Мамандықтың бәрі жақсы

Мақсаты: Мамандықтар  туралы түсінік беру. Шаштараз, аспаз, дәрігер, құрылысшы мамандарына керек заттарды ажырата білуге үйрету. Балалардың мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдету, білімдерін жетілдіру. Суреттер бойынша әңгімелеу, сөздік жұмыстары арқылы сөзді қорларын молайту, дыбыстарды анық айтуға үйрету. Еңбекқор болуға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, үлкендер еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайд, мамандар киім үлгілері, интерактивті тақта, лэпбук.

Әдіс – тәсіл: Слайд көрсету, лэпбук, түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын.

 

Оқу қызметінің

кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың

іс – әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Қане, орнымыздан тұрып апайларымызға  амандасып алайық.

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Шаттық шеңбері:

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанамыз бәріміз,

Арайлап атқан күнге!

Бәрекелді, жарайсыңдар!

Сәлеметсіздер ме!

 

Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын айтып, қимылмен  орындайды.

Ұйымдастырушылық – ізденушілік Қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс айларын атап беріңдерші?

Бүгін бізге ерекше күн. Мен сендерге сиқырлы кітапша алып келдім. Ішінде көптеген қызықты тапсырмалар бар екен. Ал, енді сиқырлы кітапшаның І тапсырмасын орындап көрейік.

І – тапсырма: «Жұмбақтар шешу»

 

1.      Сауықтырар сырқатты,

Жылы үнмен тіл қатты.

2.      Қолында қайшы тарағы,

Тәртіпке шашты салады.

3.      Тәп – тәтті тамағы, астардың маманы.

4.      Кірпіштен сарай, үй салады,

Ол адам кім?

Жарайсыңдар балалар! Жұмбақты өте керемет шешеді екенсіңдер!                                                    ІІ – тапсырма: «Қандай мамандық және қызметі қандай?»

«Көңілді түймедақ» тапсырмасын орындау.

 

 

ІІІ – тапсырма: «Мамандық құралдарын тауып, орналастыр»

 

 

Сергіту сәті: «Көңілді күн» 

 

 

 

ІV – тапсырма:

Ұжымдық жұмыс. Құрастыру.

Ортада әр мамандықтар болады. Балалар мамандыққа сәйкес құралдарын топтастырып құрастырады.

Қыс мезгілі.               Желтоқсан, қаңтар, ақпан

 

 

 

 

Дәрігер

Шаштараз                         Аспазшы
Құрылысшы

 

 

Балалар лепбук арқылы түймедақ ішіндегі мамандықтардың атауын және қызметін атайды.          Балалар лепбук арқылы мамандықтардың құралдарын орналастырады.            Интерактивті тақта арқылы сергіту жаттығуын орындайды.

 

Дөңгелек үстінде балалар мамандық құралдарын құрастырады.

Рефлексиялық – түзетушілік Балалар, бүгін біз кімдер туралы  әңгімеледік?

Ашық оқу қызметіміз барлығыңа ұнады ма?

Оқу қызметіне қатысқан балаларды мадақтау, бағалау.

Жарайсыңдар, балалар! Енді, келген қонақтарымызбен қоштасайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау болыңыз бәріңіз!

 

Балалардың жауаптары.

 

 

Сау болыңыздар!

 

Күтілетін нәтиже:                                                                                                                                                    Білуі тиіс: Мамандық түрлерін атай алуды және ажыратуды білуі тиіс.                                                   Түсінеді: Мамандық иелерінің еңбегін бағалай білуді, әр мамандықтың қажеттілігін түсінеді. Қолданады: Лэпбукты еркін қолданады және сұрақтарға толық жауап бере алады.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Мусанова А.Е.

 

 

Алматы облысы, Талдықорған қаласы, № 10 балабақша тәрбиешісі: Мусанова Айгүл Елубайқызы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *