жыл мезгілдері
Ұйымдастырылған оқу қызыметінің іс — әрекеті
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Бөлімі: «Қоршаған орта»
Тақырыбы: «Жыл мезгілдері»
Мақсаты:
Білімділігі: Жылдың төрт мезгіліндегі құбылысты салыстыру және ажырата айта білу
Дамытушылық: Қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, сөйлеу қабілеттеін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сөз жұмбақ, слайд .
Сөздік жұмыс: Жаз, күз, қыс, көктем.
Көрнекіліктер: тақырыпқа сай сурет үлгісі, слайд, шарлар.
Билингвальды компонент: жаз- лето, күз – осень , қыс – зима,
көктем – весна.
Қолданылатын технология: Дамыта оқыту.
Пән аралық байланыс: Қатынас, әлеумент.
Сабақ түрлері: Аралас
Танымды оятушылық:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбер:
Табиғат біздің анамыз
Табиғатқа баламыз
Иіліп сәлем береміз
Біз әдепті баламыз
ІІ. Өткенді қайталау
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі
-Қыс мезгіліндегі табиғаттағы өзгерістерді атаңдаршы:
-Қыс айларын атаңдар?
-Өте жақсы
Ұйымдастыру — іздестіру
ІІІ. Жаңа тақырып:
1.Кіріспе бөлім
-Балалар маған қараңдаршы, менің қолымда әр түрлі түсте шарлар бар.
Бұл шарлардың түстері осы төрт жыл мезгілін сипаттайды.
Күз –сары түсті
Қыс – ақ түсті
Көктем — көк түсті
Жаз — жасыл түсті
Осы шарларды жылдың қай мезгіліне сәикес келктінін мына сөз жұмбақтар арқылы табамыз.
Ой – қозғау:
Сөз жұмбақ:
1. Жапырақтар сарғаяды.
Күн бұлттанады,
Жаңбыр жиі жауады.
Құстар жылы жаққа ұшады,
Айтыңдаршы балалар
Бұл қай кезде болады? (Күз)
2. Шана зырғып келетін,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс)
Қар – мұз еріп,
3. Су көбейіп .
Бүршік шашып.
Жапырақ ашып ,
Бәйшешектер басады .
Айтыңдарышы балалар ,
Бұл қай кезде болады? (Көктем)
4. Күнің көзі шуақты .
Балалар жүр шомылып,
Көбелектер қуып ойнайтын .
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Жаз)
-Рахмет балалар :
Жаңа тақырып:
-Балаларды слайдқа экранға назар аударту.
-Суретпен әңгімелесу
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінің жайсыз жағы қандай?
-Аяз, боран, суық.
-Ал жақсы жағы қандай?
-Таза ауа, қар көп болады, шана тебеміз, ойнаймыз.
Қыс мезгілінен кейін қандай жыл мезгілі бар?
Көктем — мезгілінің жайсыз жағы қандай?
-Жер лайсаң болады, қар ериді.
-Жақсы жағы қандай?
-Ағаштар бүршік атады, күн жылынады, құсттар жылы жаққа ұшып келеді.
Көктем мезгілінен кейін қандай жыл мезгілі бар?
-Жаз – мезгілінің жайсыз жағы қандай?
-Күн ыстық болады.
-Жақсы жағы қандай ?
-Суға түсеміз, жемістер – көкеністерді жейміз.
Жаз мезгілінен кейін қандай жыл мезгілі бар?
-Күз – мезгілінің жайсыз жағы қандай?
-Жаңбыр жауады, суық болады
-Жақсы жағы қандай?
Жеміс пен көкөністер де пісіп, қаңбаға астық толады.
-Балалар біз бағанадан бері жыл мезгілдерін атадық, олардың жақсы – жаманын айыра білдік.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар.
Алдымнан жел елді,
Кіп — кішкентай ағаштар.
Биік болып өседі.
Дидактикалық ойын: «Ғажайып алаң»
Шарты: Әуен ойналады, дөңгелен ғажайып алаңнан айналып жүреді.
Онда төрт мезгідің суреттері болады.
Балалар қай суретке тоқтайды сол суретке қарап,
ненің суреті және неге байланысты екенін әңгімелеп береді Балалар ойынды қызықты өткізеді.
Қорытынды:
-Балалар, бүгін қызықты не білдік?
-Жыл мезгілдерінің өзгерістері қандай болады екен?
-Жыл мезгілдерінің өзгерістері қандай болады?
-Жыл мезгілінің суық неге жылуын және пайдалы мен зиянын
білдік пе?
Үйге тапсырма:
Қыс туралы тақпақ жаттау.
Мақтау – мадақтау
Балаларды белсенділіктеріне байланысты смайликпен даралап
мақтау — мадақтау
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Жыл мезгілдеріндегі табиғат құбылыстарын
Болу керек: Жыл мезгіліндегі табиғаттағы өзгерістер туралы түсінігі
болу керек.
Істей білу керек: Жыл мезгілдеріндегі жақсы — жаман жақтарын
ажырата айта білу.
Тексерді:
Әдіскер :
«Аягөз қалалық №5 бөбекжай балабақша» ҚМКМ
Бекітемін:
Ашық сабақ
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Бөлімі: «Қоршаған орта»
Тақырыбы: «Жыл мезгілдері»
«Алтын балық» тобы
Тәрбиеші: Саукманова Ж.С.