М дыбыс мен әрпі

Имашова Айжан Шенгельбаевна

Мақсаты:

М дыбысы және әрпімен тныстыру. Грамматикалық сөйлеу қабілеттерін, ауыз екі сөйлеуін,  байланыстырып сөйлеулерін, сұрақтарға жауап бере отырып есте сақтау, қабылдау, ойлау қабілетін дамыту. Ұсақ қол маторикаларын, тыныс алуын,  артикуляциялық ауыз, тіл бұлшықеттерін арнайы жаттығулар арқылы дамыту. Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл: Сұрақ — жауап, үлестірмелі материалдармен жұмыс, жұмбақтар.
Көрнекілік  құралдар:балықтар, тыныс алу жаттығуына арналған суреттер,  әріптер, Кюзинер таяқшалары, бұршақтар.

Ұйымдастыру, іздену.
Парта саған төсек емес жатуға,
Түзу ұста, тік отыр сен партада.
Бойды түзе, көтер басты жоғары,
Сымбаттылық болсын сеніңбойыңда.
— Өте жақсы, балалар! Бүгін біздің оқу қызметімізге арнайы қонақтар келіпті.
— Балалар бір жылда неше мезгіл бар? Қане, атайықшы?
— Қазір жылдың қай мезгілі?
— Қыста неше ай бар? Қыс айларын атайық.
— Қазір қай ай?

— Бір аптада неше күн бар? ата
— Аптаның қай күні?
— Біз неше күн оқып, неше күн демаламыз.

— Қыс мезгілінің ерекшелігін айта қояйық..
Қане балалар, олай болса мен сіздерге дыбыстар қандай өмір сүреді екен, сол туралы ертегі айтып берейін.(Ертегі оқып беру)
Ертегі

Әлдеқандай патшалықта емес, мемлекетте емес, өзіміздің аузымызда дыбыстар өмір сүріпті. Олардың үйі осы аузымыз болыпты. Үйдің төбесі тандай, едені төменгі таңдай, үйдің екі қабырғасы екі жағымыз болыпты. Ал үйдің есігі екі ерін, оның ішінде есік мықты болу үшін қойылған сүйек шарбақтары бар екен, олар тістер болыпты. Бір күні осы үйге барлығын басқаратын бастық пайда болыпты. Ол тіл екен. Оның көңіл – күйі жақсы болса дыбыстарды емін еркін өткізіп жібереді екен.
Мысалы былай: А, О, Е, И, Ы, У. Бұл дыбыстар үстіне қызыл көйлек киіп, есіктен емін еркін кіріп — шығып жүреді екен. Ал, кейбір дыбыстарға кедергі жасап, шығуына бөгет болады екен немесе есікті жауып қояды екен. Мысалы былай: п – п- п;н — н – н, т – т — т дыбысы шығар кезде тіпті таңдайға жабысып қалады екен.

Есік қағылып әже келеді.

Әже:

-Балалар мен сендерге мына сандықпен сыйлық алып келе жатып, сандықтың кілтін шұңқырға түсіріп алдым. Енді сандықты аша алмай отырмын. Ал кілтті алу үшін мына тапсырмаларды орындау керек екен. Сендер маған тапсырманы орындап, кілтті алуға көмектесіңдер, келісесіңдер ме?

Балалар:

-Арине

(әженің қолындағы қармақ пен суды алып ортаға қоямыз, балалар балықты аулау арқылы тапсырмаларды орындайды)

1 балық Тыныс алу жаттығуы

«Шәйді суыт»

Шарты: кеседегі шәйді балалар үрлеп суытады. Ондағы шәйдің ыстық екендігі айтып түсіндіріледі. Суытып болған соң оны ішіп, дәміне тамсанады.

2 балық

1тапсырма

— Балалар дыбыс дегеніміз не? Дыбысты айтамыз естиміз.

— Әріп деген не? Әріпті жазамыз, көреміз.

2тапсырма

— Дыбыстар нешеге бөлінеді? 2 – ге

— Қандай, қандай? Дауысты және дауыссыз.

— Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз? Қызыл.

— Ал дауыссыз дыбыстарды ше? Көк текшемен белгілейміз.

3балық Сергіту сәті

Жирафтың үстінің бәрі

Әуен арқылы сергіту жаттығуын орындау

4 балық

1тапсырма Әріптік диктант

Кьюзинер таяқшалары арқылы өткен әріптерден диктант жазу.

5балық Саусақ жаттығулары

Не қалай айтады?

Қайшы қиып айтады (балаң үйрек пен ортан терек саусақтарын қайшыдай ұстау).

Ине кіріп айтады (бас бармақ  пен балаң үйрек саусақтарын қосу).

Балға ұрып айтады (сол қолды жұдырықтап қою, оң қолмен жұдырықтап соғу).

Біз тесіп айтады (сол қолдың балаң уйрек саусағын, оң қолдың балаң үйрек саусағымен тесу).

Пышақ кесіп айтады (саусақтарымен кезектеп кесуді көрсету).

6 балық М дыбыс мен әрпі

1 тапсырма

 Жұмбақ
Мұртын сипап тілімен
Бетін сусыз жуады
Тышқанды аңдып түнімен
Көзі оттай жанады. (Мысық)

Жұмбақтың шешуі мысық екен. Олай болса мысық деген сөз қандай дыбыстан басталып тұр М дыбысынан басталып тұр. Жақсы балар бүгін біздер М дыбысымен әрпімен танысамыз. М–м — м  деп айтып көрейікші, қалай айтылады дауысты ма дауыссыз ба? Қандай текшемен белгілейміз?

2 тапсырма

М әрпін ауада, қағазда жазу.

7балық Кілт

Буындар оқу

Ма, мо, му, та, то, ту, ба, бо, бу, па, по, пу

Кілтті алып әжеге тапсыру. Әже сандығын ашып сыйлық беру.

Сабақты қорытындылау.

-Балалар бүгін бізге кім келді?

-Біз қандай тапсырмалар орындадық?

-Қандай әріп өттік?

-Сабақ сендерге ұнады ма?

Мадақтау.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *