Күз сыйы

Пернебаева Фариза Жолбарысқызы

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.

Білімділік: Балаларға күз мезгілі туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Сұрақ жауап арқылы сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік:Балаларды табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері:Әңгімелеу, сұрақ – жауап, түсіндіру, тапсырмалар орындау.

Көрнекіліктері: Күз мезгілінің суреттері.

Қажетті құралдар: Желім, дәнді дақылдар, жіп, қылқалам, қағаздар.

 

ҰОҚ

 

Тәрбиеші қызметі

 

Балалар қызметі

 

Мотивациялық қозғаушы күш

 

Қараңдаршы балалар айналамыз қандай тамаша. Балалар бізге шуағын төккен күнмен, арайлап атқан таңмен және тобымызға келген қонақтармен шаттық шеңберін жасап сәлемдесеміз. Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты

Алтын шуақ торатты

Жарқырайды қаламыз

Жарқырайды даламыз

Қайырлы таң достарым

Қайырлы таң апайлар.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!

Балалар шеңбер болып тұрып өлең жолдарымен орындап сәлемдеседі.

 

 

 

 

 

Өлең жолдарына қимыл жасайды.

 

 

Ұйымдастырушы ізденуші

 

Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізді ойынмен бастаймыз.

«Сыйқырлы пішіндер» ойыны. Ойын шарты: Тақтада ілінген пішіндерді таңдап артында жасырынып тұрған суретті тауып сипаттау. Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміздің тақырыбы міне осы Күз мезгілі жайында болмақ.

Сұрақ — жауап

— Сонымен балалар бір жылда неше мезгіл бар?

— Қазір жылдың қай мезгілі?

— Күз мезгілінің айларын айтамыз?

— Балалар күздің қандай ерекшеліктері болады?

 

 

Жарайсыңдар балалар!

Ғажайып сәт:
Есік қағылып топқа Күз ханшайымы кіреді.
— Балалар қараңдаршы бізге қонаққа күз ханшайымы келіпті қанеки бәріміз күз ханшайымымен сәлемдесеміз.
Балалар мен сендермен екінші рет кездескеніме қуаныштымын мен сендермен қазан айында «Алтын күз» ертеңгілігінде кездескен болатынмын ол кезде сендердің өнерлеріңді тамашалағанмын енді сендердің білімдеріңді бақылау үшін келдім және құр келмедім сендерге тапсырмамды ала келдім. Міне бұл тапсырманы тәрбиеші апай сізге тапсырамын.
Тәрбиеші: Хош келдіңіз күз ханшайымы біздің балалар сізді көргеніне қуанып отыр, балалардың жанынан орын алыңыз.
Тәрбиеші: Балалар енді мен күз ханшайымының тапсырмасын оқимын. Бірінші тапсырмасы мақал-мәтел екен балалар.

 

 

 

 

 

 

Жарайсыңдар балалар сендер мақал-мәтелді жақсы біледі екенсіңдер енді екінші тапсырмамызды оқимын, екінші тапсырмамыз ойын екен.
2 тапсырма
Көкөністер мен жемістерді санмен сәйкестендіру.
Жарайсыңдар балалар енді үшінші тапсырмамызды орындамас бұрын денемізді сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Желкілдеген желменен
Жел егінді тербеген
Өсірді оны дихандар
Тамшылаған терменен
Жарайсыңдар балалар!
3 Тапсырма.
Шығармашылық сәт.
Балалар енді үшінші тапсырмамыз шығармашылық сәт екен. Күз ханшайымы өзіне сендерден сыйлық жасап берулеріңді өтініпті.
1- Орталық.
Күзгі ағашты триз технологиясы бойынша дәнді дақылдармен безендіреміз.
2- Орталық.
Көкөністер мен жемістерді дәстүрден тыс сурет салу бойынша жіппен сәндейді.
3- Орталық.
Дәстүрден тыс сурет салу әдісі арқылы бүгін балалар көбіктің бетіне қылқаламмен акварель бояумен күннің бейнесін салады.
Күз ханшайымы: Балалар сендердің білімдеріңді көріп көңілім толды маған жасаған сыйлықтарың ұнады енді мен жолға шығайын көріскенше сау болыңдар.

Ойын шартын мұқият тыңдап қызыға қатысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Төрт жыл мезгілі бар. Күз мезгілі.

Қыркүйек, қазан, қараша.

Күзде күн салқын болады, ағаштың жапырақтары сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

 

 

Балалар таң қалып қарайды.

Үш тілде сәлемдеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алмат

Көктемдегі әрекет, күзгі берекет.

Айару

Егіндікті күз суар
Күз суарсаң жүз суар.

Іңкәр

Күз береке байлықтың бастауы.

Ханшайым

Көктемде бір дән
Күздің күні мың дән.

 

Балалар қызыға ойнайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қимыл қозғалыс жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалармен қызығушылықпен жұмыс жасайды

 

Рефлексивті түзету

 

— Балалар бүгін біз қандай ойын ойнадық?

— Бізге қонаққа кім келді?

— Күз ханшайымына қандай сыйлықтар жасап бердік?

— Қандай сезімде болдыңыздар?

Сиқырлы пішіндер.

 

Күз ханшайымы.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Күз мезгілі туралы.

Игереді: Тапсырмаларды дұрыс, толық орындауды.

Меңгереді: Күз мезгілінің ерекшеліктерін.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *