Біздің – тұңғыш президент

Жанбаева Назгуль Башеновна

Мақсаты:

Білімділік: Жас ұрпаққа президентіміздің сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.

Дамытушылық:  Президент күні туралы ұғым  қалыптастыру,тілін дамыту.

Тәрбиелік: Елін сүйген, елін сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Ел басы суреті

Балалар қараңдаршы біздің  оқу іс – әрекетімізге қонақтар келіп отыр.

Кәне балалар қонақтар мен амандасайық.

Балалар

Сәлеметсіздер ма!

Тәрбиеші:

Жарайсыңдар балалар!Кәне  енді  бәріміз  шаттық  шеңберге тұрайық.

Шаттық шеңбер!

Салем саған алтын күн,                                                Балалар келген қонақтарға сәлем                          

Салем саған жер – ана.                                                     береді.

Салем саған достарым.

Сендерді көрсем қуанам ,

Сәлеметсіздер ме,қонақтар.

Ән ұран: орындалады

Жыл мезгілдерін айту

Тәрбиеші:

Жарайсыңдар балалар

Балалар бүгін біз оқу іс – әрекетімізді еліміздің тұңғыш призиденті жайында айтамыз.Тақтаға қараңдаршы,мына суретте кім бейнеленген?

Балалар

Нұрсұлтан Назарбаев!

Тәрбиеші:

Дұрыс ,Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Ал балалар кім екенін білесіңдер ме?

Балалар:

Ол біздің президентіміз.

Тәрбиеші:

Дұрыс ,балалар !Ол Қазақстан  Республикасының  тұңғыш президенті.

Балалар сендердің мамаларың ,папаларың жұмыс істегендей,Нұрсұлтан

Назарбаевтың  жұмысы президент болу.Біздің  президенттің жұмыс

орны қайда кім біледі?

Балалар:

Астанада!

Тәрбиеші:

Дұрыс ,Астанада Ақордада. Балалар Астанада не бар?

Балалар:

Астанада Бәйтерек бар!

Балалар, Нұрсұлтан  Назарбаев  атамызға  қандай мақал- мәтел

білесіңдер? Мақал – мәтелді мағнасын түсіндіру.

  1. «Оқу оқы,еңбек ет кәсіп жаса қалаған!»
  2. «Отан – оттанда ыстық!»
  3. «Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады!»

Өлең: Балапан.Би қыздар тобы

Тәрбиеші:

Жарайсыңдар балалар !Балалар «Кім жылдам»  ойынын ойнайық.

Мақсаты: ептілікке,шыдамдылыққа,тәрбиелеу. Кім бірінші болып жеңімпаз болады  екен.?

жарайсыңдар,балалар!Балалар біздің туымызға қараңдаршы,не белгіленген?

Балалар:

Күн .бүркіт ,ою.

Тәрбиеші:

Ал бұл суреттер не білдіреді, білесіңдер ме ? Балалар біздің туымыздың

түсі қандай?

Балалар

Көк!

Тәрбиеші:

Дұрыс!     Ол аспанымыз ашық болсын дегенді білдіреді.

Рәміздерге,елтаңбаға,тумызға түсінік беру.

Кәне,бойымызды сергітіп алайық ,сергіту сәті

Қане,қане тұрайық,

Қазақ үйді құрайық.

Бір уықты қолға алып,

Шаңыраққа тағайық,

Оңға,солға бұрылып,

Арқандарды тартайық.

Жарайсыңдар балалар.

Қорытынды:

Балалар біз бүгін оқу іс әрекетінде кім туралы айттық ?

Балар Нұрсұлтан  Назарбаев туралы .

Тәрбиеші:

Ол кім?

Балалар:

Ол біздің,елдің  тұңғыш президенті.

Жарайсыңдар ,балалар!Осымен оқу іс әрекетіміз аяқталды.Орнымыздан тұрып

келген қонақтарды шығарып  салайық.

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *