«Елін сүйген Елбасы»

 

Балабақша тәрбиеленушілеріне арналған «Тұңғыш президент» тақырыптық ашық сабағы. Ортаңғы топ балаларына Қазақстан Республикасы жайлы мәліметтер, отбасы жайлы және бас қаламыз Астана жайлы мәліметтер

      Тақырыбы:  «Әлем мойындаған Елбасы»
Мақсаты:
А)Білімділік: Балаларға Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың Тұңғыш        президент екені  туралы әңгімелеу, түсіндіру.

Ә) Дамытушылық: Балалардың  сөздік  қорын  байыту,  есте  сақтау қабілеттерін  дамыту.

Б)Тәрбиелік: Отанын,  елін, жерін  сүюге тәрбиелеу,  патриоттық  сезімдерін  ояту.

    Көрнектіліктер: слайд, Елбасы суреті, ту, елтаңба

Билингвалды компонент:  Елбасы – президент- President ,ту – флаг — flag

Елтаңба – герб — emblem

    Әдіс – тәсіл: сұрақ жауап, әңгімелеу, түсіндіру

    Сабақтың барысы:Мотивациялық-қозғаушылық:

Тәрбиеші:

  • Балалар, қараңдаршы, біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.

Кәне бәріміз қонақтармен амандасайық.Шаттық шеңбер:Барша жанды құрметтеп,Бас иеміз біз

  • Жарайсыңдар, балалар! Кәне енді оң қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып гимінді тыңдаймыз.
  • Балалар, қыс мезгілінің бірінші күні, 1-ші  желтоқсан еліміз үшін мереке күні болып есептеледі. Қандай мереке екенін білесіңдер ме?
  • Тұңғыш президент күні
  • Жарайсыңдар балалар! Ендеше бүгінгі сабағымызда Еліміздің тұңғыш президенті жайында айтамыз. Тақтаға қараңдаршы, мына суретте кім бейнеленген?
  • Нұрсұлтан Назарбаев!
  • Дұрыс, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал, балалар ол кім екенін білесіңдер ме?

Ол біздің тұңғыш президентіміз!

  • Дұрыс, балалар! Ол Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.

Тәрбиеші: 1991 жылы  1-желтоқсанда халық өз таңдауымен  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты  президент етіп сайлады. Н.Ә.Назарбаев  Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылындағыҮшқоңыр  жайлауында  дүниеге келген. Мектепте үздік оқыды. Бала кезінде ұшқыш болуды армандады.

  • Ал мына суретте онын жұбайы, жары Сара Алпысқызы

Балалар, сендердің  мамаларың, папаларың жұмыс істегендей, Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмысы президент болу. Біздің президентің жұмыс орны қайда, кім біледі?

  • Дұрыс! Астанада Ақордада. Балалар
  • Астанада тағы да не бар?

Балалар:Астанада Бәйтерек бар!Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздіңелдің символы.Балалар елбасы деген сөзді үш тілде айтайықшы: елбасы — президент – President

  • Балалар Елбасымыз жайлы тақпақпақтарымызды айтайқшы

Ақниет:Мақсатына жету үшін алдағы,Әубастан-ақ, дұрыс жолды таңдады.Сол азамат Нұрсұлтаның емеспе,Орындаған бабалардың арманын.Мансур:Күн өткен сайын құлпырып,Жайнадың гүлдей Астана,Елорда – менің Астанам,Елорда-менің бас қалам.Елдос:Ер болдық ерік алдық астаналы,Енді кімнен қазағым  жасқанады.Тәуелсіз  мемлекеттің  шежіресі,Нұсұлтанның атымен басталады.Айсұлтан:Елбасымыз жолдайды,Халқы оны қолдайды,Ешқашанда орынсыз,Шешімдері  болмайды.Санжар: Жанерке:

  • Ал, балалар, сендер біздің елдің рәміздерін білесіңдер ме?
  • Иә, білеміз. Олар: ту, гимн және елтаңба.

Тәрбиеші:

  • Балалар туға қарайықшы, не бейнеленген?

Дұрыс! Балалар біздің туымыздың түсі қандай?Дұрыс! Көк түс аспанымыз ашық болсын дегендібілдіреді. Күннің бейнесінқараңдаршы – күннің сәулелері біздің еліміздегі ұлттар саны. Біздің еліміздежүз отыз ұлт бар екен. Осы күн – 100 дібілдіреді, ал сәулелері отыз екен.Қыранның бейнесі – елімізәрқашан биікте самғасын, биіктен көрінсін  деген.

  • Ал, туымыздың жанында не бар екен?
  • Дұрыс айтасыңдар. Бұл оюлар тудың қазақ елінің туы екенін білдіреді.

 

  • Енді балалар Елтаңбамызға қараңдаршы. Елтаңбаның ортасында не тұр?

Балалар:

  • Шаңырақ!
  • Тәрбиеші:
  • Дұрыс! Балалар шаңырақ біздің елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үйдің,
  • Отбасының бейнесін білдіреді. Тағы да не бар?

Балалар:

  • Ат бар!
  • Дұрыс, қанатты ат бар. Атты біздің ата-әжелеріміз ер-азаматтың қанаты деген. Төбесінде жұлдыз бар. Ол – біздің еліміз әрқашанда биіктен көрінсін деген ойды білдіреді. Ал астындағы «Қазақстан» деген жазу Елтаңбаның біздің елдікі екенін, яғни, Қазақстан Республикасыныкі екенін білдіреді.
  • — Енді Қазақстан Республикасы, біздің отанымыз жайлы мақал-мәтел айтайықшы Біздің ұлтымыз  қалай  аталады?  —  ұлтымыз  қазақ.Ана  тіліміз  қай тіл?  қазақтілі.
  • Енді осы рәміздерді үш тілде айтайықшы: ту – флаг — flag

Елтаңба – герб — emblem

Ал енді балалар туған жеріміз жайлы, отанымыз жайлы мақал – мәтел айтайықшы?

Отансыз адам – ормансыз бұлбұл
Балалар біз бүгінгі оқу қызметінде  кім туралы айттық?Ол кім?Ол біздің елдің тұңғыш президенті.Дұрыс! Біздің еліміз қалай аталады?

  • Дұрыс! Маған біздің елдің рәміздерін атап беріңдерші.
  • Жарайсыңдар, балалар!

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Тұңғыш президент мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын.

Игереді: Рәміздерді естерінде сақтап, патриоттық өлеңдерді жаттап олардың мағынасын түсіне білуді.

Меңгереді: Елтаңбада, туда бейнеленген суреттердің қандай мағына білдіретінің меңгереді.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *