Түлкі бикеш

Ишангалиева Гулмира Болатбаевна

Мақсаты: 1. Білімділік: Жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейту.

  1. Дамытушылық: аппликацияда бірнеше бөліктерден бейнелерді суреттеуге баулу, түстерді тану білімін тексеру. Тілдерін дамыту. Саусақ бұлшықеттерінің қозғалысын жетілдіру.
  2. Тәрбиелік: Жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, жұмыстану, сұрақ – жауап,триз технологиясы,электронды тақта,тасымалдаушы құрал т.б.

Қажетті көрнекі – құралдар: жабайы аңдар мен олардың төлдерінің суреттері.

Қостілдік компонент: түлкі-лиса, қасқыр –волк, аю-медведь, қоян-зайц, кірпі-еж.

 

Іс — әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс — әрекеті  
Себепті қызығушы-лығын ояту кезеңі Ойын жағдаят.

Педагог балаларды орманға серуенге шақырады.

Ұшақпен ұшып баруға ұсыныс жасайды.

-Балалар, міне, біз ормандағы алақайдамыз. Мына жерде нелердің суреті бейнеленген? (Жабайы аңдар және олардың төлдерінің суреттері)

-Қандай орман тұрғындарын білесіңдер?

Сөздік жұмыс: орман тұрғындары.

Б\К: түлкі-лиса, қасқыр-волк, аю-медведь, қоян-зайц, кірпі-еж.

-Қараңдаршы, суретте қандай хайуан артық?

-Суретте неге олар артық?

«Енелері мен төлдері» ойыны.

Педагогжабайы аңдар бейнеленген карточкаларды көрсетеді, олардың төлдері қалай аталатынын сұрайды.

Мысалы: қоян-көжек.

Педагог жұмбақ жасырады:

Өзі ширақ, өзі қу,

Жүрген жері айқай –шу.

Балалар, бүгін біз түлкінің аппликациясын жасаймыз.

Балабақшаға қайту керектігін еске түсіреді.

Бірінің артынан бірі тұрып, қолдарын жайып, ұшақтың ұшуын бейнелеп көрсетеді.

Суреттерге қарап жауап береді.

—          Жабайы аңдар.

—          Қасқыр, аю, түлкі, қоян,кірпі.

Қайталайды: орман тұрғындары.

Қайталайды. Түлкі-лиса, қасқыр-волк, аю-медведь, қоян-зайц, кірпі-еж.

-Мысық.

-Себебі мысық-үйде өмір сүреді.Балалар жабайы аңдардың төлдерін атайды: аю-қонжық, түлкі-жаутаң, қоян-көжек, қасқыр-бөлтірік.

Жұмбақ шешеді

Шешуі: түлкі.

Түлкінің аппликациясын жасауға ынта білдіреді.

Бірінің артынан бірі тұрып, қолдарын жайып, ұшақтың ұшуын бейнелеп көрсетеді.

 
 

Ұйымдастыру-шылық

ізденіс кезең

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Триз технологиясын қолдану.

Үлестірмелі материалға назарларын аударады, суретті көрсетеді.

Электронды тақтадан слайд тамашалау.

-Түлкінің денесі, түсі қандай?

Педагог жұмыстың жасалу ретін түсіндіреді.

-Үлкен үшбұрышты шаршыдан қиып аламыз. Үлкен үшбұрыштан денесін жасаймыз, бұдан кішірек үшбұрышты алып, түлкінің басын жасаймыз. Енді құлақтарын желімдейміз.

Түлкіміз қандай көңілді болып шықты.

Сергіту сәті:

Қыстың күні ызғары,

Жел соғады, қар жауып.

Қоян ағаш түбінде

Отырады бүрісіп.

Қу түлкі де ықтайды,

Жасырынып бораннан.

Боранның ашуы басылып,

Шуақтарын шашты Күн.

Қоян да жүрді секектеп,

Шықты ортаға түлкі де

Бізде енді жүрейік,

Орнымызға келейік.

Қауіпсіздік техникасын еске түсіреді.

Жұмысқа кірісуге ұсыныс жасайды.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

 

Үлестірмелі материалға қарап сұрақтарға жауап береді.

Қызығушылықпен қарайды.Қызғылт сары түсті әртүрлі пішінді үшбұрыштар.

Жұмыстың жасалу ретімен танысады, педагогті тыңдайды.

Оңға бұрылады, солға бұрылады, қолдарын артқа ұстайды.

Секіреді.

Қолдарын қанат қаққандай қозғалтады. Отырады, оңға қарайды. Тұрады, қолдарын жоғары көтереді.

 

 

 

Қауіпсіздік техникасын айтады.

Жұмысқа кіріседі, тапсырманы орындайды.

 

 

Іс-әрекетті бағалау кезеңі. Педагог балаларды мақтайды.

-Түлкі  туралы қандай ертегі білесіңдер?

Мен сендерге ертегілерден үзінді оқимын, сендер қандай ертегі екенін есек түсіріп, айт.

Бір қасқыр мен түлкі жолдас болыпты. Қасқыр түлкіге айтыпты: «Менің басым ауырып барады, тамырымды ұстап берші»дейді. Сонда түлкі тамырын ұстап тұрып айтады:  «Басын жазылу үшін олай-бұлай жүгіріп, құйрығыңды ойықтағы мұзға сала ғой!» дейді…сала ғой!» дейді…

2.Түлкі жолбарыстың алдына түсіп, паңдана жүріп отырады. Жолбарысты көрген аңдар мен құстардың зәресі ұшып, тым-тырақай қашады, ұялары мен індеріне тығылады, аспанға ұшады.

3.Бір күні түлкі тырнаны қонаққа шақырыпты.

-Маған қонаққа кел, мен дәмді тамақ пісіріп қоямын…

4. «Менің құлағым естімеуші еді, әніңді менің мұрныма отырып, қайталап шырқашы»..

-Тамаша! Қандай көп ертегі білесіңдер!

-Ертегілерде түлкі қандай? Оны қалай атайды?

Бір-бірінің жұмыстарын қарайды, қуаныштарын білдіреді.

Ойынға кіріседі.

«Қасқыр мен түлкі»

 

 

«Қу түлкі»

 

«Түлкі мен тырна»

 

«Бауырсақ»

-Ертегілерде түлкі қу болады. Оны қу түлкі деп атайды.

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

 

Игереді: қайшыны дұрыс ұстап, қиюды; қағаз бетіне заттардың суретін дұрыс орналастыруды

Игереді: жабайы аңдар орманда мекендейтінін; ертегілерде түлкі қу болатынын

Меңгереді: жұмбақтарды шешеді;оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *