Жаңартылған білім беру технологиясы
Абилдаева Айжан Шәріппекқызы
«Бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстан да мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек», — деп Елбасы айтқан болатын. Олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Әрбір балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым — қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек» — деп айтылған. «Тәй-тәй» технологиясы арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балаға өз бетімен жұмыстануға жағдай туғызады. Балалар да өздерінің мүмкіндіктері мен қызығушылықтарына сай жұмыс түрін таңдау арқылы жекешелендіруді жүзеге асырады. Қызықты, әрі икемделген жұмыс түрлерін (тапсырмаларды) жоспарлап, әр баланың қалай орындағанын немесе ойнағанын бақылай отырып, тәрбиеші материалдар мен тапсырмаларды ауыстыруы, не жеке балаға бейімдеп өзгертуі мүмкін. Әр баламен жеке жұмыс жасау үшін топтық жұмыстарды шағын топтарда өткізу тиімді. “Тәй-тәй” технологиясының философиясы мынандай принциптер негізінде құрылған: Отбасының оқу-тәрбие жұмысына тікелей қатысуы; Оқу тәрбие жұмысын жекешелендіру негізінде балаға бағытталған әдіс-тәсілдерді қолдана отырып құру; Топта таңдау мүмкіншілігін жүзеге асыру мақсатында оқу орталықтарын құру; Оқытушыларға үнемі методикалық, техникалық тұрғыдан көмек көрсету. Тәй-тәй” технологиясының мақсаты: Жас бүлдіршіндерді жасытпай оқыту, сенімсіздік комплекстерін жою; Мектеп ішінде әміршілік пен өктемдікті қажет етпейтін құрылымды қолдау; Баланың өзіндік “Менің” анықтауға көмектесу; Балаларды дұрыс қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу; Балаларды жан-жақтылыққа, кісілік парасаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеу. Міндеттері: Балалардың бойына әлем және адамзат туралы дұрыс түсінікті қалыптастыру; Балалардың қоршаған ортасына деген қызығушылығын ояту; Балалардың адамгершілік мінез-құлықтарына баға беру мүмкіндіктерімен таныстыру. Білім, білік дағдылары: Өзара сыйластықты түсіне білуге қабілетті; Айналасындағыларды ұнатып,жақсы көре біледі; Жақсылық жасауға дайын, жақындарын қуантуға асығады; Шындықты айтуға, жағымды ойлауға үйренеді; Сабырлы болуға, тәрбиелі болуға, ойланып сөйлеуге үйренеді . «Тәй-тәй» технологиясының негізін қалаушы М.Мантессори. Мантессори педагогикасының негізі-арнайы орта құрып, онда баланың өзін-өзі дамытуына ықпал жасау. М Мантессори: «Баланың өсіп жетілуі үшін не қажет?» — деген сұрақ қойып, оның қажеттілігі, өзіне қызмет етуге, өзін-өзі дамытуға деген ұмтылыс болып табылатынын өзі ашқан мектептерде дәлелдеп берген. Сондықтан баланы өмірге бейімдеу дамытушылық ортада жүзеге асады.[3]. Дамытушылық ортасы дегеніміз-балалардың қызығушылығын туғызатын алуан түрлі, тартымды материалдар ашық қолжетімділікте болатын, педагог жасаған зат-кеңістік ортасы, ондағы балаларды оқыту және тәрбиелеу жағдайы әрбір балаға өзінің жеке қарқынмен дамуға мүмкіндік береді. “Step by Step” технологиясын насихаттау үшін тәрбиешіге қажетті қасиеттер. Жылылық; Түсінгіштік; Сезімталдық; Кең ойлай алу; Баланы шабыттандыра білу; Бала адам ретінде қадірлі болу; Сабағының қызықты әрі пайдалы болуы; Шығармашылық ізденісі; Балалар қандай қасиеттерді бойларына сіңіреді Сын тұрғысынан ойлай білу; Мәселе қою және оны шеше білу; Өз ойын жеткізе білу және сұрақтарына жауап таба білу; Әр іске шығармашылықпен қарау.
Балалар нені үйренеді: Шынайы ойлай білу; Проблемаларды шешу; Өз ойын айта білу; Өзінің сұрағына жауап білу. Бала бақшада қанша белсенді орталықтар болуға тиісті Әдебиет Математика Желілі-рольді ойын Ғылым Құрылыс Су мен құм Сауат ашу Қол ойындары (үстел-үсті ойындар, ойыншықтар) Өнер Құрылыс орталығы Мақсаты: Сезім, ойлау қабілеттерін дамыту. Әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын дамыту, ептіліктерін дамыту, математикалық ұғымдарды дамыту (салмақты, биіктікті, түрлі пішіндерді салыстыру). Шығармашылық және шешім қабылдай білу қабілеттерін дамыту. Әдебиет орталығы Мақсаты: Балалардың көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін дамыту. Кітапқа деген құрмет пен қызығушылығын арттыру. Оқуға дайындықтарын дамыту (солдан оңға, жоғарыдан төменге қарай оқу) Елестету және зейін қою дағдыларын дамыту. Сөздік қорларын молайту. Өнер орталығы Мақсаты: Әр бағыттағы өнерді қабылдауын дамыту (мүсіндеу, сурет, жапсыру). Сезім мен өнерді түсінуге тәрбиелеу. Өнермен шұғылдануға қажетті құралдарға жауапкершілікпен қарауға үйрету. Ақыл-ой қабілеттерін дамыту. Майда қимыл-қозғалыстардың нақтылығын дамыту. Өзіндік шығармашылық қасиеттері арқылы (сурет салу, жапсыру, мүсіндеуді) дамыту. Ғылым орталығы Мақсаты: Байқау және ажырату қабілеттерін дамыту. Әртүрлі эксперименттер жасау және зерттеу жұмыстарымен айналысу арқылы түсініктерін дамыту. Қоршаған ортаны қабылдап, оған деген құрмет сезімін дамыту. Өсімдіктер мен жанжануарларды күту мүмкіндігімен қамтамасыз ету. Болашақта физика, химия, биология, геология,астрономия, жаратылыс тану сияқты ғылымдарды оқып-үйренудің негізін бүгіннен қалау. Қызығушылық пен ізденісті қалыптастыру. Желілі-рольді ойындар Мақсаты: Әр түрлі рольдермен танысуға мүмкіндік туғызу. Әлеуметтік қарым-қатынастарды дамыту. Қолдың ірі және майда қимылдарын жетілдіру. Өзін қоршаған ортаны жақсы түсіну және баға бере білу қабілеттерін қалыптастыру. Көзбен көріп, ажырата білу қабілеттерін дамыту. Оқу орталықтары мынандай критерийлер бойынша құрылады: Әр орталықтың өзінің нақты шекарасы болуы керек, ол үшін әртүрлі сөрелер, шкафтар, тумбалар, шымылдықтар мен оқу материалдары салынған кәрзеңкелерді пайдалануға болады, бірақ олардың барлығының баланың бойынан биік болмауын есте ұстаған жөн; Орталықтар балалардың жұптасып немесе аз топпен жұмыс жасауына қолайлы болуы қажет. Былайша айтқанда, орталық 5-6 немесе 7-8 бала сиятындай орын алуы керек; Орталықтар балалар және үлкендер еркін қозғала алатындай ыңғайлы орналасуы тиіс Әр орталықтың өз белгісі мен ережесі болуы қажет. Ережелерді тәрбиеші балалармен бірлесе отырып құрады; Топта оқушылардың жиналатын орны болуы міндетті, ол жер жайлы, әрі төсеніші болғаны дұрыс; «Шулы» орталықтардың «тыныш» орталықтардан аулағырақ орналасуын қадағалаңыз; Топта үстелдер мен орындықтар саны жеткілікті болуы қажет; Осы орайда тәлімгер тәрбиешіміз Б.А.Досалиеваның ұйымдастыруымен өткізілген ашық оқу қызметімізді тілге тие кетпекпін. Мектепалды даярлық тобының бөлмесін арнайы орталықтарға бөліп алдық. Балаларды әр орталыққа сай бейімдеп тәжірбие арқылы білімізді тереңдеттік. Құрылтайшымыз К.М.Ускенова барлық орталықты жабдықтауға қолайлы жағдай туғызып берді. Биылғы жаңа оқу жылында «Тәй-тәй» бағдарламасы бойынша оқуды тереңдету жоспарда бар.
Жоғары айтылғанды қортындылай келе,педагогикалық ұжым атқарған жұмыстардың іске асып жатқанын көреміз.Мектепке дейінгі балалардың дамуы мен тәрбиесіне;оқытуына жағдай жасауда «Тәй-тәй» технологиясының тиімділігі алынған нәтижелер дәлелдейді. «Тәй-тәй» технологиясы педагогикалық ұжымға оқытудың жеке тұлғаға бағыттау қағидаттарын арқау етуге мүмкіндік жасады.Мұндай оқыту жеке тұлғаның білімін, зейінін, қабілетін және негізгі бақылау міндеттемесін, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттілігін, белсенділігін, біліктілігін, тілдік, әлеуметтік еркіндігін, мінез-құлқын, өзіндік ойлау қабілетін және өзін-өзі бағалауының қалыптасуынна мүмкіншілік жасайды. Біздің қызметіміз де, өміріміз де,баламен тығыз байланысты.Бұл тұрғыда әрбір педагог өз ісіне жауапкершілікпен қарап, жас ұрпақтың саналы боп өсуінебойымыздағы бар асыл қасиетіміз бен білімімізді арнасақ болғаны.