Үш аю бізде қонақта
Токмаганбетова Арай
Үш аю бізде қонақта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты: Ертегіні кейіпкерлендіре отырып, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Суретке көңіл қойып мазмұнын түсіне білуге үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін тілдерін дамыту. Таныс ертегіні суреттен әңгімелеп беру, көркем-тілдік және орындау қабілеттерін қалыптастыру, халық шығармашылығына қызығушылықтарын таныту. Әртүрлі мінез-құлықтарды ажырата білуге үйрету. Тақпақты анық, түсініп айтуға дағдыландыру. Ертегідегі кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Маша, гүл, үй жануарлары, жабайы жануар, жеміс-жидектер муляждары.
Сөздік жұмыс: конжық, корбаң,
Қостілділік: аю-медведь, қонжық- медвежонок, құс-птица.
Ұйымдастыру:
Таңғы шеңбер:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Бәріңізді құрметтеп,
Бас иеміз біз.
-Балаларбіз орманға саяхатқа барамыз.
-Балалар біз қайда келдік?
-Орманға
-Орманда не бар екен?
-Ағаштар, гүлдер, шөптер
-Балалар біз қазір сендермен дидактикалық ойын ойнайық.
Дидактикалық ойын.
«Құмыраға гүлді түсіне қарай сал»
-Ой, балалар мына жерде бір үй тұр екен.
— Үйдің шатыры қандай пішінен тұрады?
— Үшбұрыш
-Ал, қабырғасы ше?
— Төртбұрыш
Үйдің ішінен жылап Маша шығады.
Маша: -Балалар мен орманда адасып қалдым. Жаңа мына үйге кірген едім. Үйде ешкім жоқ екен. Мен қайда келдім.
(Үш аю келеді)
Аюдың әкесі: — Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер қайдан жүрсіңдер? Сен кімсің?
Маша: -Мен Машамын. Мен орманда адасып , мына үйге кіріп едім.
Аюдың әкесі: -Сен біздің үйге неге кіресің? Енді біз сені жібермейміз!
Маша: Жіберіңдерші
Аюдың әкесі: Ол үшін біз орманда мына нәрселерді таптық.Бізге атап көрсетіп берсең жібереміз. Білмесең біздің үйде мәңгі қаласың.
Маша: -Балалар,сендер маған көмектесесіңдер ғой. Жарайды!
Аюдың әкесі: Менің тапсырмасы: үйжануарлары мен жабайы жануарлардың суреттерін көрсету.
Тәрбиеші: Балалар мынау не?
-Қоян ,
-Құлағы қандай?
-Ұзын
-Қоян қалай секіреді?
-Секіреді.
-Мынау не?
-Түлкі
-Түлкінің құйрығы қандай?
-Ұзын
-Балалар кім жабайы аңдар туралы тақпақ біледі?
Данил:
Аю отыр партада,
Екі қолы қалтада.
Апай сабақ сұраса,
Ұйықтап қапты масқара.
Айзере М.
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Аюдың анасының тапсырмасы:
Жеміс жидектерді атау.
Тәрбиеші:
— Мынау не?
-Алма
Түсі қандай?
-Қызыл
-Пішіні қандай?
Домалақ
-Ал, мынау не?
-Алмұрт
-Түсі қандай?
-Жасыл
-Ал, не ?
-Қызанақ
-Түсі қандай?
-Қызыл
-Пішіні қандай?
-Мынау не?
-Сәбіз
-Пішіні қандай?
-Сопақша
Қостілділік:
Сәбіз-морковь, түлкі-лиса
Аюдың баласы:
-Ой мен шаршап кеттім.
-Балалар қонжық шаршап кетіпті кәне бойымызды сергітіп алайық.
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Аюлар: -Ой балалар шаршағанымыз басылып жақсы болып қалдық қой.
Маша біз сені үйіңе жібереміз .
-Аюлар біз үйімізге барып ұйықтаймыз. Сау болыңдар!
Аюлар үйге кіреді.
Тәрбиеші: Балалар біз Маша адасып кетпеу үшін көк шөптің үстіне гүлдер жапсырып береміз.
-Балалар мынау не?
-Гүл
Түсі қандай?
-Көк
Тәрбиеші тақтаға жапсырып көрсетеді. Балалар бәрі бір-бірден жапсырады.
Тәрбиеші: Маша міне біздің балалар саған шөпке гүл жапсырып берді осы гүлдің бойымен сен үйіңе барасың.
Оқу іс-әрекетін қортындылау.
-Балалар біз қайда бардық?
-Орманда не көрдік?
-Шөптер, гүлдер
-Бізге нелер келді қонаққа?
-Аюлар
Балалар сендер Машаны үйіне дейін шығарып сала қойыңдар
Сау болыңдар !