Ғажайып қыс
Елтаева Ақбота
Мақсаты: Өлі табиғат құбылыстарымен қармен таныстыру.қардың жұмсақ ақ,ериді деген қасиетін айта білуге үйрету.
Көрнекілігі:қардың суреті.
Әдіс-тәсілдері: шаттық шеңбері,түсіндіру, көрсету,сұрақ-жауап,сергіту сәті,ойын, қортындылау.
Сөздік жұмыс: қар,қыс
Билингвальді компонент:қыс-зима,қар- снег
Оқу қызмет кезеңдері | Тәрбиешінің оқу қызметі | Балалардың оқу қызметі |
Мотивациялық-қозгаушылық
Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
Ғажайып сәт
Топқа Қар ханшайымы кіреді. Ооо, не деген әдемі көрініс мен қайда келдім.Сүп-сүйкімді бүлдіршіндер. Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен өзімді таныстыруды ұмытып кетіппін ғой. Мен қар ханшайымын. -Бүгінгі күніміз сәтті өтсін! Күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан — жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып, келген қонақтарымызбен амандасайық. Шаттық шеңбері. Қайырлы таң, басым! Сендерге рахмет ойлағаның үшін Қайырлы таң көздерім! Сендерге рақмет көргенің үшін. Қайырлы таң, қолдарым! Барлық жұмыс жасағаның үшін. Қайырлы таң, аяқтарым! Сендерге рақмет жүргенің үшін. Балалар бәрімз терезе қарайықшы жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде біздер жылы киініміз. Дала аппақ қарға оранады. Қыста қандай өзгерістер болады? Қар жауады аяз боран болады. Қардың ерекшелігі ақ түссіз,қолға ұстаса еріп кетеді.Ал мұз жылыда еріп суға айналады.Қардан аққала жасаймыз. (Балаларға қарды мұзды көрсету.) Қыста қандай ойындар ойнаймыз? Коньки, шаңғы сырғанақ тебеміз. Қыста ауа райы таза болады. Сондықтан сендер ауырмау үшін,денсаулықтарын мықты болу үшін таза ауада ойнауларын керек. (Музыка боранның гуілі балаларға тыңдату.) Балалар ненің дыбысы естіледі? Боранның дыбысы. Ендеше бәріміз боран соққан қимылмен көрсетеміз. Қатты аяз болғанда не істейміз? Ал күн шыққанда не істейміз? Балалар кім қыс туралы тақпақ біледі?
-Жарайсыңдар балалар!
Тосын сәт: Қоян шыршаның түбінен секіріп шығады.Ой, саламатсыздар ма, балалар? Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендермен бірге қимылды ойын ойнағым келеді. Аяз десем-секіреміз.Шуақ десем-тоқтаймыз.(2 рет ойналады) Балалар, ал мынау тұрған не екен? Аққаланы неден жасаймыз қардан жасаймыз.Аққала үш бөліктен тұрады. Түсі -ақ ,пішіні дөңгелек. Д/ойын: «Аққала құрастыру.» Енді бәріміз сергіту жаттығуын орындайық. Тоңса біздің қолымыз. Қолғап киіп аламыз. Сарт,сарт Алақанды соғамыз. Тоңса біздің аяғымыз Етік кейіп аламыз. Топылдатып билейміз. |
Балалармен амандасады.
Орындарынан тұрып шеңберін қимылдармен орындайды.
-Қыс
Қарды мұзды көреді.
Боранның гуілін тыңдайды. Боранның дыбысы. Қолдарын жоғары көтеріп гуілдейді. Қолдарын қуысырып аяқтарын топылдатады. Қолдарын жоғары көтеріп алақай деп шапалақтайды. Раяна: Далада қар борайды Ақ мамыққа орайды. Әмина: Аппақ аппақ қар аппақ Айналаның бәрі аппақ. Аружан: Қыс келді ақ қарға оранып Мәз болып ойнаймыз. (Қоянмен амандасады).
Қимылмен орындайды.
Аққала
Балалар ойынға белсене қатысып аққала құрастырады.
Орындарынын тұрып сергіту жаттығуын орындайды. |
Қорытынды.
Мараппаттау. Балалар қазір қай мезгіл? Қыста ауа-райы қандай болады? Қардың түсі қандай? Қардан не жсаймыз? Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатыса білдіңдер балаларды мараппаттау. Енді келген қонақтарымызбен қоштасайық. Сау болыңыздар! |
Қыс мезгілі Боран соғады аяз болады. Ақ түссіз Аққала
Балалар марапатталады.
Сау болыңыз! |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: қыс мезгілінің ерекшеліктерін ажырата алады
Игереді: тақпақтар айтуды , ойындарды
Меңгереді: Қыс мезгілі туралы толық қанды меңгерді.