1 желтоқсан Президент күні
Тақырыбы: « Елбасы –ел тірегі»
Мақсаты: Жас ұрпаққа президентіміздің сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенің таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Кәне балалар, қонақтармен амандасайық.
Балалар: Сәлематсыздар ма!
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Балалар бүгінгі біз сабағымызда Еліміздің тұңғыш президенті жайында айтамыз. Тақтаға қараңдаршы мына суретте кім бейнеленген?
Балалар: Нұрсұлтан Назарбаев,Қасым Жомарт Тоқаев Кемелұлы
Тәрбиеші: Дұрыс Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал, балалар ол кім екенін білесіңдер ме?
Балалар: Ол біздің президентіміз
Тәрбиеші: Балалар 2012жылы 1желтоқсан күні «Тұңғыш президент кун» болып енгізілді.Әр жылда біздер Президент күнін атап өтеміз.Біздің еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болды.Қазіргі уақытта 2019жылы 20наурыз айында сайланды.Балалар біздің елбасымызға арнаған тақпақтарыңызды айтып береді
Әмина:
Ел басымыз жолдайды
Халық оны қолдайды
Ешқашанда орынсыз
Шешімдері болмайды
Аянат:
Тәуелсіздік елге сыйлады
Бейбітшілікті қолдайды
Орындалып арманы
Халқымызда ажарлы
Осының бәрі әрине Елбасының арқасы
Әнуар:
Ел басы елді қорғайды
Халық қамын ойлайды
Осындай жақсы адамның
Жақсылығы тарайды.
Жазира:
Бағдарлап елдің ертеңін
Тыныштық тауып жатпаған
Болашақ үшін тер төгіп
Үмітін елдің ақтаған
Құдайберген:
Ел басы болды да қазағымның
Еңкейтпеді жалауын әр елімнің.
Тәрбиеші: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6-шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Атасының есімі- Назарбай, әкесінің есімі-Әбіш, Нұрсұлтан есімді әжесі Мырзабала беріпті. Алланың 99 аты бар екен. Соның бірі-Нұр тағы бірі-Сұлтан. Анасының есімі-Әлжан екен. Нұрсұлтан 5 жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ батасын алған екен. Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебіні бітірген. Мектепте озат, үлгілі оқушы болыпты. Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған. 1976 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын,1976 жылы партия мектебін бітірген 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың Тұңғыш Президенті болып сайланды. Қазақсатан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2010 жылы 15 маусымнан бастап заңды түрде «Елбасы» мәртебесіне ие болды. Ол осы жетістігіне өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы 1953жылы Алматы Қаласында туылған.Әкесі –Кемел Тоқаев,Анасы-Тұрар Шабарбаева.
Тәрбиеші: Балалар сендердің аналарың,әкелерің сияқты жұмыс істегендей Елбасымызда жұмысы біздің елімізді басқарады. Біздің президентің жұмыс орны қайда кім біледі балалар айтыңдаршы?
Балалар: Астанада
Тәрбиеші: Дұрыс! Астанада Ақордада балалар Астанада тағыда не бар?
Балалар: Астанада Бәйтерек бар!
Тәрбиеші: Дұрыс Бәйтерек бар, ол біздің елдің символы. Ал, балалар сендер біздің елдің рәміздерін білесіңдер ме?
Балалар: олар: ту, әнұран және елтаңба.
Тәрбиеші: Ал бұл суреттер нені білдіреді, білесіңдер ме? Балалар біздің туымыздың түсі қандай?
Балалар: Көк
Егеменді ел болып, тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәт — Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Осының бәрі — еліміздің тұңғыш президенті — Н. Ә. Назарбаевтың арқасында.
Тәрбиеші: Балалардың әнін тыңдайық
«Көк тудың желбірегені»
Қ-сы
Көк тудың желбірегені
Жаныма қуат береді
Таласқа түссе жан мен ту
Жан емес, маған керегі
Көктудың желбірегені
1. Көк тудың желбірегені
Елдіктің асқақ өлеңі
Жан-жаққа тартпай қазағым
Бір сөзге жинал дегені
Қ-сы
Көк тудың желбірегені
Жаныма қуат береді
Таласқа түссе жан мен ту
Жан емес, маған керегі
Көктудың желбірегені
Тәрбиеші: Ол аспанымыз ашық болсын дегенді білдіреді. Күннің бейнесін қараңдаршы-күнің сәулелері біздің еліміздегі ұлттар саны. Біздің елімізде жүз отыз ұлт бар екен. Осы күн-100 ді білдіреді ал сәулелер отыз екен.
Шаршадыңдар ма балалар!
Балалар: Иә шаршадық
Тәрбиеші: Кәне келіңдер
Сергіту сәті:
Біз бақытты баламыз
Шырқап әнге саламыз
Туыспыз біз бәріміз
Бір отанды сүйеміз.
.Қорытынды: балалар біз бүгін сабақта кім туралы айттық?
Балалар:Қасым Жомарт Тоқаев туралы
Тәрбиеші:Ол кім?
Балалар: Ол біздің елдің президенті
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!
Осымен сабағымыз аяқталды. Орнымыздан тұрып,келген қонақтарды шығарып саламыз.