«Ойлан, тап»
Спандиярова Рахила Абылайқызы
Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№16 «Ертегі» балабақшасы
Қызметі: Тәрбиеші
Материал тақырыбы: «Ойлан, тап»
Білім беру саласы: Коммуникация. Таным. Әлеумет.
Ұйымдастырылғын оқу қызметі: Қорытынды оқу қызметі.
Тақырыбы: « Ойлан, тап»
Максаты: 1. Балалардың жыл бойы алған білімдерін қайталау. Балалардың білімдерін, біліктіліктерін бекіту. Санауды, сандарды ж/е кеңістікті бағдарлай білу қабілетін, қосу ж/е азайту амалдарының мағынасы туралы білімдерін тиянақтау.
2. Есте сақтау қабілетін дамыту. Балалардың біліміне қорытынды жасау.
3. Балалардың біліміне қорытынды жасау.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, релаксация жаттығуы, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Көрнекіліктер: сұрақтар,ребустар, слайд-шоу, тапсырмалар.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотиваци- ялық қорғаушы |
Арайлап таң атты Алтын шуақ таратты Қайырлы таң! Қайырлы күн! Саламатсыздар ма, апайлар! — Балалар бүгінгі күн қандай тамаша! Жарқын күнмен амандасып алайық. Армысың Алтын күн! Армысың Жер Ана! Армысың көк Аспан! Әр үйге нұр түссін! Әр үйге күн түссін! — Жарайсыңдар балалар! Орындарыңа барып жайғасыңдар. |
Балалар апайлармен амандасады.
Сөздерді қайталадйды. |
Іздену- ұйымдастырушы |
-Балалар бір жылда неше мезгілі бар? -Қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем мезгілінде неше ай бар? Атап беріңдер? -Көктемде ауа-рай қандай болады? -Көктем туралы тақпақ айтып беріңдерші.
-Бір аптада неше күн бар? -Апта күндерін атап беріңдер? -Балалар біздің топқа сыйлық келіпті. Көрдіңдер ма сыйлықтың бетінде көптеген тапсырмалар бар, сол тапсырмаларды орындасақ суретте не бар екенін көреміз. Қараңдаршы сурет бетінде сандар бар, сол сандарды санайық. ( Тура ж/е кері санау) -Жарайсыңдар балалар, өте жақсы! Олай болса 1 санын ашып қарайық. 1-тапсырма: Пішіндерді атап бер. ( Пішінді атап, түсін атап, ұқсастығын табу) -Жарайсыңдар балалар! Келесі тапсырманы оқиық. 2-тапсырма: Д/о: «Төлін тап» (Сызық арқылы төлін табу ж/е үй жануарлары туралы айтып беру) 3-тапсырма: Жұмбақтарды шешу. ( жабайы жануарлар жайлы айту) 4-тапсырма: Логикалық ойын: « Атаға көмектес» ( Ұзын-қысқы, жуан-жіңішке) 5-тапсырма: «Қағаз бетіндіегі суреттер қалай орналасқан?» ( Кеңістікті бағдарлау)
Орнымыздан тұрайық Қолды белге қоямыз Бұрыламыз оңға бір Бұрылымыз солға бір Жаттығуды жасасақ Жақсы сергіп қаламаз!
6-тапсырма: Логикалық есептер шешу.
7-тапсырма: Санамақ айтып беріңдер.
8-тапсырма: Денсаулық туралы мақал-мәтел айтып беріңдер.
9-тапсырма: Қазақстан Республикасы туралы не білесіңдер?
10- тапсырма: «Қандай ертегі екенін тап?» ( Слайд арқылы көрсету)
11-тапсырма: «Ребусты шеш» ( Слайд арқылы көрсету)
12-тапсырма: «Сөздерге дыбыстық талдау жаса» (берілген сөздерге дыбыстық талдау жасау)
-Қараңдаршы балалар біз барлық тапсырмаларды орындадық. Суреттің беті аштық. Осы сурет бойынша маған кім әңгіме құрастырып береді? |
4 мезгіл Көктем 3 ай бар Күн жылынады Аружан Нарасыл: Көктем,көктем,көктемде Құстар ұшып жеткенде Біз қуанып қаламыз Әнмен қарсы аламыз Балалалр атап береді.
1-ден 20-ға дейін санайды.
Геометриялық пішіндерді айтып береді.
Тапсырманы орындайды.
Ойлана отырып, жұмбақтардың шешуін табады.
Кеністікті бағдарлайды.
Бір сергіп алады.
Есептерды шығарады.
Санамақ айтып береді.
Мақал-мәтел айтады.
Рәміздер туралы өз түсініктерін айтады.
Ертегінің тақырыбын айтады.
Ребусті шешіп, кандай сөз шыққанын айтады.
Сөздерге дыбыстық талдау жасайды.
Сурет бойынша әңгімелеп береді.
|
Рефлексті- коррекциялаушы |
-Балалар бүгін біз қандай оқу іс-әрекетін өттік? -Бізге қандай сыйлық келді? -Онда не бейнеленген? -Қандай тапсырмалар орындадақ? -Жарайсыңдар балалар! Бүгін сендер оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар! -Ал, енді апайлармен қоштасайық!
Орнымыздан тұрайық Көріскенше күн жақсы Сау-саламат болайық Сау болыңыздар!
|
|
Білуі керек: Балалар бойында біліктілік болуы қажет.
Болуы керек: Балалардың есте сақтау қабілеті болуы керек.
Баланың қолынан келуі: Өз ойындағысын айтып жеткізе білуі керек.