«Қызыл телпек қонақта» екінші кіші топтарына арналған ертеңгіліктің сценарийі.
Қызыл телпек қонақта» атты екінші кіші топ балаларына арналған ертеңгіліктің сценарийі
Жүргізуші:
Қымбатты балалар және біздің құрметті қонақтарымыз! Міне, бізге ең тамаша жыл мезгілі – көктем де келіп жетті. Күннің көзі қарды ерітіп, аналарымызға, әжелерімізге тіпті бүкіл дүние жүзінің әйелдеріне күлімдейді. Мейрамдарыңызбен, қымбатты әйелдер, 8 наурыз мейрамы құтты болсын!
Бұл күнді тойлап жатыр барша халық
Әйелдер күні бүгін халықаралық!
Жарыққа бізді әкелген аналарды,
Бүгінгі мерекемен құттықтайық!
- Ана деген адамға құтты мекен,
Әр бала анасымен бақытты екен, — демекші аналардың құрметіне қол соғып, қошемет білдіре отырып, өз әжелері мен аналарын құттықтауға келген балаларды қарсы алайық.
Жүргізуші:(айналасына қарап, іздегендей болып) Балалар көктем ханшайымы маңайда көрінбейді ғой, кешігіп жатқанға ұқсайды ғой. Мүмкін жолда адасып кетіп, бізге келер жолды таба алмай жүрген болар. Қане біріміз бірге Көктемді ортаға шақырайық.
Жыршы құстар сайрасын
Айналамыз жайнасын
Кел, балалар дауыстап,
Шақырайық көктемді.
Барлық балалар: (дауыстап шақырады)
Көктем, көктем келеші,
Жылуынды берші.
Көктем, көктем келші
Қуанамыз сенші.- деп екі рет шақырады.
Музыка әуенімен қоян келеді. Қолында ашык хаты бар.
Қоян: Е –е –е хей Мұнда кім бар? Қолымда сіздерге деген ашық хатым бар. Тоңғандай болып: Бұл ашық хатты қаһарлы да ашулы қыс ханшасы беріп жіберді. Тезірек сіздерге жеткізуімді өтінді. Жақсылық болса болғаны. Тоңып қалдым. Күннің жылыныатын түрі жоқ қой. Осы уақытта күн жылынушы еді. Биыл көктем кеш келетін сияқты ғой. Мінекейіңіз. Мекен жайы дұрыс қой. Ал, енді мен қайтайын басқа да шаруаларым бар. Сау болыңыздар! – деп шығып кетеді.
Жүргізуші: Хатты ашып оқиды: Ызгарлы қыс көктем ханшайымынын сыйқырлап тастапты. Сол себепті ол кешігіп жатыр екен. Енді не істесек болады? Қалай құтқарамыз? Ойланғандай болып: Оның сиқырынын күшін қалай жою керектігін білемін. Ол үшін Көктемді әнге қосып жырлайық. Сол кезде көктем ханшасының сиқыры жойылып, ұйқысынан оянып келер. Ендеше тамаша қазақ және орыс тілдеріндегі әнімізді тарту етейік.
Ән: «Көктем»
Осы кезде музыка әуенімен ортаға Көктем ханшайымы келеді.
Жүргізуші:
Бәрің, бәрі қараңдар,
Естімей қалмаңдар!
Тіршіліктің бастауы,
Көктемді қарсы алыңдар!
(Музыка әуенімен көктем келіп кіреді.)
Көктем:
Мен көңілді көктеммін,
Былтыр келіп кеткенмін.
Өздеріңді сағына,
Қайта келдім тағы да.
Сәлеметсіңдер ме балақайлар? Сәлеметсіздер ме қонақтар? Балалар мен ұзақ уақыт бойы тәтті ұйқыда жатқанымда сендер мені оятып Қыс қаһарынан құтқарып алдыңдар. Сендерге ризамын.
Жүргізуші: Балалар, көктем мезгілі келді. Қане, олай болса көктемге арнап жаттаған тақпақтарымызды тарту етейік. Қабыл алыңыздар!
Тақпақтар көктем жайлы:
Осы кезде залға Қызыл телпек келеді.
Қызыл телпек: Ля,ля, ля,ля, ля – деп әндетеді.
Жүргізуші: Балалар қараңдаршы бізге қызыл телпек келіпті. Сәлеметсің бе Қызыл телпек.
Қызыл телпек: Салеметсіздер ме! Мен әжемнің мерекесіне арнап дәмді бәліштер апара жатқанмын. Сендердің тақылдап тақпақ айтып жатқан дауыстарынды естіп осында келдім.
Жүргізуші: Қызыл телпек келгенің қандай жақсы болды. Біздің балалар тек тақпақ айтып қана қоймайды, әдемі биде билеп береді.
Би: «Көктемгі гүлдер»
Қызыл телпек: Иә, сендер шынымен де өнерлі балалар екенсіңдер. Мында қаншама әдемі гүлдер біреуін алып әжеме апарып берейін.
Жүргізуші: Әрине ала ғой.
Осы кезде қасқырдың ұлыған дауысы шығады. /мойнында биноколь болады.
Қызыл телпек: Мынау ненің дауысы. Мынааааууу қасқырдың дауысы ғой. Қандай қорқынышты./дірілдейді/. Анам айтып еді қасқырдан байқа деп. Бәліштерінді жеп қоймасын деп. Қайда барып тығылсам болады?/ойланып тоғайдың артына барып тығылып қалады./
Осы кезде музыка әуенімен залға қасқыр келеді.
Қасқыр:Мында не болып жатыр. Мында бір дәмді иіс шығып тұр. Қарнымда ашып тұр. /иіскей бастайды./ Мында біреу бар. Сендер көрген жоқсыңдар ма? /балаларға қарап тұрады/
Балалар: Жоооқ.
Қызыл телпек: тығылып отырған қызыл телпек кенет түшкіріп қалады.
Қасқыр: /шошып артына қарап қалап қалады. /тоғайдың жанына барып қарайды/
Қасқыр: Мында біреу бар, ұсталдын ба? /деп қуа жөнеледі/
Қасқыр: Сен кімсің?
Қызыл телпек: Мен Қызыл телпекті қызбын?
Қасқыр: Қайда барасың?
Қызыл телпек: Әжемнің үйіне мерексімен құттықтап және анам пісірген бәліштерді апара жатырмын.
Қасқыр: Қайдағы мереке? Басымды қатырма әкел бері бәліштерінді менің қарным ашып тұр.
Қызыл телпек: Жоқ бермеймін бәліштерді әжеме апара жатырмын. /екеуі таласады/
Жүргізуші: Балалар енді не істейміз. Қызыл телпекке қалай көмектесеміз? /ойланып/. Қасқыржан сәлеметсің бе!
Қасқыр: Сәлеметсің бе! Уақытым жоқ сендермен әңгімелесіп тұратын. Мына қызыл телпектің бәлішін жеймін. Содан кейін өзің жеймін.
Жүргізуші: Қасқыржан ашуынды бас. Бүгін аналардың, әжелердің,қыздардың мерекесі. Қызыл телпекті ренжітуге болмайды. Ол әжесіне арнап пісрген бәліштері бар. Ал сенің анана қандай өнерін бар.
Қасқыр: Мереке дейсің бе? Аналардың, әжелердің, қыздардың және Қызыл телпектің. Мен, мен анама ештене силаған емеспін. Үнемі анамды ренжітіп тілін алмайтынмын. Енді не істесем болады / ойланып ренжіп қалады/
Жүргізуші: Қасқыржан, уайымдама. Сен біздің ұлдардан жақсы би үйреніп ал. Олар билеп жүріп аналарына дәмді ас әзірлеуді үйрететін болады.
Қасқыр: Жарайды.
Би «Аспазшылар» /ұлдар/
Қасқыр: Не деген керемет би. Рахмет сендерге балалар. Сендердің арқаларында би билеп үйреніп алдым. Мен жолда келе жатқанда себетке салынған көптеген орамалдарды тауып алдым. Балалар, сендер ойын ойнағанды ұнатасындар ма? Ендеше мен сендерге қызықты ойын үйретемін. Балалар сендер орамалдарды жіпке іле аласындар ма?
Жүргізуші: Әрине іле алады. Балалар орамалды ілеміз бе?
Балалар: Иә
Қызыл телпек: Ендеше ойын ойнайық.
Ойын: «Анаңа көмектес» деп аталады.
Шарты: Ортаға ұзын жіп керілген кір жайғыш әкеледі. 1-2-3 ойын басталды деген белгі берілген кезде музыка әуенімен ойынға қатысушы екі бала жылдамдық таныта отырып, жуылған киімдерді анасына тасып берулері керек. Ал аналары киімдерді кір қыстырғыштармен жіпке жылдамдықпен ілулері керек. Қай топ бірінші болып кірді жайса, сол топ жеңімпаз атанады. Енді жайылған кірлерді жинап алу үшін ойынға тағы да екі ана мен екі бала таңдалып алынады. 1-2-3 ойын басталды деген белгі берілген кезде анасы кірді жіптен алып баласына беру керек. Ал баласы оны кір салғыш жәшікке апарып салулары керек. Қай топ бірінші болып кірді жайса, сол топ жеңімпаз атанады.
Қасқыр: Балалар сендер шыныменде шапшаң екенсіңдер. Көңілім көтеріліп қалды. Қызыл телпек сен мені кешірші енді қорқытып, мазаңды алмаймын. Сені де мерекенмен құттықтаймын, — деп басына қыстырып қойған гүлді алып сыйлайды.
Қызыл телпек: Менің әжеме баруым керек. Әжем мені тосып отырған шығар.
Қасқыр: Қызыл телпек жүр әжене баратын жолды мен көрсетейін. /екеуі щығып кетеді/
Жүргізуші: Міне балалар қасқырмен Қызыл телпекті достастырдық. Әрқашан да дос бол керек. Біздің топтың ұлдары мен қыздары да тату — татті достар. Солай ма балалар?
Осы кезде залға Әже келеді.
Әже: Әй, Қызыл телпегім қайда жүр екен? Қызыл телпек қайдасын. Әлі келмеген ғой. Жолдан адасып қалған жоқ па екен? Әлгі қасқырдан қорқып қалмаса болғаны. /ойланып тұрады/
Жүргізуші: Сәлемесіз бе, Әже!
Әже: Сәлеметсіңдер ме. Сендер кімсіңдер?
Жүргізуші: Бүгін бізде мереке.Сізді де мерекеңізбен құттықтаймыз.
Әже: Мен мереке тойлайтын уақытым жоқ. Қызыл телпекті уайымдап тұрмын. Әлі жоқ. Келетін уақытыда болды.
Жүргізуші: Әже, уайымдаманыз. Қазір Қызыл телпек өзі де келіп қалады. Сізге бәліштерін әкеледі. Мына отырған балалар сізге және өздерінің әжелеріне аналарына арнап жаттаған әндерін тарту етпек. Соны тыңдап көріңіз.
Әже: Жарайды тыңдап көрейін.
Жүргізуші:
Ана біздің күніміз,
Әженің біз гүліміз,
Ана, әже сіздерге
Ән шырқаймыз бәріміз, — деп аналары мен әжелерінің құрметіне тамаша әннен шашу щашпақ. Қабыл алыңыздар!
Ән: «Ана — әже»
Әже: Рахмет сендерге балалар әндерін тамаша. Көңілім көтеріліп қалды. Айтпақшы балалар менің әдемі моншақтарым бар еді. Сол моншақтарды абайсызда үзіп алдым. Сендер маған сол моншақтарды қайтадан тізіп беруге көмектесесіңдер ме?
Жүргізші: Әрине көмектесемі. Олай болса ойын арқылы әженің моншақтарын тізіп берейік.
Ойын: «Моншақтар»
Шарты: Ойынға 3 бала қатысады. Алдарына моншақ және жіп беріледі. Олар музыка әуенімен жарыса отырып бірінші болып моншақтарды тізіп шығулары керек. Кім бірінші болса сол жеңіске жетеді.
Әже: Бәрекелді, алтындарым менің моншақтарымды тізіп бердіңдер. Жарайсыңдар!
Жүргізуші: Ойын өте қызықты болды. Міне, әже моншақтарыңызды алыңыз. Мерекені әрі қарай жалғастырайық. Аналарымыз біз үшін өмірдегі ең жақын әрі, жақсы адам. Ал, ақ жаулықты әжелеріміз болса біздің ақылшы, даналарымыз. Қане олай болса аналарымыз бен әжелерімізге арнап жаттаған тақпақтарымызды айтып берейік.
Тақпақтар ана – әже туралы.
Осы кезде Қызыл телпектің дауысы шығып залға келеді.
Қызыл телпек: Әже, әже, әжетайым қайдасын. /жан жағына қарап\
Әже: Қызыл телпек немерем. Мен мұндамын, — деп дауыстайды.
Қызыл телпек: /артына қарап/ Әжетайым менің мында екенсіз ғой, — деп бас салып құшақтайды. Мен сізді іздеп келдім. Мына бәліштерді сізге әкелдім.
Әже: Кішкентай немерем менің. Мен де сені іздеп шықтым. Орман ішінде қасқырдан қорқып қалды ма деп.
Қызыл телпек: Жоқ қорыққан жоқпын. Өйткені мына отырған балалар көмектесті.
Әже: Мына отырған балалар саған да көмектесті ме ? Ал маған жақсы әндерін тарту етті. Өздері сондай өнерлі екен. Қайырымды іс жасады. Балаларға арнап қазір сенен сыйлық беріп жіберейін. Жүр немерем – деп шығып кетеді.
Қызыл телпек: Міне балалар әжемнің сендерге деген сыйлығы деп, — себетке салынған бауырсақты әкеліп жүргізушіге табыстайды да қоштасып шығып кетеді.
Жүргізуші: Рахмет Қызыл телпек. Біз әрдайым көмек көрсетуге әзірміз. Сау бол!
Жүргізуші: Міне балалар, бүгінгі біздің аналар мерекесіне арнап дайындаған ертеңгілігіміз аяқталды. Аналарымыз әрқашанда қасымызда болсын! Ешқашанда бізден алыстамасын. Аналарымыз аман болсын! Ал енді мерекені әрі қарай топта жалғастырайық.