Үлкен – кіші.Таңертең.
Идрисова Гаухар
Ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру салалары:таным.
Бөлімі: ҚМҰҚ.
Тақырыбы: Үлкен – кіші.Таңертең.
Мақсаты: заттарды көлемі бойынша(үлкен – кіші) салыстыру біліктерін қалыптастыру;
таңертең –тәулік бөлігімен таныстыруды жалғастыру.
Міндеттері:көлемі бойынша(үлкен – кіші) заттарды салыстыру; тәулік бөліктерін
ажырата және атай білу білігін – таңертең ұғымымен таныстыруды жалғастыру; таныс
заттарды көлеміне қарай салыстыру білігін дамыту (үлкен –кішкентай), заттарды осындай
белгілеріне қарай топтау; заттарды табуға деген ынтасын тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
біледі: заттардың көлемін (үлкен – кіші) атауды;
түсінеді: заттардың көлемі бойынша әртүрлі болатынын (үлкен – кіші);
қолданады: заттарды көлеміне қарай қосу арқылы қарындашпен жұмыс жасау
дағдыларын. Сурет бойынша – таңертең тәулік бөлігін ажыратуды.
Қажетті құрал-жабдықтар менкөрнекіліктер: үлкен және кішкентай заттар
бейнеленген суреттер; «Тәулік бөлігі – таңертең» иллюстрациясы, қуыршақ, екі
кәмпиттің макетін: үлкенірек –қызыл және кішірек – жасыл, жұмыс дәптері, әр балаға жай
қарындаштар.
Сөздік жұмыс: үлкен, кішкентай.
Билингвальды компонент: үлкен – большой, кішкентай – маленький.
ҰОҚ-нің барысы
- Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері.
Педагог:
–Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Кәне, бәріміз
шаттық шеңберіне тұрайық. Бір-біріміздің қолымыздан ұстап, бәріміз бірге: «Қайырлы
таң!» дейік.
Әдібай Табылдиевтің «Қайырлы таң, балалар!» тақпағынан үзінді оқиды:
Арайланып таң атты,
Алтын шапақ таратты.
Қайырлы таң, балалар!
Аман Отан – панамыз,
Аман ата-анамыз,
Қайырлы таң, балалар!
Балалар шаттық щеңберге тұрып, сөздерді педагогпен бірге қайталайды.
- Негізгі кезең
Күтпеген сәт. Қуыршақ, екі кәмпиттің макетін: үлкенірек –қызыл және кішірек –
жасыл.
Педагог бүгін балабақшаға қонаққа қуыршақ келгенін айтады. Онымен амандасуын
сұрайды. Қуыршақ екі кәмпитті (үлкенірек – қызыл және кішірек – жасыл) алып келгенің
көрсетіп, айтады.Кәмпиттердің көлемі және түсі бойынша айырмашылықтары бар екенін
айтады.
Фланелеграфта үлкен кәмпиттің үстіне кішкене кәмпитті және керісінше салып,
салыстырады.
Фланелеграфтпен жұмыс:үлкен және кішкентай заттар бейнеленген суреттер.
Фланелеграфтан үлкен және кішкентай заттар бейнеленген суреттерді көрсетеді.
Кірпі балалардан оның достарын табуды ұсынады.
– Суреттен нені көріп тұрсыңдар?
– Кірпілер бірдей ме?
– Олар қандай екен?
Сосын суреттегі қай түсті жапырақ үлкен, қай түсті жапырақ кішкентай екенін сұрайды.
Балалар жауабын айтады.
«Үлкен – кішкентай» ойыны(1-тапсырма.)
Педагог балаларға және қуыршаққа жұмбақ жасырады:
«Отқа қойсаң елпілдеп.
Быж-быж етіп тұншығар.
Тақиясы селкілдеп,
Танауынан су шығар».
– Балалар, жұмбақ не туралы?
(Шәйнек)
Балалардың назарын суреті салынған бірнеше шәйнекке аударады.
Педагог сұрақтар қояды:
– Шәйнектер бірдей ме, әлде әртүрлі ме?
– Олар қандай?
Педагог:
– Балалар, қолдарыңның үлкен саусағын (бас бармақ) үлкен шәйнекке, кішкентай
саусақтарыңды (шынашақ) кішкентай шәйнекке қойыңдар.
– Ал кеселер бірдей ме?
Педагог енді балалардан қолдарының үлкен саусағын үлкен кесеге, кішкентай
саусағынкішкентай кесеге қоюды сұрайды.
Педагог тапсырма береді: үлкен шәйнекті үлкен кесемен, ал кішкентай шәйнекті
кішкентай кесемен сызық арқылы қосуды тапсырады.
Жеке жұмыс жүргізеді.
Сөздік жұмыс: үлкен, кішкентай.
Билингвальды компонент: үлкен – большой, кішкентай – маленький.
Сергіту сәті: «Үлкен – кіші».
Педагог балаларға жаттығу жасап көрсетеді:
«Алдымен мен кішкентай боламын» деп, отырады.
«Содан кейін өсіп үлкен боламын» деп тұрып, қолын жоғары созады.
Ойын: «Тап та, ата». Жұмыс дәптеріндегі 2-тапсырма.
Педагог суретке қарап, суретші қай тәулік бөлігін бейнелегенін атауды сұрайды. Жауабын
дәлелдеуді өтінеді.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3.Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды.
–Балалар, сендер тәуліктің қандай бөліктерін білесіңдер?
Түскі ас кезінде педагог балаларға сорпаны үлкен қасықпен, ал компоттың
ішіндегіжемістерді кішкентай қасықпен жеу керектігін түсіндіреді.Текшелермен,
пирамидалармен, матрешкалармен ойнаған кезде балалардың назарын олардың көлеміне аударып отырады.