«Аспан әлеміне саяхат»

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Аспан әлеміне саяхат»

Мақсаты: Балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастырып бекіту.

Міндеттері:

1. Балалардың сан және санау, геометриялық пішіндер, кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау бөлімі бойынша жыл бойына өткен білімдерін бекіту.

2. Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, ойындар арқылы математика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету.

3. Балаларды ұжыммен бірге жұмыс атқаруға және достыққа тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілген жұмыстар: оқу қызметіне байланысты суреттер қарастыру, санамақтар жаттау, есептер шығару.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, слайд көрсету, саусақ жаттығулары, бейнелі өлең сөздері.

Қолданылатын көрнекі құралдар: сандар, әртүрлі фигуралар, суреттер, муляждар, демонстрациялық, үлестірмелі материалдар, слайд.

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты,

Қайырлы таң, Алтын күн!

Қайырлы таң, Көк аспан!

Қайырлы таң, Жер — Ана!

Қайырлы таң, апайлар!

Қайырлы таң, достарым!

1 тапсырма:

1. Жылдың төрт мезгілін ата?

2. Қазір жылдың қай мезгілі?

3. Бір жылда неше ай бар?

4. Бір аптада неше күн бар?

5. Бүгін аптаның нешінші күні?

6. Қазір тәуліктің қай мезгілі?

2 тапсырма

Балалар біздер бүгінгі оқу қызметінде «Ғарыш әлеміне саяхатқа» шығамыз, яғни ғарышкерлер боламыз.

— Ғарышқа бару үшін бізге не керек?

а) Сандарды үш тілде айту, 1-10 дейінгі сандарды тура және кері санау.

б) Сурет арқылы миға шабуыл

— Ғарышқа бару үшін бізге не керек?

— Балалар, кәне, тексерейікші сендер ғарышқа ұшуға дайынсыңдар ма?

 Жарайсыңдар балалар, енді біз қазір шынығып алайық.

— Орнымызда тұрамыз, қолдарымызды созамыз. Мен санаған кезде алдымен оң жаққа қарай бұрылып, айналамыз, сосын сол жаққа қарай. Жарайсыңдар! Ал енді біз қазір сендермен ғарышқа ұшамыз. Ол үшін біз ғарышкерлер киетін киім киіп алуымыз керек: комбинизон, қолғап, ал басымызға скафандр. Скафандрды не үшін киеміз? Дұрыс демалу үшін, тоңбау үшін, қауіпсіздікті сақтау үшін. Ал енді әркім өз орнында орналасыңдар, белбеуімізді тағамыз. Дайынбыз ба? (монитордан зымыранның ұшуға дайындалып, ұшқан көрінісі көрсетіледі)

Ұшар кезде біз дұрыс дем алуымыз керек. Ол үшін қолымызды ішімізге қоямыз, ауаны мұрынымызбен жұтып, ауызымыздан шығарамыз. Ал енді ұшамыз

Міне балалар,күннің айналысында элпис тәірізді орбиталар бойымен айналатын аспан денелері. Бірақ ғарышта күннің айналасында қаншама планеталар айналуда. « Күн жүйесі» деп аталатын сегіз планетаның күннен алшақтығы реті мынадай: Меркурий, Шолпан Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун. Айға жету.

3 тапсырма

Сандардың көршісін табу.

4 тапсырма

Логикалық есептер.

1. — Дүкеннен анам дөңгелек 2 допты алып келді, оның біреуін ініме бердім. Менде неше доп қалды? (1)

2. — Қоянда неше құлақ бар. (қоянның суретін көрсету)

3. — Қолда қанша саусақ бар? (саусақтардың суретін көрсету)

4. Ағашта 5 құс отыр, оның 2 – уі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?

5. Себетте 2 алма, табақта 3 алма қосқанда барлығы болады неше алма?

«Кім тез есептейді?»

1. Ақ балапан

Сары балапан

Шұбар балапан

Қара балапан

Барлығы неше балапан?

2. Алма ағашта 4алма

Қандай тәтті жесе алма

Төртеуінде жеп қойсам

Қалады онда неше алма?

3. Аулада 2 үйрек.

Қорада 1 үйрек,

1 үйрек тығылды,

Қалғаны неше үйрек?

4. Бір — бірімен жарысқан

Бір аю, бір арыстан,

Екі қоян, үш түлкі,

Бәрі нешеу ойлан тап?

5 тапсырма

Кеңістікті бағдарлау.«Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?»

Тәрбиеші: Балалар 2 — тапсырмада былай делініпті: «Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?» Ақ қағаз бетінің ортасына сопақша, сол жақ бұрышының жоғарғысына үш бұрыш, төменгі бұрышына төртбұрышты орналастыр. Оң жағының жоғарғысына шаршыны, төмеңгі бұрышына шеңберді орналастыр.

6 тапсырма

Геометриялық пішіндер мен геометриялық денелер.

Сергіту сәті.

Музыка әуенімен (теледидардағы робатпен бірге қимылдар жасау)

Бізге ғаламшарда өте ұнады, бірақ, Жерге қайтатын уақыт та болды.

Олай болса зымыранға отырайық.

Міне, біз Жерге оралдық. Сіздерге ғарыш әлемі ұнады ма?

Біз саяхатымызды қорытындылайық. (барлық балаларға естелік сыйлықтар беріледі).

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *