Қызықты матемаитка

 

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Қарапайым  математикалық  ұғымдарын қалыптастыру

Тақырыбы: Қызықты математика

Мақсаты: Қызықты математикалық тапсырмаларды орындауға жаттықтыру, қарапайым ұғымдарын түсіндіру, геометриялық пішіндерін ажыратуға үйрету.Сандарды тура және кері санауға дағдыландыру. Биік – аласа, аз – кем, ұғымдарын қалыптастыру. Балаларды шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ -жауап.

Көрнекіліктері: Сиқырлы кілемше, геометриялық пішіндер, сандар, «Дьенеш» логикалық блоктары, айна, бояу түрлері.

Билингвалдық компонент: сарай-дворец-palace

Ұйымдастырылған  қызметтің  барысы:

І-ші кезең ұйымдастырушы- қозғаушылық.

Балалар бүгінгі топқа келген  қонақтармен  сәлемдесейік. Балалар бір-бірімізге жылы лебіздерімізді білдіру үшін шаттық шеңберін  жасайық.

Аспаннан қуат аламыз.

Күннен жылу аламыз,

Күннен алған жылуды

Жүрегімізге саламыз,

Жүректегі жылуды.

Бір бірімізге сыйлаймыз.

ІІ- ші кезең. Ұйымдастырушылық ізденістік.

Балалар бүгінгі оқу-қызметімізде  мен сендермен бірге қонаққа барғым келіп тұр. Менімен бірге барасыңдар ма? Қонаққа бармас бұрын менің сендерге дайындаған сұрақтарым бар. «Миға шабуыл» балалар қойылған сұрақтарға тез жауап беру керек. Дайынсыңдар ма?

  1. Бір жылда неше мезгіл бар?
  2. Қазір жылдың қай мезгілі?
  3. Қыс мезгілінде неше ай бар?
  4. Бір жылда неше ай бар?
  5. Бір айда қанша күн бар?
  6. Бір аптада неше күн бар?
  7. Апта күндерін ата? Бүгін аптаның қай күні?

Жарайсыңдар балалар рахмет.

Балалар бізге қонаққа бару үшін көлік қажет.  Қандай көлік түрлерін білесіңдер? Балалар қазір қыс мезгілінде күн аязды сондықтан да қонаққа тез бару үшін, мен сендерге сиқырлы кілемшемен  баруды ұсынамын. Міне менің кілемшем. Ой, балалар менің кілемшемді  тышқан тесіп тастапты. Енді маған көмектерің керек. Кілемшеге тиісті пішіндерің қойып саяхатқа аттанайық. Көзімізді жұмып, бір-біріміздің қолымызды ұстап  ұшуға дайындалайық. Музыка әуенімен сарайға қонаққа аттанады.

Балалар қараңдаршы біз қайда  келдік? Дұрыс айтасыңдар керемет бір сарайға келдік.

Сұлтан: Сәлеметсіңдерме балалар сарайыма қош келдіңдер!

Сәлеметсізбе Сұлтан біз сізге қонаққа келдік.

Сұлтан: қош келдіңдер балалар мен сендердің  көптен күткенмін, сендерге сыйлық  дайындадым. Сыйлықты алғыларың келеме?

Балалар жауабы:

Олай болса менің сиқырлы сандықтарға жасырған  тапсырамаларымды орындаңдар.

1-тапсырма.

1.1 «Кім  тез есептейді?» Балаларға логикалық есептер оқылады.

  1. Оң жақ талда 2 алма

Сол  жақ талда 5 алма

Қосып  көрші  барлығын

Болып  шықты неше  алма?

  1. Алты қонжық орманға

Бара жатты  қорбаңдап

Бірі олардың  шаршады

Әрі қарай бармады

Жауабын тез айт

Қанша  қонжық  кетті алды?

  1. 3. 10 асықтың 3-еуін

Досың сұрап алады.

Айтшы сенде нешеуі

Өз қолында қалады?

  1. Апам менің базардан төртбұрышты 2 доп сатып әкелді. Біреуін ініме бердім. Менде қанша төртбұрышты доп қалды?
  2. Үйге кірді Алдияр

Оған  қоса  Мадияр

Қанша болды бар бала?

1.2 Салыстыру:

Балаларға  суреттер көрсетіледі.  Аз, кем, тең  белгілерін қолдану арқылы тапсырманы орындау.

Балалар тапсырмаларды орындаған соң  музыка әуенімен  бірінші сандық ашылады.

Сұлтан: Жарайсыңдар  балалар сендер бірінші тапсырмамды дұрыс орындадыңдар. Енді екінші тапсырманы қалай орындайды екенсіңдер көрейік.

 2-тапсырма

2.1. Сандарды өсу ретімен орналастыр. Тура  және кері сана.

Балалар сандарды ретімен қойып, тура және санау керек. Балалар кәне Сұлтанның тапсырмаларын тез орындап сыйлығымызды алайық. Кәне кім шығып орындайды? Балалар тапсырманы орындайды.

2.2. Биік, аласа ұғымдары

Суреттегі тапсырмаларды орындау керек. Биіктен аласа суретке қарай сызып, аласа суретті бояу керек балалар. Тапсырманы орындаған кезде қаламдармен абайлап жұмыс жасаймыз. Көзімізден алшақ ұстаймыз. Балалар тапсырманы орындайды.

Балалар біз Сұлтанның тапсырмаларын тез орындау үшін сергіту жаттығуын жасайық.

Сергіту сәті:

1 дегенде тұрайық

2,3,4 алақанды соғайық

Оң жаққа бұрылып,

Сол жаққа  бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып.

Біз жүгіріп аламыз.

5 дегенде асықпай

Орнымызды табамыз.

Сұлтан: Керемет балалар бұл тапсырманыда орындадыңдыр. Енді 3 ші сандықтың тапсырмасын көрейін қалай орындайды екенсіңдер.

3 — тапсырма

3.1. «Дьенеш» логикалық  блоктары арқылы суреттер құрастыру.

 

Балалар біздің алдымызда  Дьенеш блоктары және үлгілік суреттері бар. Соған қарап тапсырманы орындаймыз. Балалар құрастырып болған соң не құрастырғанымызға сипаттама береміз.

 Сұлтан: Жарайсыңдар  балалар сендер менің үш сандыққа жасырған тапсырмаларымды орындадыңдар. Менің сыйлығым мына сандықшада осы сыйлықты алу үшін тағы бір тапсырмамды орындасаңдар беремін. Ол  үшін менің сарайымның келесі бөлмесіне өтейік.

Тәрбиеші: Сұлтан біздің балалар бұл тапсырманыда орындайды.

Бізге берілген тапсырмада балалар айнаға қарама-қарсы бағытта отырып бірдей мезетте сурет салуға тапсырма берілген. Айна бетіне  қол саусақтарымызбен геометриялық пішіндердің суретін саламыз.

Сұлтан: Жарайсыңдар балалар бұл тапсырманы да орындадыңдар. Міне сендердің сыйлықтарын.

Тәрбиеші рахмет сыйлығыңызға. Балалар енді біз сыйқырлы кілемшемізге отырып балабақшамызға қайтайық.

ІІІ-ші кезең. Рефлексиялық түзетушілік.

Балалар көздерін жұмып музыка әуенімен қолдарын ұстап тұрады.

Топқа келген бүгінгі оқу қызметіне байланысты сұрақтар қойылады.

Балалар біз бүгін қонаққа қайда бардық?

Сарайда қандай тапсырмалар орындадық?.

Балаларға орындаған тапсырмалары бойынша сұрақтар қойылады.

Балалар сендерге көп рахмет. Біздің бүгінгі  оқу қызметіміз аяқталды.

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *