«Қанбак шал ертегісі»

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі:көркем әдебиет

Тақырыбы: «Қанбак шал ертегісі»

Мақсаты:

Білімділік: «Қаңбақ шал» ертегісімен таныстыру.

Дамытушылық:есте  сақтау  қабілеттерін дамыту. Балалардың  көркем  әдебиетке деген қызығушылығын  арттыра отырып  сөздік   қорын  байыту.

Тәрбиелік: халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Құрал-жабдық:конверт, хат, «Қаңбақ шал» ертегісі, дәудің, Қаңбақ шалдың суреттері,  түлкінің бет –пердесі.

Сөздік жұмыс каңбақ шал,дәу,пәрмен.

Қостілділік компонент: дәу- великан,лашық-лачуга,пәрмен- сила.

 

Іс — әрекетінің кезеңдері Педагогтың іс — әрекеті Балалардың іс — әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Тосын сый: есік қағылып, тәрбиеші топқа хатты алып кіреді. Балалар «кім келді?»-деп қызығушылық танытады.
Ұйымдастырушылық- ізденістік Тәрбиеші: «Бұл хат кімнен келді екен?»- деп хатты ашып оқиды.

«Сәлеметсіңдерме балалар! Мен ертегі періштесімін. Сендердің ертегіні жақсы көретіндеріңді білемін. Сондықтан да сендерге «Қаңбақ шал» ертегісін сыйға тартамын. Ертегі сендерге ұнайды деп ойлаймын. Сәлемнен ертегі періштесі.

Тәрбиеші хаттан ертегіні алып балаларға оқиды.

Тәрбиеші ертегі бойынша сұрақтар қояды.

-Ертегі кім туралы?

-Оны неліктен Қаңбақ шал –деп атады?

-Қаңбақ шал  дәуді қалай алдады?

-Жарайсыңдар балалар! Ертегіні жақсы түсініпсіңдер. Енді мен сендерге «Түлкі мен балапандар» ойынын ойнауды ұсынамын.

Тәрбиеші санамақтың көмегімен түлкі болатын баланы сайлап алып, қалған балаларға балапан болатындарын айтады.

 

-Жарайсыңдар балалар, бәрің епті екенсіңдер.

-Сендер ертегілерді білесіңдер ме?

— Мен сендерге «Ертегілер аялдамасы» ойынын ойнауды ұсынамын.

Тәрбиеші балаларға шеңбер бойы айналып жүруді ұсынып, сөздер айтады. Егерде сөздер арасында ертегілер атаулары аталса балаларға сол аялдамаға тоқтауды ұсынады.

Балалар хат кімнен келді екен деп қызығушылық танытады.

Балалар қол шапалақтап қуанады.

Балалар хаттың мазмұнын тыңдайды.

 

 

 

Ертегіні мұқият тыңдайды.

 

Тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.

-Қаңбақ шал туралы.

Балалардың жауабы.

 

 

 

 

«Түлкі мен балапандар»  ойынын ойнады.

Түлкі ұйықтап отырады. Балапандар түлкіге жақындап, оны оятады. Түлкі балапандарды қуып ұстайды. Ұсталған балапан ойыннан шығады.

 

 

 

-Иә, білеміз.

 

 

Балалар шеңбер бойы айналып жүреді. Егерде сөздер арасында ертегілер атаулары аталса тоқтайды..

 

Рефлексиялық-

түзетушілік

-Балалар сендерге кімнен хат келді?

— Ертегі періштесі бізге қандай ертегі сыйлады?

— Қаңбақ шал қандай адам?

-Ертегі періштесінен.

— Қаңбақ шал ертегісі.

 

Жеңіл, кішкентай адам.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ертегі мазмұнын.

Игереді: ертегі кейіпкерлерінің жағымды жағымсызын ажыратып айтуды .

Меңгереді:ертегі бойынша сұрақтарға толық жауап береді.

 

Вам может также понравиться...

1 комментарий

  1. жарияланған материал үшін сертификат алуға болады м а екен мына сайттан?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *