Жаңа әдіспен креативті сурет орындау(Арт-терапия)
Сабақтың тақырыбы:
Жаңа әдіспен креативті сурет орындау(Арт-терапия)
Дудлинг және Зентанг техникалары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қазіргі кездегі танымал әдістерді таныстыру
Дамытушылық: Жаңа сурет салу әдісі арқылы бейнелеу өнеріне қызықтыру, қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Әдемілікке , мәдениетке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың көрнекіліктері: Үлгі суреттер, А4 қағазы, қарандаш, фломастер
Үй тапсырмасын қайталау
Жаңа сабақ ; Бүгінгі таңда сурет салу техникалары күнделікті жаңаруда. Солардың бірі Дудлинг және Зентангл. Бұл қызықты сурет салу әдістері еркіндікті, шығармашылық талпынысты, ішкі энергияның шығуына мүмкіндік береді. Бұл техника жас.жасалуына орын таңдамайды.оны кез-келген жастағы бала немесе ересек адам кез-келген жерде отыра қалып орындай алады.
Дудлинг-(doodling) ағылшын тілінен аударғанда ойланбастан шыға салған үйлесімді суреттерді айтады. Сурет мүлде салмайтын адамдарда орындай алады. Мұндай суреттер қағаз бетіне шексіз салына береді.
Зентангл-(zentangle) техникасымен суретті орындаған кезде адам өзін суретші сияқты сезінеді, көңілінде ашу, ызы, реніш болса өрнектердің арқасында өзін жақсы сезініп көңіл –күйі сабырға түседі. Бұл методиканың авторлары Рик Робертсом және Мария Томас болып табылады.
Бұл суреттерді ақ қағаздың бетіне қара қарындышпен сызып түрлі фломастер, линер немесе гельді қаламмен орындау ыңғайлы. Абстрактылы суреттер орындауға болады. Сонымен қатар зентангл техникасы шығармашылық қабілетті дамытады, Дудлингке қарағанда зентангл әдісі суретшіні суретке зейін қоюға нақтылайды, Екі әдісте еске сақтау қабілетін дамытады.
Креативтілік деп-ағылшын тілінде (Creativity) шығармашылық деген мағына береді.
Қазіргі кезде адамдар компьютер, ұялы телефон және теледидар алдында көп уақыт өткізіп шаршайды. Яғни уақыттты құр босқа кетірмей жаңа хобби табуға болады.
Сабақ барысында жаңа сабақты түсіндіргенннен кейін мұғалім ой қиялынан сурет салып оны жаңа әдіс бойынша бояуға кіріседі. Барлық оқушыларға кіші топ болғандықтан дайын тақырып бойынша А4 форматта суреттер таратылады, Оқушылар мағынаны түсінгеннен кейін суретті бояуға кіріседі.
Сергіту сәті. «Іздерді қайтала» ойыны, түрлі бұрылыста қолмен аяқ іздері орналасқан жолақты қайталап өту.
Сабақты қорыту: Дудлинг деген не?
Зентанг деген не?
Олардың өзара айырмашылығы?
Үйге тапсырма беру дудлинг әдісімен 1 сурет салуға тапсыру
Бағалау; Суреттерден көрме ұйымдастырылады, баға қойылады.