Баланың тілін дамытудағы ойынның маңызы
Адам бала кезінен қалыптасады. Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ тұлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Бала сөйлеуді үйрене келе, айналадағы дүниені танып — біледі. Көрген — білгенін басқаларға сөз арқылы жеткізіп тілдеседі. Осының өзі оның білім дағдысы молайып, күнделікті өмірден алған әсерінің нығая түсуіне себеп болады. Тіл — баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы барысында ой — өрісін, ақыл — парасатын, адамгершілігін, эстетикалық сезімін жетілдіру міндеттерін жүзеге асырудың ең басты құралы. Баланың тілін дамытып, қалыптастыруда ойынның маңызы зор. Ойын технология арқылы баланың тілін дамыту жеңіл болмақ. Ойын баланың оқуға деген ынтасын арттыратын әдіс. Бүгінгі таңда дидактикалық, сюжеттік, спорттық, ұлттық ж»не шығармашылық ойындарды пайдалану маңызды. Ойындар арқылы баланың дұрыс және ұғынықты сөйлей білуін, сондай — ақ ойын жағдайлары арқылы олардың зейіні мен ынтасын арттыруға болады. Баланың тілін дамыту барысында ойын түрлерін және өзара сөйлесу үлгілерін қолданған дұрыс.