Кірпінің жанұясы
Тәрбиеші: Султанова Гульжамила Жумабековна
Мақсаты: Мүсіндеу дағдыларын жетілдіру.
Білімділік: Балаларға кірпі туралы мағлұмат беру.Ермексаз бен сіріңке шиін пайдаланып,кірпі пішінін жасауды меңгерту.Ермексазды алақан арасына салып домалақтай алу тәсілін үйретуді жалғастыру. Дамытушылық: Балалардың тілдерін дамыту,саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Ой-өрісін, дүниетанымын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Балаларды табиғатты аялауға,жануарларды қорғауға, бастаған ісін аяғына дейін ұқыпты жасауға тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекі кұралдар: Үлгі ретінде жасалған кірпі, кірпінің суреті. Ермексаз,тақтайша,таяқша,қолорамал,жұмыс дәптері. Қостілділік компонент: Отбасы-семья, кірпі-ежик Сөздік жұмыс: Тікенекті
Іс –әрекеттер кезеңі | Тәрбиешінің іс –әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивация-лық – қозғаушылық | -Балалар жылдың қай мезгілі?
-Ауа райы қандай? -Табиғатта қандай өзгерістер болады? |
жылдың қай көктем мезгілі
Ауа райы жылы. |
Ұйымдас-тыру, іздену | Бір мақұлық бар екен төрт аяқты
Доп-домалақ,арқасы мың тікенді Ашуланса аяғын көрсетпейді Көресің көз салсаң бір ғажайыпты. -Балалар,қарандаршы! -Бұл не? -Кірпі жалғыз емес сияқты, ол отбасымен жүр екен.Мынау-әкесі,мынау-анасы,мынау-баласы. -Балалар кім маған кірпілерді санап береді? -Ал енді орыс тілінде санайық. -Кім ағылшын тілінде санайды? Балаларға иллюстрациялық суреттерді көрсете отырып,кірпі туралы мағлұмат беру. Кірпі – жабайы,ол орманда өмір сүреді. Қыс бойы жерге түскен қлың жапырақтардың астында ұйықтап жатады. Кірпінің денесі тікенекті болады,төрт аяғы,екі көзі мен құлағы бар.Жауын көрсе,аяқ-қолын жинап,домалана қалады. Кірпі денесінің сипатына талдау жасалынады. Балалар кірпі мүсіндеп үйренейік?! -Кірпіні мүсіндеу үшін ермексаздың қандай түсін аламыз? Мүсіндеу тәсілін көрсету: -Бұрыннан білетін домалақтау тәсілімен жасаймыз. Ермексазды домалақтап,домалақ бөлшекті сопақша пішінге келтіреміз.Созу арқылы тұмсығын шығарамыз.кішкентай дөңгелектер жасап,тұмсығының үстіне көзінің орнына жапсырамыз. Тікенекті сөзін бірнеше рет қайталату. Отбасы-семья, кірпі-ежик Сергіту сәті: -Саусағым, қайда болдың? -Балалармен не істедің? -Бір баламен жүгірдім -Бір баламен биледім -Бір баламен қыдырдым -Бір баламенойнадым -Бір баламен секірдім -Достарымды жинаймын Мүсіндеуді бастаймын! Тікенектерін сіріңке шиінің бөліктерінен жасаймыз.Тікенектер ермексазға қадалады. Қауіпсіздік ережесін түсіндіруді ұмытпау. -Балалар,кірпінің енді анасы мен әкесін мүсіндейік. Балаларды екі топқа бөліп,бір топ анасын,екінші топ әкесін мүсіндейді. |
Бұл кірпі-Балалар кірпілерді қазақша және орыс тілінде санап береді. Мұқият тыңдайды Сұр немесе қара түсті ермексазды аламыз.
Балалар кірпіні мүсіндейді
Сөздерді қайталап айтады
Өлең жолдарына сай қимылдар жасайды. Кірпіні мүсіндеуді аяқтайды
Балалар кірпіні мүсіндейді.
|
Балалар кірпі қайда өмір сүреді?
-Қыста қайда болады? -Жауынан қалай қорғанады? -Арқасында не болады? -Қандай ермексазды пайдаландық? -Тікенегін неден жасадыңдар? -Қандай тәсілді пайдаландыңдар? Неше кірпі мүсіндедік? |
Сұрақтарға жауап береді.
|
Күтілетін нәтиже.
Біледі: Балалар кірпінің тіршілігі туралы біледі.
Игереді: Кірпіні мүсіндеу жолын игерді
Меңгереді: Балалар домалақтау, созу тәсілдерімен кірпіні мүсіндей алады.