Болашаққа бағдар:қоғамдық сананы рухани жаңғырту
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультеті,жалпы тіл білімі және Еуропа тілдері кафедрасы,аударма ісі мамандығының 1курс студенттері,т.ғ.д профессор Қозыбақова Ф.А ғылыми жетекшілігімен, Төкен Ақбота Қайнарқызы
«Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы рухани жаңғырту».
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында 2017 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия құрылды. Үкімет Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру бойынша Іс-шаралар жоспарын дайындап, бекітті, өңірлік жоспарларды іске асыру бойынша Жол карталарын қалыптастырған бағдарламаларды басқарудың жобалық офистері құрылды, халықаралық тәжірибені ескере отырып Ұлттық аударма бюросының жұмысы ұйымдастырылды, жергілікті органдар үшінкөшпелі әдістемелік семинарлар ұйымдастырылды. Ұлттық комиссиямен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 6 бағытының іске асырылуы қамтамасыз етілді. Басты мақсат мемлекеттің және азаматтық қоғамның өзара іс- қимылының негізінде барша руханиятты жаңғырту болып табылады. Бұл орайда, елімізде 2014 жылдан бері қазақстандықтардың жоғары руханилығы мен мәдени ментальдығының бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыруға бағытталған Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасы іске асырылуда. Мәдениет руханияттың іргесі ажырағысыз құрылымы екені аян. Ал, кейінгі жылдары мәдениеттің ең негізгі өзегі рухани салада түбірлі жаңғырулар жүргізілген жоқ.
Мемлекет басшысының жоғары рухани дамуға қатысты сөзі дүниетанымдық саладағы жаңғыру бойынша қолданылған жаңаша ұғым. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, Президент жаңғырудың 6 бағытын белгілейді:
1. Бәсекеге қабілеттілік;
2. Прагматизм;
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;
4. Білімнің салтанат құруы;
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;
6. Сананың ашықтығы.
Бірінші бағыт – қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуі. Президент атап өткендей, бір жағынан – латыншаға көшудің терең тарихи логикасы бар, екінші жағынан – әлемде технология мен коммуникация дамуының заманауи ерекшеліктерін көрсетеді. Сондықтан да қазіргі латын графикасы жаңа технологиялармен, компьютермен, цифрландырумен байланыстырылады. Осыған байланысты 2017 жылы мемлекеттік органдар қазақ тілінің латын графикасындағы әліпбиін әзірлеп, бекітті.
Екінші бағыт – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық». Қазақ тіліне аударылатын кітаптарды іріктеп алумен айналысатын Жұмыс тобы құрылды. Оның құрамында ЖОО мен ҒЗИ ғалымдары және танымал саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері бар. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында оқулықтарды іріктеу бойынша Іс-қимыл жоспары жасалды.
Үшінші бағыт – «Туған жер». Бұл жобаның ерекшелігі – өңірлердің белсенді қатысуы, сонымен қатар, кәсіпкерлерді, меценаттарды және мүдделі азаматтарды тарту. Туған жерге, оның мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік арқылы көрсетілген патриотизм – ұлттық-генетикалық кодтың негізі. Жоба аясында 700-ден астам нақты жобалар іске асырылды, 320-дан аса жоба іске асырылып жатыр, бүкіл республика бойынша 150-ден астам жоба бастамаланды.
Төртінші бағыт – «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы». Бұл қоғамдағы ең танымал жобалардың біріне айналды.ҚР Ұлттық музейінің жанынан «Қасиетті Қазақстан» орталығы құрылды.Жалпыұлттық және өңірлік маңызы бар нысандардың тізімі жасалып, жалпыұлттық маңызы бар 183 нысан аныкталды.
«Сарайшык» сияқты 3 республикалық музей-қорықтары жасалуда. Бүгінде Қазақстанның киелі нысандары туралы 4 фильм өндірісте, олар БҰҰ-ның 5 тілінде дубляжданатын болады. «Күлтегін» ғылыми-танымдық деректі фильмін түсіру бойынша National Geographic, Viasat History, Discovery арналарымен бірлескен жоба іске қосылды.
Бесінші бағыт – «Жаһандағы қазақстандық мәдениет». Жоба қазақстандық мәдениетті шетелде танымал ету бойынша жүйелі жұмыстар құруға бағытталған. Бұл ретте, заманауи мәдениетті сыртқы болмысы бойынша да, ішкі мазмұны бойынша да ілгерілетуге басымдық жасалады. 2017 жыл бойы заманауи отандық мәдениетті шетелде ақпараттық ілгерілету және танымал ету бойынша кешенді іс-шаралар атқарылды.
Алтыншы бағыт – «Қазақстандағы 100 жаңа есім», бұл 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шын мәніндегі визиттік карточкасына айналды. Бұл жоба түрлі саланың көрнекті тұлғаларын бүкіл Қазақстанға таныстырды. Бұлар Тәуелсіздік жылдарында табысқа жетіп, ел мойындаған әншілер, композиторлар, спортшылар, ғалымдар, журналистер және басқа да өз ісінің хас шеберлері. 2017 жылғы 7 маусымда «100esim.el.kz» арнайы жобасы ашылды.
Қазақстан тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жаңа тарихи кезеңге тән қатерлер мен тәуекелдерге жан-жақты баға бере отырып, рухани жаңғыру арқылы болашаққа деген өзінің терең көзқарасын білдірді.Сондықтан, Мемлекет басшысы атап өткендей, еліміздің әрбір азаматы бүкіл қоғам, саяси партиялар мен қозғалыстар, барша мемлекеттік органдар ағымдағы жағдайға талдау жасап, біздің қай жерде тұрғанымызды анықтап, әрбіріміздің не істеу керектігімізді жете ұғынуы керек.
Біз біртұтас ұлы ұлттың перзенті екенімізді мақтан тұтуға тиіспіз. Біздің жолымыз айқын: Жаңару арқылы жарқын болашаққа жетейік!