« Тәуелсіздік бақытым»
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Бесшоқы елді мекені
№9 «Бәйтерек» балабақшасы
МКҚК тәрбиешісі:
Мырзатаева Рамиля Мухтаровна
Тақырыбы: « Тәуелсіздік бақытым»
Мен, көгінде күн нұр шашқан, Тәуелсіз Қазақстан елінің азаматымын. Мен өз еліммен мақтанамын, «қазақ» деген ұлттың ұрпағы болғаныма, Тәуелсіз бейбіт елде өмір сүріп жатқаныма, мен өте бақыттымын. Биік шыңын қар басқан таулары, кең байтақ жазық даласы, сарқырап аққан өзендері, қойнауында тасыған қазба байлықтары, жайқалған әсем табиғаты көз тартады. Біздің ел, осындай құндылықтарымен әлемге танылды. Десек те, біз өз тарихымызды ұмытпауымыз керек. Өз еліне сонау бодандық заманында тәуелсіздік сыйлаған, қаншама батырларымыз, желтоқсанның ызғарында шейіт болды. Ал біз, сол батырлардың ұрпағымыз. Егерде, сол заманда біз өмір сүрсек, Қайрат Рысқұлбеков Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев сынды қаһарман батырлар ел арасынан шығыр ма еді? Әрине, мұндай заман болсада ел үшін, отан үшін жер үшін кеуде тосар азаматтарымыз табылады. Отан үшін отқа да, суға да түсу, тіпті ел үшін жан пида ету қазағымның қанында бар дүние. Біздің тарихымыз ешқашан ұмыт болмақ емес. Өйткені « Қазақ » елінің Қазақстан болып қалыптасуы, осы тарихымыздан бастау алған.
Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер…
Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел…
Бұл жер қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер…
Қайта оянған қлт намысын қылыш қанға бөккен жер…
деп Мұхтар Шаханов атамыз жырлағандай, азаттық жолында құрбан болған, қаһарман батырларымыз әрдайым біздің жүрегіміздің түкпірінде болады. Осыдан 28 жыл бұрын егеменді ел болып, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы қазақ халқының аңсаған арманы еді. Тәрбие тал бесіктен демекші, мен өз тәжрибемде, балаларға ұлтымыз қазақ, біздің қалыптасқан салт – дәстүріміз бар екенін, біз бейбіт, азат елдің перзеттері екендігімізді түсіндіріп, қайталап айтып отырамын. Төрт жасар баладан «сен кімсің?» деп сұрағанымда, алған «Қазақ» деген жауабына, жүрегім жылып, көзім нұрланып кетеді. Болашақ ұрпақтың алар асуы, бұзар қамалы әлі алда.. Соның барлығына біліммен , ақылдылығымен жететініне мен сенемін.
Тәуелсіздігіміз мәңгілік жалғасын таба берсін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.
Тәуелсіздік бақытым
Тәуелсіз елім менің
Көгіңде күн сөнбесін,
Қалықтап қыран самғап
Көк туың желбіресін.
Халқымның арманы еді
Бейбіт ел берекелі,
Жеттік – ау ол күнгеде
Болашақ жарқын енді.
Қолда қорға Тәңірім!
Қазақ барша жұртын,
Перзентің ұрпағыңмын
Мен қандай бақыттымын.