«Ұлттық өнер- ұлылығымыздың белгісі»
Ұлттық өнер – ұлылығымыздың белгісі
Халық тұрмысында музыкалық аспаптардың түрі өте көп болған.Бірақта оның көбі күнделікті өмірде пайдалануға сай келмегендіктен өте сирек қолданылады.Ал кейберінің дыбыс шығару мүмкіндігі жоғары және пайдалануға ыңғайлы болғандықтан күнделікті тұрмыста кеңінен тарап,халықтың мәдени мұрасына өте үлкен үлес қосты.Музыкалық аспаптардың халық арасында кең тараған түрлері домбыра,қобыз,сыбызғы.Осы аспаптар арқылы халық күйлері мен саз,әуендерін орындап,оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуде бұл құралдардың рөлі өте зор болды.Ел өмірінің тарихи кезеңдері оның музыка өнерінде жан-жақты бейнеленді.Адамдардың міндеті күнделікті өмір салтындағы басты сланың бірі рухани мәдениетті жетілдіру болса,соның бірі әрі бірегейі музыка деп атауға болады.Себебі өнердің қай саласында болмасын музыканың қолданылмауы кемде-кем.Адамдар мейрам-мерекелерде,той-думандарда,ойын-сауықтарда би билеп,ән шырқап,көңіл көтереді.Осы іс-шаралардың бірде-бірі музыкасыз өтпейтіні белгілі.ОЛай болса,музыка өнерінің адамның күнделікті тұрмыс-тіршілігінде алатын орны өте зор екенін білеміз. Қазіргі жастарымыздың көбі ұлттық өнерден гөрі орыстың немесе батыстың киносы,тыңдайтыны батыстың музыкасы , киетіні батыстық модадағы киімдер.Былайша айтқанда олар батыстың мәдениетімен тәрбиеленіп,батыстың өмір салтымен өмір сүріп жатыр.Сол себепті де жастарымыздың санасы қазіргі өмір салтымызға байланысты батыстың мәдениетіне еліктеп, сол бағытта қалыптасуда.Бірақ та бұл біздің ұлттық рухани мәдениетініміздің дамуына өте қауіпті тенденция. Біз мұндай ұлттық мүддемізге жат әрекеттен құтылу үшін өзіміздің ұлттық рухани мәдениетінімізге негізделген қазақтың «Тұрмыс түзер ойыңды, ойың түзер бойыңды» деген қағидасын басшылыққа алып өзіміздің өмір салтымызды қалыптастырып,соның принциптерімен өмір сүруіміз керек.Сонда ғана біз өзіміздің тілімізді,дінімізді,салт-дәстүрімізді сақтап, оны әрі қарай дамыта аламыз.Адамның ақыл-парасаты толысып,өзінің оң-солын танып,тұлға болып қалыптасқаннан кейін мұндай батыстың теріс идеясымен әрі қарай өмір сүре беруге болмайды.Себебі әрбір адам белгілі бір ұлттың өкілі болып өмірге келеді.Және ол ұлттың тілі,мәдениеті,салт-дәстүрі бар.Егер де ол адам сол ұлттың өкілі болғысы келсе, ұлтының қасиеттерін әрі қарай дамытып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу үшін өз ұлтының патриоты болуға тиіс.Сол себепті әрбір адам өзінің қабілетіне қарай ұлтына қызмет етіп, «сана адамды түзейді» деген жаңа принциппен сапалы өмір сүрулері керек.Ұлттың рухы- өнерінде,мәдениетінде,салтында,сондықтан да қоғамымызда «Салауатты өмір салтын» орнату біздің стратегиялық мақсатымыз.
Нұр-Сұлтан қаласы, № 84 «Кәусар» балабақшасының музыка жетекшісі: Қойшыман Эльмира Жұмабекқызы