Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру
Қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша ата-аналар мен оқушыларға арналған ұсыныстар
Қашықтан білім беру – оқу процесіне тән компоненттерді көрсететін және интернет-ресурстар мен ТВ-сабақтар арқылы қашықтан іске асырылатын мұғалім мен оқушылардың өзара іс-қимылы.
Білім алушылар:
- күн сайын сабақ кестесіне сәйкес ТВ-сабақтарының трансляциясын көреді;
- мұғалім ұсынған сілтеме немесе сәйкестендіру нөмірі мен паролі бойынша электронды платформаға кіреді;
- компьютер экраны терезеге қарсы орналаспауы керек;
- мұғалім жаңа материалды түсіндірген кезде микрофонды өшіру қажет;
- білім алушы қашықтан оқуға сабақ кестесіне сәйкес қатысады;
- күнделікті үй тапсырмаларын орта білім беру ұйымдары белгілеген қолжетімді байланыс құралдары арқылы өз бетінше орындайды;
- сынып жетекшісімен және пән мұғалімдерімен күнделікті байланыста болады;
- пән мұғалімі түсіндірмесінен кейін қатемен жұмыс жасайды;
- қолжетімді байланыс құралдары арқылы онлайн-сабақтардың кестесімен, тақырыптарымен, мазмұнымен танысады;
- күн сайын электронды күнделіктегі жеке кабинетіне, электронды пошта және басқа да байланыс жүйелері мен технологияларына оқу тапсырмаларын алып, өз бетінше зерделеу үшін кіреді;
- мұғалімнің талаптарына сәйкес сканерлеу (немесе фото) арқылы қолжетімді байланыс құралдарының (электронды күнделік, электронды пошта, Whatsapp чаттар және т.б.) көмегімен күнделікті орындалған тапсырмаларын ұсынады;
- оқу тапсырмаларын орындау барысында Академиялық адалдық ережелерін және өзін-өзі бақылау қағидаларын сақтайды;
- қосымша электрондық білім беру ресурстарын пайдаланады.
Білім алушылардың ата-аналарының
(заңды өкілдерінің) іс-әрекеті:
- оқу үшін жағдай жасайды;
- жұмыс кестесімен, сабақ кестесімен, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру процесімен танысады;
- білім алушылардың үй тапсырмаларын орындауын бақылауды жүзеге асырады;
сынып жетекшісімен және пән мұғалімдерімен байланыста