрлым білімді болған сайын, ілгіерлеу соғұрлым жылдамдайды. Ендеше тәрбие бар жерде мақсат бар, мақсат бар жерде білім басты қажеттілік болмақ.

Алдына үлкен мақсат қоя білсе ғана биікке ұмтылады. Жас ұрпақты өмірге дайындап, олардың  «Сегіз қырлы, бір сырлы» талантты, білімді азамат болуы үшін тәрбиенің барлық түрін ұштастыра жүргізуім қажет. Еліміз егемендік алып, өз алдына тәуелсіз мемлекет болды. Тәуелсіз еліміздің болашағы кімдер? Олар – бүгінгі менің алдымдағы тәрбиеленушілерім. Тәуелсіз еліміздің берік тірегі – білімді ұрпақ. Ендеше жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе – тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып,  саналы, рухани бай, салауатты, жан-жақты  дамыған жеке тұлға даярлау.

Бала кезімнен арман етіп келген мамандығым ол ұстаздық ету болатын. Бұл арманыма тікелей түрткі болған ол балалықшағымыздан бері осы уақытқа дейін сүйіп көретін, мәні мен мағынасы зор адам жанына жеңіл әрі түсінікті түсірілген  «Менің атым Қожа» фильмі  болатын, сол кездердің өзінде ұлағатты ұстаздың «Мен Сұлтанды аша алмай кеттім, соған өкініш білдіремін» — деген жері көңілімде жатталып қалыпты. Содан бері  бойымды тәтті бір сезім билеп, сол ұстаздың орындай алмай қалған үмітін өзіме мақсат етіп қойғандай болдым.

Осы орайда қазіргі таңда да,  басқа балалармен көп араласа бермейтін, қорқақтап, аяғын сенімсіздікпен  басатын балалар көрсем сол ұстаздаң сөзі есіме түсіп дәл сол баламен басымырақ жұмыс жүргізіп, жанын түсінуге тырысып, себебін анықтап, ол балаға қол ұшын созып, барынша жанашыр досы болып, қандай да бір қиындығы болса менімен бөлісуін және шешуін табуға көмектескенді жаным қалап тұрады. Сол баланың алға басқан әр әрекетін көргенде кәдімгідей жасап, көңілім қуанышқа бөленіп, сала береді.

Алдағы уақытта да сол өзіне сенімсіздеу балаларды іздеу үстінде болатындай көрініп тұрады. Сонымен қатар тек ғана балалармен дәстүрлі бір сарында жоспарда көрсетілгендей ғана емес, сонымен қатар жаңашылдық жаңа әдіс тәсілдермен жұмыстарды бала дамуына пайдалы әрі қызықтырақ етіп өткізгенді дұрыс деп түсініп, жұмыстар жүргізудеміз.

Келешекте түрлі қызықты етіп болашақ тәрбиесіне маңызды рөл атқаратын   әрбір бала   осы егемен еліміздің бірден бір тұлғасы болуға және елін сүйіп, жерін қорғап, елі қолдаған азаматтарды өсіріп жетілдіруге үлесім тиіп жатса ол мен үшін арманымның орындала бастағаны.

Жеке тұлғаны дамытуға, қоғамның рухани және адамгершілік  құндылықтарын қалаптастыруға байланысты білім және тәрбие беру баса назар аударарлық-мектепке дейінгі тәрбие.

Бүгінгі ұстаздар қауымының болашақ ұрпақ тәрбиесіндегі дұрыс тәрбие беру басты парызы екені баршаға аян. Ертеңгі болашағымыздың сапалы білім, саналы тәрбие алуы – қазіргі қоғамдағы ұстаздарға байланысты.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазіргі мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері қоғамдағы орнын бағалай отырып: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы азаматтық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза, білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» деген еді.

Халқымыз өзінің ең қымбаттысын – балаларын оқытып, тәрбиелеуді бізге – тәрбиешілерге тапсырған. Сондықтан кездесетін қиындықтарға қарамастан білім сапасын арттыру, баланы тәрбиелеу – ұстаздар  қауымының міндеті. «Адамның адамшылығы … жақсы ұстаздан» деп Абай атам айтқандай, мен қандай болсам, алдымдағы шәкірттерім де сондай боп шығарын түсінем.

Шынында да, бала болашағы – менің қолымда. Қызығы да, қиындығы да мол ұстаздық жолдан мүдірмей өтсем, менің де биік шыңға шыққаным. Абай атамның «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» деген қасиетті қағидасы менің әрдайым жүрегімнің түкпірінде ұстайтын ұстанымым. Арманымыз асқақ адал болса ғана болшағымыз жарқын да  айқын болатынына сенімім зор.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *